Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 6225
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2010, 14:50
26-12-2010, 14:50

басшы ағайға

Категория: Аралас » Бастыққа

Сіз сияқты бастық болса сенімді,

Бұлт баспайды мөлдіреген көгіңді.

Сіз бар кезде бізге тыныш, рахат,

Сіз отырған жерде бізге көңілді.

 

Ұжым болып құттықтаймыз бүгін біз,

Құтты болсын төл мереке күніңіз.

Бәрімізге ақыл-кеңес беретін,

Ұжымымыздың ұйтқысы боп жүріңіз!


Ұжымға Сіз тәрізді қамқор керек,
Сондықтан жақсы қыздар жиналды көп.
Тілектер айттық Сізге ұнасын деп,
Осылай көңілді жүр мұңайма тек.

Өзің ғой көпшілікке сән берген де
Дүниеде Сізге басшы тең келген бе?
Қоғамда Сіз бастаған көш алдында,
Қашанда табыламыз біз жаныңда.

*******
Информация к новости
  • Просмотров: 3609
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2010, 14:47
26-12-2010, 14:47

Басшы апайымызға

Категория: Аралас » Бастыққа

Ұжымым деп бәйек болып жүресіз,

Татулыққа, ырзалыққа дәйек болып жүресіз.

Жұмысымыз оңға басса, көтеріліп көңіліңіз,

Бал-бұл жайнап, шаттанып бір күлесіз!

 

Сіз тұрғанда қамқоршы деп білеміз,

Көшбасшыға алаңдамай ереміз.

Аналық та, даналық та бойында

Басшымызға өзгелердің қызығарын білеміз.

 

Отбасында ата-анаға кіші қыз да өзіңіз,

Оттың басын ұйытатын анасы да өзіңіз.

Отағасы ата, Сіз ене боп атанып,

Құдалардың ортасында мерейленіп жүресіз.

 

Туған күнге құтты болсын айтамыз,

Тойды тойлап шат көңілмен қайтамыз.

Жасқа жастың қосылған жақсы ғой,

Тілегіміз қабыл болсын айтамыз!

*******

Информация к новости
  • Просмотров: 4353
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2010, 12:54
26-12-2010, 12:54

Заңгер басшыға

Категория: Аралас » Бастыққа

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары басқару органдарында жауапты қызметтер атқардыңыз, тәуелсіз Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты басшылығының құрамында еліміздің сот жүйесінің қалыптасып, нығаюына көп еңбек сіңірдіңіз. Сондай-ақ ............ мәртебелі қызметтерінде де күрделі істердің әділ шешілуі, соттардың беделі, судьялардың абыройы, тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. 

Қадірлі Тілектес Сейпіұлы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың игілігі , адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.

**************

Информация к новости
  • Просмотров: 6162
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2010, 12:40
26-12-2010, 12:40

ғалым ұстаз, басшы, қайраткер апайымызға

Категория: Аралас » Бастыққа

Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.

Ол еңбеккер, жәй еңбеккер емес, қайраткер, оқымысты ғалым, ұстаз. Әрі осының бәріне үйдің де, түздің де шаруасын қатар тындырып, үлгеріп жүрген қоғамның белсенді қайраткері. Күрделі жұмысымен қатар, ғылыммен айналысуға да уақыт тауып, кандидаттық қорғап алды. Оның білімі жоғары бағаланып, үнемі басшылық жұмыстар тапсырылып келеді. Және оны абыроймен атқарып жүргенін бәріміз білеміз. Осы орайда оның басшы ұстаз, ғалым ұстаз қасиеті көзге түседі. Ортасына сыйлы. Адамның бақыты деген сірә осындай еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралатын болса керек. Адамда арман көп, таусылмайды, оның да арманы көп болар, бірақ ол бақыттымын деп толық айта алады деп ойлаймын.

Біздің тілегіміз, төңірегіңе шашқан адамгершілік нұрың ортаймасын. Қашанда қадірлісіз. Өзіңізге де, үлкен апамызға да зор денсаулық, амандық тілейміз.  

*****************    

Информация к новости
  • Просмотров: 4680
  • Автор: janar
  • Дата: 6-12-2010, 17:06
6-12-2010, 17:06

қазан айында 50 жасқа толған басшы апайға

Категория: Аралас » Бастыққа

  Жер-Ана алтын түске малынғанда,

   Ақ қайың шықтан моншақ тағынғанда,

   Туыпсыз бақыт сыйлап отбасына,

   Түстікке жыл құстары ағылғанда!

 

   Басталып алтын күзден өміріңіз,

   Келеді кір шалмастан көңіліңіз.

   Қадірлі  анаңыздай ұлағатты

   Сапынан ұстаз-басшы көрініңіз!

 

   Шығатын асу-шыңдар әлі алда,

   Мәңгілік тіршіліктің мәні барда.

   Толағай табыс-жеңіс тілейміз біз

   Егемен еліміздің сәні алда!

 

   Ұл-қызыңыз – ол Сіздің қос қанатыңыз,

   Аналық таусылмасын тағатыңыз.

   Жарыстан өмір деген озып келсін,

   Бәйгенің тұлпарындай жаратыңыз!

 

   Алтын күз жыл айналып келе берсін,

   Бейбіт күн, жақсылығы ере келсін!

   …………… …………қызы, өзіңізге

   Бақытын әр жасыңыз бере берсін!

 

****************

Информация к новости
  • Просмотров: 8647
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:16
5-12-2010, 18:16

басшыларға

Категория: Аралас » Бастыққа

Туған күніңіз құтты болсын!

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған кәсіпорын ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады. 

Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай,

әлі де талай асулардан аса беріңіз!

 

********************

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Күн санап көркейіп, ғаламдық өркениетке құлаш ұрған

Елордамыз – Астананың қазіргі заманғы талабына

кәсіптік деңгейіңіз де, мамандық шеберлігіңіз де сай болғандықтан,

ірі мекемені абыроймен басқарып келесіз.

Тынымсыз еңбек етіп, нақты істер атқарып жүрген өзіңіздей білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін дей отырып,

осы айтулы сәтте Сізге ақ көңілден ақтарылған ізгі ниетімізді жолдаймыз. Таусылмас төзім мен сарқылмас сезімді серік етіп,

мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыз ортасында

баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.

 

***********************************

 Сізді 45-жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз көп жылдан бері ..................... саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік  қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады.  Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

 ****************************

 

^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes