» » » Зейнеп Ахметова Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен
Информация к новости
  • Просмотров: 11149
  • Автор: janar
  • Дата: 9-09-2011, 09:30
9-09-2011, 09:30

Зейнеп Ахметова Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен

Категория: Салт-дәстүрлер » Салт-дәстүрлер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Қазақтың салты Печать
Зейнеп АХМЕТОВА: Ұлттық сананы оятпай, құр мақтанудың қажеті жоқ... 


Осы күні баспасөз беттерінде әйелдердің түрлі аурулары жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Әйелдерде кездесетін қатерлі ісіктің көбейіп әрі «жасарып» кеткені жайлы да жиі айтылып келеді. Дерттің асқынып, белең алғаны сонша, мұның соңы қайғылы оқиғаға ұласып жатыр. Бұл жағдай бүгінде әйелдер дәрігерлерін де қатты алаңдатып отыр. Сондықтан кез келген әйелдер консультациясында дәрігерлік кеңестер беріліп, қатерлі ісіктің алдын алу шаралары жайлы жазылған кішкентай кітапшалар таратылады. Ал ешқандай медицинасы дамымаған қазақ даласында өмір сүрген қазақ келіндері әйелдерде кездесетін түрлі аурулардан қалай сақтанды? Қазақ жас босанған ананың күтіміне не себепті соншалықты мән берген? Бұл туралы Зейнеп апай былай дейді...

НЕЛІКТЕН ЖАС БОСАНҒАН АНАНЫ ҚЫРЫҚ КҮН КҮТКЕН? 
Қырық күнді қазақтар бекерден-бекер ерекшелемейді. Себебі қырық күн - сәби үшін де, анасы үшін де қауіпті әрі қатерлі кезең. Қырқынан шықпаған бала жердің баласы емес деп есептелінген. Анықтап қарасаңыз, қырқынан шықпаған баланың көзі біртүрлі тұманданып әрі қайда қарап тұрғаны белгісіз секілді, көзін аударып-төңкеріп тұрады. Ал қырқынан шығарған соң оның көзі жылтырап, кәдімгідей жан-жағына көз тоқтатып қарайды, көзінде от пайда болады. Қазақ қырқынан шықпаған баланы ешқайда шығармаған. Адам дүниеден өткенде де қырқын береді. «Ғайып ерен, қырық шілтен», «қырық жетіні» қырқа матап бердім» деген сөздер де тілімізде кездеседі, яғни қырық санының біздің өмірімізде алар орны ерекше болғандығын осындай мысалдардан білеміз... 
Жас босанған келінін көргенді ене қырық күн бойы күткен. Әсіресе, тұңғыш баласын өмірге әкелген ананы ерекше қамқорлыққа алады. Сәбидің дені сау болып өсуі осы жас ананы қырық күн мәпелеп күтумен тікелей байланысты. Біріншіден, жас босанған ананың омырауын суық тиюден сақтаған әрі жүн шәлімен байлап, барынша жылы ұстаған. Бүгінде төс ауруларының көбейіп кеткенінің бір ұшы дұрыс күтінбегендікте жатыр. Дүниеге сәби әкелген ананың өн бойы балбырап, бүткіл буыны босап, он екі мүшесінде өзгеріс болады, сондықтан оған суықты жолатпай, жылы ұстаған. Өйткені иммунитеті әлсірегендіктен, ол сыртқы әсерді оп-оңай қабылдайды. Сондықтан жас келіннің күш-қайраты орнына келгенше денсаулығына көп көңіл бөлген. Қырық күн бойы қалжаның етін жегізіп, сорпасын ішкізген. Өкініштісі, қазір перзентханаларда жас босанған келіндеріміздің күтіміне мән беріле бермейді. Енелері сорпа-суын үйден дайындап апарады, перзентханаларда қалжа жегізіп, сорпа ішкізгеннің орнына түрлі ботқалар беріледі. Мен үнемі айтып жүремін, тағы айтып өтсем артық болмас, тәуелсіздігімізге қолымыз жетіп, егемен ел болып жатқан гүлденген Қазақстанымызда сәбидің кіндігін кіндік шеше кесетін, жас ана босана сала қалжа жегізетін ұлттық перзентхана неге ашпасқа?! Кеңес Одағының кезінде, тіпті бертінге дейін жаңа ғана босанған аналардың ішіне «қан тоқтату үшін» деген желеумен кесек-кесек мұзды қойған. Осыдан-ақ жас босанған ана өмірінің соңына дейін жетерлік ауру тапқаны жасырын емес. Он екі мүшесі балбырап, жаңа ғана өмірге перзент әкеп жатқан ананы жылы орап, сорпалап терлетудің орнына, тастай мұзды ішіне басқан. Жас босанған анаға, керісінше, суықты жолатпаған. Бұл күнде, неге екенін, сол кесек мұзды «бұлар көбеймесін» деген мақсатпен қойды ма екен?..» деп те ойлаймын. Бүгінде Құдайға шүкір, ондай нәрседен перзентханаларымыз арылды. Негізі, әйелдің босанғаннан кейінгі іштегі қатқан қаны мен артық тұзы, «жел-құзы» терлеу арқылы термен бірге шығады. «Тері қатып қалыпты» деп жатады кейбір келіндердің бетіндегі қарала-торала дақты көрген әжелеріміз. Бұрын қырық күн бойы жас босанған ананың қолын суық суға салғызбаған. «Тіске суық тиеді», «тісі түсіп қалады» деп суық су, салқын сусын ішкізбеген. Сол сияқты даладағы тірлікке араластырмаған. Келін аман-есен босанған соң енесі мықты әрі жұмсақ матамен белін мықтап байлап тастаған. Сол арқылы тоғыз ай бойы керілген құрсақтың қайта қалпына түсуіне мән берген, әрі бүйректі суық тиюден сақтаған. Қазақ әйелдері 7-8 перзентті дүниеге келтірсе де, құлын мүшесінің бұзылмай, дене сымбатының сақталуының сыры да осында. Келіннің аяғына жылы шұлық, бұрынырақта тіпті арнайы тізеқап кигізіп қоятын болған. Осындай күтім арқылы әйелдің буын ауруларына шалдықпауын ойлап, алдын алған. Тіпті шаш түспеуінің алдын алып, келіннің шашын тастай қатты ғып өріп тастайтын болған. Тағы бір аса мән берген нәрсе - босанған ананың бетіндегі даққа қатысты. «Бөпең әбден тойып болған соң, соңғы қалған сүтіңмен бетіңді сүрт» деп келіннің бетінде дақ қалмауын да ойлаған. Босанған ананың бір түлеп, жасарып, сұлулана түсуіне, біріншіден, қалжаның пайдасы тисе, екіншіден, баласынан қалған сүтті бетіне жаққанының әсері мол болған. Осының барлығы - түптеп келгенде, өмірге жаңа келген перзент үшін жасалатын қамқорлық. Ананың дені сау, күш-қуаты мол болса, бала да дені сау болып, аман-есен жетіледі. Әсіресе, тұңғыш баласын босанған ананы қырық күнге дейін қол-аяғын қимылдатпай күтсе, келесі балаларында жөн-жосықты өзі-ақ білетін болады. Тұла бойы тұңғышын дүниеге әкелерде жас анаға барлығы жұмбақ, тылсым құпиясы мен қорқынышы басым болатындықтан, оның әрбір қадамына енесі, кіндік шеше мен абысын-ажындары үлгі-өнеге көрсетіп отырған. 
Ел аузындағы әңгімелерде айтылатын «тезек теріп, далада жалғыз жүріп босанып қалып, баласының кіндігін тісімен қиятын» аналар - осындай күтімді көрген, денсаулықтары мықты біздің қазақ әйелдері. Ендеше, біздің әжелеріміздің кемеңгерлігінің арқасында келіндеріміз дүниеге он шақты бала әкелген. Және ешқашан сымбатын жоғалтпаған, бүгінгідей әйелдерде кездесетін түрлі аурулар да олардан аулақ болған... 

КІНДІК ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? 
Бұл күнде қыздарымыздың белдері ашық-шашық жүреді. Бүйректеріне суық тиетініне, бүйректің суықты бірден қабылдайтын өте нәзік әрі сезімтал мүше екенін білмейді. Кіндікті көрсетіп жүргенді сән көріп жүрген қаракөз қыздарымыз жетерлік. Ал біздің қазақ кіндікті өте қасиетті деп санаған. Бұрын ұл баланың жолдасын - алты қырды асырып, ал кіндігін табалдырықтың астына көмген. Әжелеріміздің «табалдырықты баспа» дейтіндері сондықтан. Ұл - шаңырақтың иесі, елін-жерін қорғайтын ертеңгі азамат, болашақ жауынгер әрі түздің адамы. Ал қыз баланың жолдасын да, кіндігін де оттың басына көмген. Олай болатыны, ол - қай жерге бармасын, қазан-ошаққа ие болар болашақ келін, ұрпақ өрбітетін болашақ ана. «Оттың басына түкірме» дейтін тыйымның мәні осында жатыр. Жетпіс жыл бойы біздің кіндігімізді кім кеспеді, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да бізге белгісіз. Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой... Кім біледі... Былай қарасаң, кіндік - соншама қадірлеп әрі дәстүрлеп көметіндей емес, тырнақтай тері. Бірақ ата-бабаларымыз кіндікке соншама мән беріп, қасиетін бағалағандықтан да жаужүрек ұлдары, үлкеннің алдынан кесіп өтпеген ибалы келіндері болды. Ата-бабамыздан бізге осыншама кең-байтақ жер қалуының бір сыры осында жатса керек. «Кіндік қаны тамған жер» деп те айтып жатамыз... Қалай десек те, бұл негізсіз емес. Бұл күндері, Құдайға тәубе, баланың кіндігі түспей жатып үйге шығарып жібереді. Белгілі себептермен перзентханада ұзағырақ жатып қалса, кіндікті сұрап алып, адам аяғы баспайтын ағаштың түбіне көміп тастайтын отбасылар қатары көбейіп келеді. 
Бірақ бір өкіндіретін жайт - дұрыстап түсіндірілмейтіндіктен, белін жалаңаштап, кіндікті көрсетіп жүретін қыздарымыздың қатары көбейгендігі. Бұл қыздарымыз өз денсаулықтарына үлкен зиян келтіріп жүргенін білмейді, жете түсінгісі де келмейді. Бұрындары жігіттерге қыздардың қолынан ұстау арман болса, бұл күнде керісінше, құпия қалмай бара жатыр. «Қытығы кетеді» деп ұяттың жоғалатынын ескеріп, қолын беріп амандаспаған қазақтың қылықты қызы бүгінде кіндік көрсетіп жүруге ұялмайтын болды. Бұған қазақ қызының ұяты деп қана емес, бүкіл бір ұлттың болашағы деп қарайтын кез келді. Ұлттық намысты, қазақ қызының санасын оятатын кез жетті... 

Әңгімелескен 
Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Балзия

11 января 2012 10:20

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Айтып отырған сөздеріңізге толықтай қосыламын.Мен екі қыздың анасы болсам да енеммен бірге тұрсам да қалжа жеп кормеппін. Кырық күн күтіну дегенді де білмеппін.Дәл қазіргі заманға керек кеңестер екен.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes