» » » Бала кіндік шешесіне неге тартады?
Информация к новости
  • Просмотров: 11925
  • Автор: janar
  • Дата: 9-09-2011, 09:35
9-09-2011, 09:35

Бала кіндік шешесіне неге тартады?

Категория: Салт-дәстүрлер, Балаға қатысты салт-дәстүрлер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Бала кіндік шешесіне неге тартады? 

Қазақ дейтін халықтың тарихы мен үлгі-өнегесі ұшан-теңіз, інжу-маржан секілді. Біздің халықтың әрбір кішкентай ырымы мен тыйымының астарында үлкен мән-мағына жатыр. Кез келген жөн-жоралғы жайдан-жай жасалмайды. Ғасырлардан бері жасап келе жатқан тектік қасиет деген тағы бар. Тектік қасиет ұлттық қасиетпен бірге өріліп, бірімен-бірі сабақтасып жатады екен. Оған дәлел - осы айдардың тұрақты кейіпкері Зейнеп Ахметованың әңгімесі...

«АҚҚОЛДЫ АНА» ДЕГЕН КІМ? 
Бұрынырақта қазақ ауылдарында келінді босандырып алатын қолы епті әрі шипалы, есімдері ел аузына ілінген апалар болған. Ауыл адамдары оларды «ақжарқын ана», «аққолды ана» деп құрметтеген. Олай болатыны, кей жағдайда бала теріс келіп, жас ана босана алмай, қиналып қалатын сәттер болады. Сондай қауіпті алдын ала біле қойған сезімталдығы үшін әрі ондай қысылтаяң шақтан ананы да, сәбиді де аман алып қалғаны үшін ондай апаларды «аққолды ана» деп атаған. Қолы епті «аққолды аналар» бала дұрыс келмеген жағдайда қойдың жақсылап жуылған ұлтабарын қолына киіп, теріс келген баланы оңына келтіріп, келінді солай босандырып алған. Бір таңданарлығы, ұлтабар - жаңадан сойылған қойдікі әрі жасанды зат емес, «табиғи қолғап» болғандықтан, анаға да, балаға да зияны тимеген. Біздің халықтың кемеңгерлігінің бір ұшы осындай көп білетіндігінде жатса керек... «Аққолды аналарымыздың» көрегендігі, даналығы сол - толғатып жатқан келіннің аузына тары салған екен. Белі үзіліп кетердей бебеулеп, ащы толғақтан әлсіреген келінге тары әрі нәр береді, әрі тарыны қышырлатып шайнау арқылы жақтың қарысып қалуынан сақтаған. Тарыны құшырланып шайнаған келін дауысын шығарып айғайлай да алмаған, ал айғайлап-ойбайламаған адамның күш-қуаты да кемімейді. Бұл бір жағынан, дәтке қуат болса, екінші жағынан тыста жақсылық күтіп жүргендерді үрейлендірмеудің амалы деп білген. Міне, осының өзінде ғана қаншама тәрбие жатыр. 
Бір қызығы, «ақ қолды ана», «ақжарқын ана» атанған ол кісілер ешқашан кіндік шеше болуға таласпаған. Олар тек қана өздерінің міндеттерін атқарған. Ана мен баланың жағдайының жақсы болуын, сәбидің аман-есен дүниеге келуін, сонымен қатар туытпен бірге болатын әртүрлі анау-мынау қауіп-қатерлердің болмауын, тіпті босанғаннан кейінгі күтіну жолдарын осы «аққолды аналар» қадағалап, ем-домын жасап, жас анаға ақыл-кеңестерін айтып отырған. «Аққолды» аналар - бүгінгі тілмен айтқанда, әйелдер дәрігері, яғни баланың өмірге аман келуіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын адамдар. 

«ЖАРЫС ҚАЗАН» ДЕГЕН ҚАЙДАН ШЫҚҚАН? 
Ертеректе перзентхана болмағандықтан, әйелдердің үйде босанғаны белгілі. Келін толғатқан заматта әйелдер қазанға ас салған. «Қазан қайнағанша бала дүниеге келсін», «толғағы жеңіл болсын» деп қазан менен толғақты жарыстырған. «Қазан қайнағанша аман-есен босанып қалсын» деген тілек жатыр мұның астарында. Бір жағынан, жаңадан босанған ананың сорпа-суы, әрі қуанышқа жиналғандарға дайындалған ас деп қарауға болады. «Жарыс қазан» деген дәстүр осыдан шықса керек... 
Тіліміздегі «қол-аяғын аман-есен бауырына алды», «аман-есен жеңілденді» деген сөздер келіннің дүниеге перзент әкелгеніне қатысты айтылған. Қазақ еш уақытта «туды» деп айтпаған. Бұл сөз аңға, малға, жан-жануарға қатысты айтылады. Жақсылық хабарды жеткізушілер «атұстар», «құрықұстар келді» деп - ұл баланың, «шай қайнатарың келді, үкіңді дайында» деп қыз баланың дүниеге келгенін жеткізіп, бір-бірінен сүйінші сұрасқан. Осыдан-ақ әрбір сөздің айтылатын жері болатынын әрі қазақ халқының тектілігін аңғаруға болады. 
КІНДІК ШЕШЕНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ 
Қазақ халқында кіндік шеше ерекше орны бар өте қадірлі тұлға деуге болады. Баланың өзінің туған анасынан кейінгі ардақтап құрметпен қарайтұғын анасы - осы кіндік шеше. Келіннің бойына алғаш бала бітіп, «ақ алғысты» болып, жерік болып жүрген кезінен бастап, енелері балаға кіндік шешені іздеп, іштей таңдай бастаған екен. Ол аралықта «мен болайын» деп қолқа салушылар да көбейеді. Солардың арасынан енелер болашақ кіндік шешені өздері таңдаған. «Ой, ана пәленшенің мінезі биязы, өзі үнемі жайдары жүреді», «түгеншенің қолының ісмерлігі бар» деп келіншектердің жақсы қасиеттерін жинақтай келе, кіндік шеше алдын ала белгіленеді. «Болашақ немереміздің кіндік шешесі өзің бол, ниетіңе жет» деп келіннің енесі қолқасын айтқаннан кейін кіндік шеше келінге қамқор болады. Ол аяғы ауыр болашақ анаға бойын күтуді, жүріп-тұруды, тіпті қалай тамақтану керектігіне дейін - барлығын үйретіп, іште жатқан шарананың өзіне әу бастан-ақ осылай қамқорлығын жасаған. Арасында үйдің тірлігіне де келіп көмектесіп жүрген. Бұрынғы кіндік шешелер келіннің босанатын күнін міндетті түрде білген. Өйткені «ай толғақ», «апта толғақ» деген сияқты босанғанға дейін болатын толғақтардың әр күнін санап, келіннің қай кезде босанатынын алдын ала болжап білген. 
Кеңес өкіметінің кезінде туылған балалардың барлығы деуге болады, өзінің кіндік шешесін білмеген. Өз алдымызға дербес мемлекет болмай тұрған жетпіс жылдың ішінде қазақ баласының кіндігін кім кеспеді дейсің... Қазақ «бала кіндік шешеге тартады» деп бекер айтпайды. Өйткені жаңадан шыр етіп жарық дүниеге келген баланың тірі тәнін қолымен ұстап тұрып, кіндігін кесу арқылы әрбір адамның бойында болатын биоөріс пен адам бойындағы қасиеттер белгілі бір мөлшерде балаға беріледі. Бала да бірден қабылдайды оны. Сондықтан баланың ата-анасына, ата-әжесіне тартпаған кейбір мінездері міндетті түрде кіндік шешесіне тартады. Кіндік шешені ардақтап, қадірлейтіні де, оған үлкен мән беретіні де сондықтан. «Ой, ол пәленшенің кіндік баласы ғой, әне, мінезі аумай қалған» дегенді естіп жататынымыз сол себепті. Біздің қазақ халқының психологиясының, мінез-құлқының өзгергені, кәдімгідей басқа жаққа қарай ауыңқырап кеткені осы жетпіс жыл бойы кіндігімізді кім көрінгеннің кескендігінде жатыр ма деп те ойлаймын кейде. Бұл негізсіз емес. Өз басым, баламның кіндік шешесінің кім екенін білмеймін. Сонау 1968 жылдары перзентханаларда қазақ дәрігерлері, қазақ медбикелері бірлі-жарым ғана болатын. Әсіресе, Алматыда. Перзентханаларда көбінде кілең басқа ұлттың өкілдері істеді. Қазір бір қуанарлығы, аналар өз баласының кіндігін кім кескенін біліп жатады. «Баламның кіндігін кескен адам» деп сый-сияпатын да жасап жатқанын көріп жүрміз. Бірақ олар - дәрігерлер, олар жас аналарды өздері босандырып, кіндігін өздері кесіп жатыр. Осы орайда «неге ұлттық перзентхана ашпасқа?» деген ой мені жиі мазалайды. Ата-аналар өздері қалаған, өздерінің көңілдерінен шыққан, алдын ала сайлап қойған адамын перзентханаға апарып, арнайы медициналық бетперде мен халат кигізіп, неге кіндік кескізбеске, дәрігермен бірге жас босанған ананың жанында болмасқа?! Дәрігер өзінің міндетін атқарса, ал кіндік шеше баланың кіндігін кессе... Кейбір дәрігерлер «олай етуге рұқсат жоқ, бала босанатын жерге бөтен адамды кіргізуге болмайды» деп жатады. Ал енді кейінгі кезде әйелі босанып жатқан жерге күйеулері камерамен кіретұғын бір «мода» шықты. Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің, «былай тұрыңызшы, түсіріп алайын» деп гинеколог дәрігер мен акушерлерді былай ысырып жүретін сорақы жағдайлар кездеседі. Сонда олар қалай кіріп жүр? Қалай кіргізеді оларды? «Бір аяғы - көрде, бір аяғы - жерде», адамнан адам шығып жатқан қауіпті сәтте күйеулері сол жерде жүреді. Жасыратын ештеңе жоқ, бұл - талай перзентханаларда болып жатқан нәрсе. Олай болса, неге кіндік шешені де кіргізбеске? 
Дәрігерлерге мың да бір рақмет, ана мен баланың өміріне жауап беріп, олардың денсаулықтарының қауіпсіздігін мойнына алып жүр. Олар өз міндеттерін атқарып жатыр, ал кіндік шешелік парыз мүлде басқа ғой. Бүгінде өзін босандырып алған дәрігерді «кіндік шеше» деп қабылдап жүр, ол да - дұрыс. Бастысы, баласының кіндік шешесін біліп жатыр. Көп жағдайда баланың кіндігін кескен адам басқа болғанымен, мына жақтан ата-ене сайлаған кіндік шешесі гүлін көтеріп, перзентханадан кіндік баласын шығарып алып та жатады. Шындап келгенде, бұл көзбояушылық емес пе... Ырым етіп, ниет қылғаны жақсы шығар, бірақ шынайы болғанға не жетсін?! Кіндігін кеспей, сырттай сайланған кіндік шешелер баланың тәрбиесіне қандай қолғабыс беріп жатыр? Ешқандай. Ары кетсе, жылына бір рет баланың туған күнінде сыйлықтарын әкеледі. Ара-арасында ойыншығын көтеріп келетіні болмаса, бәлендей жауапкершілікті сезінбейді. Ал бұрынғы кіндік шешелер баланың тәрбиесіне көп күш салған. Жас ана қол-аяғын бауырына алғанша, әбден үйренгенше баланы суға шомылдыру, керіп-созу, күту - соның барлығын енесінен бұрын кіндік шеше мойнына алып, өзі үйреткен. Балаға қатысты өткізілетін қырқынан шығарудан үйлену тойына дейінгі барлық игі шаралардың басы-қасында кіндік шеше ең бір қадірлі тұлға болған. Баланың ата-анасымен қатар, кіндік шешеге көрсетілер құрметтің орны бөлек. Қыз алысып, құдандалы болып жатқанда да, ата-анасымен аты бірге аталып, кіндік шешеге төрден орын берілген. Кейін бала да ержеткенде «кіндік ананың парызы» деп парызын өтеп жүретін болған. Қазақ кіндік шешені осылай қастерлеген, дәріптеген... 

НЕМЕРЕЛЕРІМНІҢ КІНДІК ШЕШЕСІ ЖАЙЫНДА... 
Кеңес өкіметі кезінде «кіндік шеше» деген сөздің өзі жоғалып кетті. Бала тәрбиесінде кіндік шешенің рөлін қайтадан қазақи қалпына келтіру үшін дәрігерлер де баланың кіндігін өзінің сайланған кіндік шешесіне кескізуге рұқсат етулері керек деп ойлаймын. Өз басыма келсем, кіндік шешені өзім апарсам деп дәрігерден рұқсат сұрамақ болып, перзентханаға барғанмын. Бұл 90-жылдардың ортасы болатын. Мұнда келген кезде менің көзіме сол перзентхананың бір дәрігері жарқ етіп көрінді. Олай дейтінім, өзінен керемет бір шуақ тарағандай әсерде болдым. Үнемі аналардың сәби әкелуіне қолғабысы тиіп, ылғи жаңа туған баланы қолына ұстап, таза энергиямен қуаттанғандықтан ба, маңдайы жарқырап, көзі жайнап тұр екен. Содан сол келіншекке: «Айналайын, менде бар-жоғы - бір тал бала, бір келін. Алғашқы немеремнің келуін күтіп жүрмін. Сен бізге кіндік шеше болып, келінімді қамқорлығыңа ал» деп өтіндім. Сонда ол қатты толқыды. «Апа, мен мұндай шаңырақтың келініне қамқор болып, аман-есен босандырсам, соның өзі мен үшін үлкен мәртебе болар еді...» деді. «Мен кіндік шешені өзім таңдаймын, соған рұқсат ет» деп айтпақ болып барғанмен, Ұлтай Дауылбекқызы атты жүзінен мейірім төгілген сол дәрігер келіншек немереміздің кіндік шешесі болды. Кейінгі немереміздің де кіндік шешесі - сол Ұлтай. Ол әншейін кіндік шеше ғана болып қойған жоқ, өзі біздің үйдің қызындай болып кетті, бізді «аға-тәтелеп» жаны қалмай сыйлап жүреді. Біз де оны аялаймыз. Бұл бұрынғы қазақи қарым-қатынасқа ұқсас деуге болады. Ол өзінің кіндік балаларын үнемі көріп тұрады. Денсаулықтарын қадағалап, олардың титтей қуаныштарының өзіне ортақтасып, үнемі келіп-кетіп жүреді. Балам мен келінім де «Ұлтай мамамыз» деп құрақ ұшып жатады. Біздің халық үшін сыйластықтан асқан сый да, дәреже де жоқ. Мұндай сый-құрметтің бастауы өзіміздің ұлтымызға тән қазақы болмысымыздан, ықылас пен пейілімізден басталып, осылай нәр алатын болса керек... 

Дайындаған 
Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Жансая

5 августа 2012 07:05

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
киндик шешеге, жалпы айтканда осы бир керемет аналарга арналган олен жолдары немесе туган кун тилектери бар ма екен??????? алдын ала рахмет)))))))))))
<
Гүлдана

1 июля 2012 12:13

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Расында да айтуыңыз өте орынды, Мысалға жақында мені кіндік шеше қылып сайлап жатыр. Ал мен міндеттерімді интернет арқылы білуден басқа амалым қалмады, өйткені әркімнің айтатыны әр түрлі. Кіндік шешенің міндеті мен маңызы жөнінен көпшілік журдай. Алтын мағлұматтарыңызға мың алғыс.
<
Балзия

11 января 2012 10:05

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
кіндік шеше туралы алғаш рет кең мағлұмат алып отырмын.анда-санда болмаса ести де бермейді екенмін.керекті кеңестерімді толықтай алдым десем де болады,сол үшін де сіздерге алғыс айтамын!

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^