Информация к новости
  • Просмотров: 17779
  • Автор: janar
  • Дата: 3-02-2011, 20:57
  • 0
3-02-2011, 20:57

70 жасқа тілек

Категория: Туған күнге тілектер » Аталық (61-73)

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

70 жасқа

Жақсылардың шапағаты жетелейді,

Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.

Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,

Онша-мұнша қателерді елемейді.

 

Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,

Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.

Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,

Үмітімді ағалардан мен үзбейін.

Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,

Тербеледі толқындай боп бақ талабым.

Жүрегімнің түкпірінде оянады

Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.

 

Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,

Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.

Сіз секілді аға болса – біздей іні

Алаңдамай қарайды ғой алдарына.

*********

Сыр шертіп заман мен

Көктем жайлы, қыс жайлы

Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.

Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,

Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.

 

Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,

Тұрған шағы саралап

өткен жолын қайта кеп.

Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,

Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!

 

Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,

Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.

Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар

Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!

 

Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы,

Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.

Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп

Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!

***************

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
слушаш

6 апреля 2013 00:31

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
на учителя юбиляра 70 лет не могу найти пожелания
<
janar

10 января 2013 04:38

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
үлгі тұтар ұрпақтар өткеніңді
Теміржолда өткізген көктеміңді.
Тәубе етіп тойлаймыз міне, бүгін,
Аман-есен жетпіске жеткеніңді.

Ортамызда жүргенің бізге нәсіп,
Қамқор болмас еш адам Сізден асып,
Соңыңнан ұрпақтарың қаптай өріп,
Жасай бер, қадірлі әке, жүзден асып.
<
janar

13 августа 2012 04:30

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Сайт оқырманы Орик қосқан тілек
70 жаска тiлек
Тар жолдардын тайгак кешiп омiрде,
Ормекшiдей токып барiн конiлге.
Аскар таудай аскаралы 70-тiн,
Сезiмдердiн арын теуiп торiнде.
Денсаулыгын мыкты болсын аз ага,
Кемiмесiн куат жуздiн орiнде.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^