» » » Махаббат туралы үш өлең /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан
Информация к новости
  • Просмотров: 5019
  • Автор: janar
  • Дата: 28-06-2013, 15:53
  • 0
28-06-2013, 15:53

Махаббат туралы үш өлең /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Ғашығыма, Өлең - сөздің патшасы, Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

ЖІГІТ БОЛЫП СҮЙГЕН БІР КЕЗ ӘКЕЛЕР,
БОЙЖЕТКЕН БОП АНАЛАР ДА СЕРТ БЕРГЕН.

               Сезім-жыр

Болса-дағы кей ұғымдар көнерген,
Ізгілікті үлгі тұтып келем мен.
Сондықтан ба адалдықтың бастауы,
Махаббатты жырға қосқам өлеңмен.
Алсақ тәлім алдық-дағы өткеннен,
Өткенімнен бүгінгіге жеткем мен.
Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер,
Бойжеткен боп Аналар да серт берген.
Жүректерді жалғастырып ізгі леп,
Қанша иыққа асылды екен қыз білек.
Қанша жігіт бола алды екен Төлеген,
Қаншама ару бола алды екен Қыз-Жібек.
Қаншама жан естіместен жыр-үнді,
Тағдырының соқпағына бұрылды.
Қаншама адам махаббатқа қол сілтеп,
Қанша тұрмыс сезімсіз-ақ құрылды.
Жүректердің нұрына анық
бөленген,
Махаббатты қостым жырға өлеңмен.
Сезім деген адалдық қой,ендеше,
Адалдықты ғана жырлап келем мен.

          Махаббат-әзіл

Көңілдердің көгіне,
Көтерілсе асқақ ар.
Махаббаттың бәрі де,
Сыйластықтан басталар.
Көкжиектен түріле,
Сезім нұры төгіліп.
Бірі,бірі,біріне,
Қол жетпестей көрініп.
Шектеп қойып құмарын,
Тым әріге бармайын деп.
Қол жетпестей сыңарын,
Ренжітіп алмайын деп.
Ашпай мінез түндігін,
Бір-біріне бағынып.
Сәл көрмесе бір-бірін,
Соны ойлап сағынып.
Керегі жоқ түктің де,
Сүйем сені,сенші деп.
Қайда жүрсің күттірме,
Келші,келші,келші деп.
Ұрысады бір күні,
Серттен оңай тайдың деп,
Жолықтырған бір сені,
Қырсық шалған қай күн деп.

  Өкпелесіп қалып еді қос ғашық

Бір-бірімен жан-дүниесі астасып,
Шын сезіммен жүрген еді достасып.
Көз тиді ме,тіл тиді ме білмедік,
Өкпелесіп қалды бүгін қос ғашық.
Айналды енді бір-біріне сенбеуге,
Әркімде де бар ғой,шіркін,өр кеуде,
Өкпелесіп қалғандығы соншалық,
Дайын еді бір-бірін де көрмеуге.
Қыз ойлады: "Енді саған сенбейм(ін) деп,
Қоңырау шал,мейлі,жауап бермейм(ін) деп.
Мінезіңді қалай білмей келгенмін?
Оңбаған-ай,енді сені көрмейм(ін) деп.
Ерегіссем тауып алам басқаны,
Сен емессің бар жігіттің асқары".
Осылайша қара көзден жас тамып,
Бойжеткеннің жәбірленді жас жаны.
Қиялменен басқа жан да табылды,
Бірақ ашу сезімге кеп бағынды.
Түн қойнында жалғыз жатқан қыз-жүрек,
"Оңбағанын" ұзамай-ақ сағынды.
Қалғандай ед жаңа ғана алданып,
Сағынышын басуда енді зорға анық.
Жігітінен күтіп жатты қоңырау,
Ұялысын қайта-қайта қолға алып.
Көз алдынан кетпей бейне,жүз таныс,
"Қайда жүр?"-деп қылаң берді қызғаныш.
Бірінші боп соғар еді қоңырау,
Жібермей-ақ қойды-ау,шіркін,қыз-намыс.
...Жігіт отыр ауласында долданып,
Ол да бүгін қалғандай ед алданып.
Көптен бері тастап кеткен шылымын,
Отыр енді қайта-қайта қолға алып.
"Өткен күнді қалай ғана ұмытады?
Таба қылад екеуін де жұрт әлі.
Тауып алған,тауып алған ғой басқаны,
Бүгінгісі тек әшейін сылтауы...
Аяқталды енді солай біздің ән,
Алдамшы екен,деуші едім-ау ізгі жан".
Деген жігіт оқталады шылымға,
Мұндай сәтте артық та емес жүз грамм.
Бұл да біреуді тауып алады,тоқтасын,
Ұмытады бәрін жүзді жұтқасын.
Соғар еді өзі алғаш қоңырау,
Қыз көтермей қойса қайтед тұтқасын?
...Айтылсын деп жүректегі сыр енді,
Соқты ақыры,шыдамады бірі енді.
Үкілеген сезімдердің үмітін,
Бір қоңырау жалғастырып тұр енді.
Көңілдерін өкпе мен наз шайқаған,
Байланыстан тек қос жүрек айтады ән.
Соққан қыз ба,жігіт пе әлде бәрібір,
Тек ғашықтар табысса екен қайтадан!

авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<

17 октября 2013 13:22

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Окiнбеймiн бiреудi опсенде олiп, Окiнбеймiн бiреуге кетсенде ерiп. Жазмыштын маган жазган пендесiне Мен-дагы кезiгермiн коп сенделiп. Мун ба екен, Мунын барi уайым ба екен?! Бугiнде ойым ботен, жайым ботен. Койнына кона алмаган кос аккуга Кол булгап калa-берер кайын мекен… Жабыкпа, жарылкасын бетiндi алдан. Откен кун ошкен , кoшкен секiлдi арман… Болар-ау барi де умыт, Амалым не, Аяймын махаббатты жетiм калган.
акниет абдигапаркызы

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^