Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 35263
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 13:41
31-08-2011, 13:41

Қазақ тілім. өркенде / қазақ тілі туралы сабақтар үлгісі

Категория: Ана тілім - айбыным!, Соңғы қосылған дүниелер

/С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы әзірлеген

  “Қазақ тілім, өркенде, бола бер күшті, көркем де!” атты әдістемелік құралдан/

 

ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!

(Тақырыптық кеш)

 

Ана тілі бәрінен де биік- ханнан да,      

қарадан да. Саясатшылар келеді,

кетеді, ал ана тілі – мәңгілік.  

Осыны есте ұстайық.                             

Марат Қабанбай.

 

ТІЛ - БІЗДІҢ ТІРЕГІМІЗ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМІЗ

(Әдеби  ертеңгілік)

 

 

1-жүргізуші:       Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

                            Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

                            Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,

                            Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

Информация к новости
  • Просмотров: 9498
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 13:25
31-08-2011, 13:25

Ана тілі туралы даналар сөздері

Категория: Ана тілім - айбыным!, Соңғы қосылған дүниелер

ҚАСИЕТ ПЕН ҚҰТ ДАРЫТҚАН АНА ТІЛІ ТУРАЛЫ ДАНАЛАРДАН ЖЕТКЕН СӨЗ

 

Тәрбие басы – тіл.

                                                                  М.Қашқари

 

Ана тілінен айырылған адам өз халқы  жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

                                                                  Ғ.Мүсірепов

 

Ана тілін білмейтін адам – бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.

                                                                  Ғ.Мұстафин

 

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

                                                                  К.Паустовский

Информация к новости
  • Просмотров: 282087
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 10:53
31-08-2011, 10:53

Ана тілі туралы шығармалар

Категория: Ана тілім - айбыным!, Соңғы қосылған дүниелер

АНАМНЫҢ ТІЛІ –

АРДАҚТЫМ МЕНІҢ

 

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

                                            Б.Момышұлы

Информация к новости
  • Просмотров: 5469
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 10:50
31-08-2011, 10:50

Қазақ тілі жайлы айтулы ойлар

Категория: Ана тілім - айбыным!, Соңғы қосылған дүниелер

ҚАЗАҚ   ТІЛІ  ЖАЙЛЫ АЙТУЛЫ ОЙЛАР

 

Қазақ тілінің таңғажайып кереметі жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың арасында өз ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе, ірі түркітанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап, ауыздарының суы құрып, тамсана жазғандары мәлім...

 

Радлов В.В. /ресейлік шығыс зерттеушісі/. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі.

Информация к новости
  • Просмотров: 167265
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 09:49
31-08-2011, 09:49

Ана тілі туралы өлеңдер

Категория: Ана тілім - айбыным!, Соңғы қосылған дүниелер

Ана тілі

 Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуге.

                                                                    Ә. Табылдиев

Информация к новости
  • Просмотров: 152132
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 09:48
31-08-2011, 09:48

Ана тілі туралы ойлар, қанатты сөздер ашық сабақтарға материалдар/

Категория: Ана тілім - айбыным!, Соңғы қосылған дүниелер

Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде  үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек  болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден. 

Қабуснамадан

*******************

 

Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.

Халел Досмұхаммедұлы

 ******************

 

 

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің  ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

 

 Ахмет Байтұрсынов

 ************************ 

Информация к новости
  • Просмотров: 13375
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 09:21
31-08-2011, 09:21

Үйлену тойына тілек

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Қымбатты жас жұбайлар .... - .........!

Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі ......... осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған .......... жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!сс

Информация к новости
  • Просмотров: 2782
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 09:14
31-08-2011, 09:14

Жеңісті шақтарға тілектер

Категория: Жеңісті шақтарға, Соңғы қосылған дүниелер

Илья Ильинге Елбасы жіберген құттықтау жеделхатынан

[/center]
Қымбатты Илья!Миллиондаған қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан тамаша жеңісіңмен құттықтаймын! Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып сен Қазақстанды дүниежүзілік ойындарда лайықты таныта білдің. Сенің зор табысың еліміздің спорт шежіресіне мәңгілікке енетін болады. Денсаулық, бақыт және спорттық сайыстарда табыстар тілеймін.
Майяға Елбасы жіберген құтықтау жеделхаты[i][/i][center]


Қымбатты Майя! Барлық қазақстандықтардың және өз атымнан сені Оңтүстік Кореядағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға ие болуыңмен қызу құттықтаймын. Біздің бәріміз де бұл тамаша жеңісті зор құлшыныспен қабылдадық!
Табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайратыңды көрсетіп, сен біздің елімізді осы халықаралық сайыстарда лайықты көрсете білдің.
Одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін!

Информация к новости
  • Просмотров: 8968
  • Автор: janar
  • Дата: 31-08-2011, 07:51
31-08-2011, 07:51

Құда түсу

Категория: Құда түсу, Соңғы қосылған дүниелер

Жақсы қонақ келсе, құт келеді» - дейді. Ал, көршілер, арқан тартып, шашу шашып, қонақтарды қарсы алайық...

       Келген қонақтарға  арқан тартылып, шашу шашылып дастарқан басына жайғасып отырады.

 Осы үйде той болғалы жатыр деп естідік. Құрметті үй иелері сіздің үйде айдай сұлу, нәзік, ажары – көркіне сай қыздарыңызға біздің үйдің бой десе бойы, ой десе ойы бар, білімі жоғары, біздің үйдің сал – сері жігіті сөз салып жүр екен. Сіздерде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдік. Ата – бабамыздың дәстүрінің негізін сақтай отырып туған – туысымызды, көрші – қолаңымды жинап,  сіздің қызыңызға құда түсіп, алдарыңыздан өтуге келдік. Жастар бір- бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буыпты,  неге бізге осы екі жастың ниетін қолдамасқа. Бізді құп көрсеңіздер құдандалы болайық!

-Құрметті, құдалар! Атамыздан қалған: «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Алдағы құдалығымыз баянды болсын деп өлтірі әкелдік. Соған батаңызды беріңіз.

 "Өлі – тірі" - өлген аруақтарға арнап союға, етін елге үлестіруге арналған мал. Бұл арадағы өлі мен тірінің айтылуы: «Алдағы құдалық баянды болуы үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеді» дегенді ұғындырады. Бұл малды бөгде біреу алады. Өлтірі өтіп болған соң екі жақ бірін – бірі құда дей берулеріне болады.

 

    Ал, құдағи! Орамал тон болмайды, жол болады демекші сіздерге азын – аулақ әкелген сыйымыз бар еді, соны ұсынуға рұқсат етеңіздер» деп, ең бағалы кәдені қыздың әкесіне, содан кейін құдағи, құдашаларға үлестіреді. Содан кейін  қазақ халқының салты бойынша қыз балаға болашақ енесі белгі ретінде сырға салады.

Қыз бен күйеу баланың әжелері ақыл-кеңес, өсиет сөздер айтады.

      Ал, құлыным, қазақтың «Күтімді болам десең, жаңа отауға түс» деген сөзі бар. Құрғалы отырған отауларыңның  шаруасына икемді бол. Оқыс мінез көрсетпе, тазалық сақта, бауырмал бол, сабырлы-салмақты бол, ата-анаңның ел-жұртыңның сенімін ақта, жаманат келтірме. Ол үйде мен сияқты әжең бар. Сол әжеңе сүйкімді келін бол. Ал құдағи,  «ырыс алды - қыз» дейді ғой. Біздің қызымыз сіздің үйге тек бақ-береке әкелсін.

Құдағи «Келіннің өнегелі болуы енеден» деп бұрын шешем айтып отыратын. Өзімнің енем сондай бір салмақты, өнегелі, өмірден көрген, түйгені мол адам болатын

 

Я, Тәңірі-құдірет

Мал-бастарын аман ет.

Бастарына бер бақыт

Асына бер берекет

Өмір-жастарын ұзақ ет

Ұрпақтарын асыл ет!

Көрмей өссін қасірет

Өмірдегі жақсылықты

Дәл осы үйге нәсіп ет!

Информация к новости
  • Просмотров: 5290
  • Автор: janar
  • Дата: 26-08-2011, 09:36
26-08-2011, 09:36

Барам, апа, көктемде

Категория: Қазақстан композиторларының әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Барам, апа, көктемде

 

Ақ көңілден ақ шұға,

Алау атып жаулығың.

Апа, қалың жақсы ма,

Мықты ма денсаулығың?

 

Он оралып ойыңа,

Былтыр ұшқан жыл құсың.

Қара жолдың бойына

Қарай-қарай жүрмісің?

 

Барам, апа, көктемде,

Жаңбыр сеуіп өткенде.

Алтай алқа таққанда,

Бұлақ сылдыр қаққанда.

 

Тағат таппай елеңдеп,

өткендей боп жыл құсың.

Хаты қашан келер деп

Алаң болып жүрмісің?

 

Он оралып ойыңа,

Былтыр ұшқан жыл құсың.

Қара жолдың бойына

Қарай-қарай жүрмісің?

 

Барам, апа, көктемде,

Жаңбыр сеуіп өткенде.

Алтай алқа таққанда,

Бұлақ сылдыр қаққанда.

/әннің авторларын білсеңіз, хабарласыңыз/

Назад Вперед
^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes