Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 18920
  • Автор: janar
  • Дата: 11-08-2011, 18:05
  • 0
11-08-2011, 18:05

Туған күнге тілекТөлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Категория: Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер

Өмірің мәнді, шаңырағың сәнді болғай! Дастарқаныңнан дәм-тұзың үзілмей, барың берекеге, берекең мерекеге ұлассын.

Информация к новости
  • Просмотров: 7755
  • Автор: janar
  • Дата: 11-08-2011, 18:01
11-08-2011, 18:01

Үйлену тойына тілек Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.

***

 

«Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» немесе «Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді» деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын.

Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.

***

Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар.

***

Информация к новости
  • Просмотров: 30072
  • Автор: janar
  • Дата: 11-08-2011, 17:58
11-08-2011, 17:58

Ата-анаға ақ тілек Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Категория: Анама, Әкеме

Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын.

Информация к новости
  • Просмотров: 13035
  • Автор: janar
  • Дата: 11-08-2011, 17:56
11-08-2011, 17:56

Қыз ұзату Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Категория: Дәстүрлі тойларға » Қыз ұзату

Апа-қарындастың ұзатылуына кіші бауырларының тілегі

 

Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол

болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.

***

Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі    армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.

***

«Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның –жанарыңда» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.

***

Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай  бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!

Информация к новости
  • Просмотров: 8486
  • Автор: janar
  • Дата: 11-08-2011, 17:54
11-08-2011, 17:54

Құда-жекжаттарға Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Категория: Туыстарға » Құда-жекжаттарға

Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан құдалық жолдарыңызбен сый-құрметке бөленіп жүре беріңіздер.

Информация к новости
  • Просмотров: 26039
  • Автор: janar
  • Дата: 11-08-2011, 17:53
  • 0
11-08-2011, 17:53

Жастар тілегі Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Категория: Туған күнге тілектер » Жас дәурен (13-25)

Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспіз.

***

Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай  бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!

***

Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай  өтіп жатқан әр жылыңыз жақсылыққа толсын.

***

^