Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 6123
  • Автор: Дана
  • Дата: 31-03-2011, 07:39
31-03-2011, 07:39

Ойлы сөздер

Категория: Түйіндер, Соңғы қосылған дүниелер

Ойлағаныңыз тек оң болсын,
өйткені ойлағандарыңыз – сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын,
өйткені сөздеріңіз – әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын,
өйткені әрекетіңіз – әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын,
өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын,
өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.

Метки к статье: ойлы сөздер, түйіндер

Информация к новости
  • Просмотров: 3324
  • Автор: janar
  • Дата: 30-03-2011, 22:03
30-03-2011, 22:03

Қалай-қалай сөйлейміз?

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Қалай-қалай сөйлейміз?

Көшеде:

- Привет!

- Қалайсың?

- Нормально! Жүрген сол.

- Не жаңалық бар?

- Да так, особенно ештеңе жоқ.

- Біз де ничего, пока бәрі жақсы.

- Балалар қалай?

- Үлкені школда, кішісі садикке барады.

- «Большие дети – большие проблемы» десеңші!

- Не говори! Біз де жақында дочамызды ВУЗ-ға түсірдік. Үлкен ұлымыз үйленген. Свадьбасының өзіне біраз шашылдық қой.

- Ладно, мен асығыс едім.

- Жарайды, звондап тұр.

******

Дүкенде:

- Не аласыз?

- Маған екі килограмнан огурцы, помидоры, зеленьнен кішкене өлшеңіз, еще бір пачка чай мен коробка конфет беріңіз.

- Хорошо!

- Активке мың единица бар ма?

Есеп айырысар кезде:

- Мелочь жоқ па?

- І-і...

- Садачаңызды алыңыз.

********

Қоғамдық көлікте:

- За проезд бере салыңыздар.

- Студенческий.

- Пенсионный.

- Проездной.

- Остановканы объявлять етпейсіз бе?

- Қазір Абая-Ауезова болады.

- Назад проходим, орын бос қой.

- Следующая Жарокова. Заранее дайындаламыз.

*******

Үйде:

- Пап, телевизорды өшіріп, видикті қосайықшы. Мультик көрейін деп едім.

- Тұра тұршы, ОРТ-да жақсы передача болып жатыр. Осыдан кейін новости басталады.

- Программада басқа не бар екен?

- Одан да сабағыңды оқы.

- Ертең суббота-воскресенье ғой...

- Мамаң не істеп жатыр?

- Кухняда обед істеп жатыр.

******

Тіліміздің тірі күйі

Жас пен жастың амандасуы

- Привет!

- Привет!

*****

Жігіттің ағасымен есендесуі

- Ассалаумағалейкүм, ағасы! Қалыңыз қалай, жақсы ма?!

- Ничего, пойдет!

******

Ақсақалмен амандасу

- Ассалаумағалейкүм, ақсақал! Күйлі-қуаттысыз ба?

- Хорошо и нормально!

******

Қазақ тілі маманының сөзі

- Апай, апай! Сыныптың суықтығынан қолымыз жазуға келер емес.

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Действительно класс суық.

*******

Отбасындағы әңгіме                              Омарғали Зиядаұлы                                                            

 

- Мен понедельникте Жылтыргүлдің школдағы жиналысына барамын. Ал вторникте жұмыстан кейін өзімізде «чай питье» болады.

- Мен де среда күні жолға шығамын. Четверг, пятница жұмыс бабымен облыста боламын.

- Командировкадан қашан келесің?

- Может, суббота келетін шығармын, баня жағып қойыңдар.

- Баняны өзің келгенде, воскресеньеде жақпаймыз ба?

- Хорошо!


 

Информация к новости
  • Просмотров: 2889
  • Автор: janar
  • Дата: 30-03-2011, 21:49
30-03-2011, 21:49

Жыртық қалтаның жыры

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Жыртық қалтаның жыры

(Қайрат Нұртастың орындауындағы

«Арман» әнінің әуенімен)

 

«Қалай күйдім сене,

Құлай күйдім сенен.

Жүрегімді ұстап,

Жылай күйдім сенен, сенен..»

 

Қайырмасы:

Заман, адастырмай мені қоя тұр,

Банк, құшағыңды маған жая тұр.

Теңге, сені сақтай алмадым,

Нарық, алдадың сен мені тағы да алдадың...

 

Естіген ел көптен,

Дағдарыс па жеткен?

Қайтару пайызбен,

Қиын еді неткен, неткен....

 

Ақша іздеп тынбай,

Мына өмірге сыймай.

Күлкіден айырған

Құрысын өмір мұндай, мұндай.....

********

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 4040
  • Автор: janar
  • Дата: 30-03-2011, 21:47
30-03-2011, 21:47

"Айта салдым" қалжыңдар

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Айта салдым

Еркек ақша бітсе бәрін істейді.

******

Махаббат үшбұрышынан өз бұрышыңды тап.

*****

Қазақ балағаттап тұрғанда да, «әкең..», «шешең..» деп ата-анасын еске алып тұрады.

******

«Сұлу» қыздар суретте ақылды боп көрінеді.

*******

Қасқырлары болмаса, орманнан тыныш жер жоқ.

*******

Жасыңда балықты көп жесең, өскенде жүзуден чемпион боласың, бірақ дәрі ішіп жүрсең, дәрігер бола алмайтының хақ.

*******

Әйелді бағындырудың екі жолы бар: бірақ оны әлі ешкім білмейді.

******

Махаббат – айлы аспан астында күрсіну емес, көрпе астындағы күрес.

********

Қызықтың қызық болуы қызығында.

******

Балық құйрығынан бастап тазаланады.

*********

Түгі жоққа түк шығады.

*******

Өлең айта алмасаң домбыраны жаманда.

*******

Сұлу сөз кемпірді де қыз етеді.

*******

Жетім қыздың жеңгесі көп.

*******

Екі жолды таңдасаң қыли боласың.

*******

Пойызға мінерде шамаң келсе ең басындағы вагонға мін, жетер жеріңе бәрінен бұрын барасың.

********

Жан-жануарды жақсы көретінім соншалық, ержеткенде тек ет комбинатына барып жұмыс істеуді ұйғардым.

********

Кейде айтар сөз таба алмай қысылатын кез болады, ондай кезде сөздің орнына ақша бере салуға да болады.

*********

Әйелдерді тастап, құлақ естімес, көз көрмес жер түпкіріне кеткен еркекте не арман бар екен?

*******

 

 

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 126898
  • Автор: janar
  • Дата: 30-03-2011, 11:28
30-03-2011, 11:28

жастарға арналған ойындар

Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер

Сұрақ-жауап

Ойынның шарты өте оңай. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Қыздар мен жігіттер аралас отырса, қызығырақ өтеді. Сұрақтар мен жауаптар   көлемдері бірдей кәртішкелерге (қатты қағаз болса тіпті жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады. Бірінші ойыншы сұрақтары бар кәртішкенің біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі жауаптары бар кәртішкенің біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы, жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?» – деген кәртішкені оқыса, қызға: «Бұл менің сүйікті ісім» - деп жауап беруге тура келуі мүмкін.

 

Сұрақтар:

Егерде сүйікті адамыңыз көзіңізге шөп салса не істер едіңіз?

Сіз үнемі осындай дөрекісіз бе?

Әйелдерді (ерлерді) сыйлайсыз ба?

Үнемі жақсылық ойлайсыз ба?

*******

 «Шындық әуе шарлары»

Бұл ойын үшін екі жиынтық кәртішкелер дайындаңыз: біреуі сұрақтары бар, ал екіншісі жауаптармен. Жауаптар жазылған кәртішкелер әуе шарларының ішіне салынады. Сұрақтар жазылған кәртішкелер қорабшаның ішінде араластырылады. Той иесі сұрақ жазылған кәртішкені алып оқиды да, бір әуе шарын жарып оның ішіндегі кәртішкеден жаңағы сұраққа жауап оқиды.

Жауаптар кез келген сұраққа сәйкес келетін болу керек, сұрақтар мен жауаптар саны бір-біріне сәйкес болу керек.

 

Сұрақтар:

Сүйетін адамыңыздың қызғаншақ мінезі сізді қинай ма?

Өзіңіз қаламағанмен күлуге тура келген кездеріңіз болды ма?

Бастығыңызға мақтау сөздер айтасыз ба?

Информация к новости
  • Просмотров: 27152
  • Автор: janar
  • Дата: 28-03-2011, 19:59
28-03-2011, 19:59

той ойындары

Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер

Қызық күйде

 

Қарындаш

 

Боксерлік матч

 

Қимылдың дұрыстығын тексеру

 

Киіндіру

Информация к новости
  • Просмотров: 4311
  • Автор: janar
  • Дата: 28-03-2011, 19:17
28-03-2011, 19:17

Телефоннан айтылатын қалжыңдар

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Телефоннан айтылатын қалжыңдар:

Кез келген нөмірді тересіз:

- Алло, су жіберетін құбырлар қызметінен телефон соғып тұрмыз. Бүгіннен бастап суық және ыстық су беру тоқтатылады, сондықтан шелек, шәугім, қазан және ванналарыңызға су толтырып алыңыздар.

- Алдын-ала ескерткендеріңіз үшін рахмет.

- Біз барлығына хабарлап жатырмыз...

(Жарты сағаттан кейін тағы хабарласасыз):

- Алло, Сіз ваннаңызды суға толтырдыңыз ба?

- Иә...

- Енді барып қағаз кеме жіберсеңіз болады!

******

Түнгі сағат үште. Телефон шырылдайды:

- Алло! Сіз ұйықтап қалған боларсыз?

- Әрине, ұйықтап жатырмын!

- Онда ғафу етіңіз, таңертең хабарласайын.

******

- Алло! Болат бар ма?

- Ондай адам мұнда тұрмайды.

Қайтадан хабарласады:

- Алло! Болат бар ма?

- Ондай адам мұнда жоқ деп айттым ғой.

Қайтадан хабарласады:

- Алло! Болат әлі келмеді ме?

- Мынау ұқпайтын адам екен. Болатыңмен қоса....

Біраздан кейін:

- Сәлеметсіз бе, мен ғой Болат. Маған ешкім хабарласқан жоқ па?

********

Түннің бір уақытында телефон шаласың. Тұтқаны көтереді. Сен ұйқылы дауыспен:

- Әлі ұйықтаған жоқсың ба? Ұйықта қане.

******

Информация к новости
  • Просмотров: 72487
  • Автор: janar
  • Дата: 28-03-2011, 19:14
28-03-2011, 19:14

Күлкі күніне арналған ойындар

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

1 сәуір - Күлкі күніне арналған әзіл-қалжың ойындар

Егер көршіңіздің болмаса әріптесіңіздің бөлмесінің есігі сыртқа қарай ашылатын болса мынандай бір қалжың жасауға болады. Жеңілдеу, жіппен қозғауға болатын (кітап, қаламдар, жеңіл жиһаз) нәрселерді өзара бір-бірімен байлап,содан соң есіктің тұтқасына байлайсыз. Қатер істі білмейтін біреу есікті ашып қалған кезде байланған нәрселер жан-жаққа шашылады. Бөлменің астан-кестені шығады. Ең қиыны жіппен байланған нәрселерді есіктің тұтқасына байлап, абайлап бөлмеден шығып кету.

*******

Лагерде істеген қалжыңдардың бірі. Секеңнің ұйықтағанын күтіп, (әдетте оның ұйқысы өте қатты болатын) үстіне бір қора дәретқағаздарды тастап, (көбірек тастауға тырыстық) бәріміз «Секең! Оян, үстіңе төбе құлап бара жатыр!!!» - деп айқай салдық. Қалған түнде Секеңнің қатты ықылықтауынан ешкім ұйықтай алмады!

*******

Көп адам жүретін мекемеде тақтайшаға «дәретхана» деп жазып, мүлдем басқа есікке іліп қою керек. Бұл қызметкерлердің бөлмеден көп шыға бермейтін жері болса жақсы, тақтайша көбірек ілініп тұрады, ал қызметкерлер жүгіріп кіріп, таңғалып атып шығып жатқан адамдарға өздері де таңғала қарайды. Бірнеше жол көрсететін сілтеме-тақтайша болғанда қызығырақ болады. «Дәретхана» жазуының орнына «Асхана» деп жазуға болады. Екі жағдайда да жұмыскерлердің олай емес екенін бірнеше рет түсіндіруге тура келеді.

******

Бір колода карта (54 даналы), ойыншылар және ішімдіктердің көп түрі.

Жүргізуші ойыншылардың көңілін көтеріп отырса ойын қызығырақ өтеді.

Сонымен, карта үлестіріле басталады (жүргізуші оны аса шеберлікпен, асықпай, өзінің іс-әрекетімен ойыншылардың жүйкесін тоздырып, әртүрлі қалжыңдармен тиіскілеп отырады) ойыншылардың біреуіне тұз түскенге дейін. Тұз түскен адам коктейлдің құрамына тапсырыс жасайды (мысалы: қымыз, шұбат, шырын, сарыағаш, айран, лимон, шарап т.с.). Жүргізуші мұның бәрін есінде сақтайды. Әрі қарай екінші тұз түскенге дейін карта үлестіріледі. Екінші тұз түскен адам коктейлдің көлеміне тапсырыс береді (100 грамнан 0,5 литрге дейін). Жүргізуші есінде сақтайды. Карта әрі қарай үшінші тұз түскенге дейін үлестіріледі. Ол ойыншы коктейлдің ақшасын төлейді, не өзі оны араластырады, және де коктейлге қосылатын ішімдіктердің қосылу мөлшері де өз еркінде. Карта үлестіріле береді. Төртінші тұз түскен адам осы коктейлді ішуі тиіс.

*******

Бұл ойын ұзаққа созылып, біртіндеп жасалады және де бір қолайлы нәтижесі: ойыншының ұқыптылығын нығайтады. Әрдайым сіздің қасыңыздан табылатын адам таңдалады (күйеуі, зайыбы, ағасы, әпкесі, қарындасы, бауыры т.с.). Ойынның шарты бойынша бұл жаңғалақ адаммен ойналады. Өйткені ондай  адам әрқашан өзінің заттарын (көзілдірігін, тарағын, ұялы телефонын т.с.) аңдаусызда көрінген жерге тастап кетеді. Күнделікті жоғалтқан нәрсесін іздеумен айналасындағы адамдардан «көрдіңдер ме?» деген сұрақпен мазаларын алады. Міне, дәл сондай сәтте сіз оған оның жоғалтқан нәрсесінің мүлдем ол затқа қолайсыз жерде екенін айтасыз, мысалы: тоңазытқышта деген сияқты. Әрине ол адам сіздің оны мазақ қылып тұрғаныңызды түсініп сіз айтқан жерден қарамайды. Бірақ іздеп таба алмаған соң сіз айтқандай тоңазытқыштан да қарауына тура келеді. Осыдан кейін жаңғалақтың жоғалтқан нәрселерін  өзіңіз айтқандай небір жерлерге қоя беріңіз. Ерте ме, кеш пе ол адам өзінің жоғалтқан нәрселерін сіз қойған жерден тауып алып жатады. Оның ол жерге қайдан келгеніне таң қалады, бірақ та іздестіруді сол жерден бастайтын болады. Ал, енді айналасындағылардың ол адамның тарағын тоңазытқыштан іздегенін көргендегі таңғалғанына көз салыңыз. Немесе  іздеген нәрсесін басқа біреу мүлдем ойламаған жерден алып шығып «мынау сенікі ме?» деп аң-таң болып жатса... Бұл ойын жаңғалақ адамның түбінде өз нәрселеріне ие болуына әсер етеді.

*******

Сыныптың ең соңындағы партаға отырып, хат жазыңыз. «Төбеде шұлық ілініп тұр! Әрі қарай бер!» Хат сынып ішінде қолдан қолға беріліп кете береді. Хат алған оқушы оқыған соң  төбеге ұзақ қарап күледі де, хатты басқа біреуге береді. Мұғалім хатты оқып, күліп отырған оқушыларды байқаған соң хатты алып-алып оқиды да, төбеге қарайды.

*******

Фараон

Бір адамның көзі байланады. Байланған көзімен ол алдындағы адамның мүшелерін қолымен ұстап анықтауы тиіс. Ең бастысы ол адамның басын, аяқ-қолын анықтаған соң қолына жылы, қабығы аршылған шұжықты ұстатыңыз.

*******

Үнемі басына бір түсті қалпақ киетін адам болыпты. Өзі қырсық адам болғандықтан айналасындағылар оны алдап соқпақшы болады. Дәл сол адамның қалпағындай бас киім, бірақ екі размер кішісі сатып алынады. Жұмысқа келген соң ол кісі әдеттегідей сыртқы және бас киімін ілгішке іледі. Сол сәтте оның бас киімі ауыстырылады. Ойын ұйымдастырылушылар бірінен соң бірі «сіздің басыңызға не болған?» деп сұрап жүреді. Жұмыстың аяғында ол адамның әбден мазасы кетеді. Қайтарда бірінші сыртқы киімін, сосын бас киімін кимекші болады (әрине бас киімі тар болып шығады). Таң қаларлық оқиға, бірақ жағдайды ұшықтырып алмаған да жөн.

********

Жіптен тарт

Бұл ойынды балалар бар жерде де ойнауға болады, бірақ алдын ала дайындық керек. Бірінші пенжагыңыздың қалтасына бір шарғы жіп салып алыңыз. Жіптің түсі пенжактың түсіне сәйкес келгені дұрыс. Жіптің ұшын көзге түсетіндей сыртқа шығарып қойыңыз. Міндетті түрде сіздің салғырттығыңызды аңғаратын біреу табылады. Одан көмек сұраңыз. Үлкен де, бала-шағада күлкіге бір батады.

*******

Информация к новости
  • Просмотров: 9213
  • Автор: janar
  • Дата: 28-03-2011, 19:08
28-03-2011, 19:08

СМС-әзіл-қалжыңдар

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

СМС-әзіл-қалжыңдар

Ееее, сорлы. Сен мына смс-ты оқып отырған кезде мен сенің сүйіктіңмен қыдырып жүрмін. Сәлеммен, жолы болғыш жігіт.

*******

Мына смс үшін сіздің балансыңыздан 100 теңге алынады. Рахмет, бірақ бұл өте аз. Смс-ты тағы бір жауып ашсаңыз бола ма?

*******

Тентек баланың әкесіне: балаңыз ауырып қалған ба? Ешкімді мазаламайды, қасындағыларға тиіспейді, қыздарға ыржыңдамайды.

******

Саған жаным ашығандықтан, хабарласып отырмын. Бір адам күшті әсер ететін дәрі беріп қойды. Сондықтан алысқа шықпа.

********

Мен өзгепланеталықпын, сіздің ұялы телефоныңызда тұрамын. Дәл қазір сіз саусақтарыңызбен кнопкаларды басқан кезде мен одан ляззат алып жатырмын. Сізге де ұнағанын сөзсіз. Мен сіздің жүзіңіздегі күлкіңізден түсініп тұрмын.

*******

Әй, кнопкаларды қатты баспасаңшы терлеп кеттім ғой, қолыңды әрі тарт, түк көріп тұрған жоқпын.

******

Егерде жігітті орманға жіберсе, ол 3 келі жидек жинайды, ал қыз бала 5 келі жинайды, бірақ екеуін бірге жіберсе олар 8 келі жидек жинайды деп ойлауға болмайды.

*******

Құттықтаймыз! Сіз лоторейден сыған қызын ұтып алдыңыз! Егерде сыйлығыңызды 14 күннің ішінде алып кетпесеңіз, біз сізге бүкіл таборды жібереміз.

*******

Мен саған түнде келіп, көрпеңнің астына кіремін. Ең тәтті жеріңді тауып алып жаныңды шығарамын. Сенің зиянды масаң.

*********

Информация к новости
  • Просмотров: 3920
  • Автор: janar
  • Дата: 16-03-2011, 19:11
16-03-2011, 19:11

Сәкен әндері

Категория: Ән - көңілдің ажары » Халық композиторларының әндері

Тау ішінде

 

Назад Вперед
^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes