Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
3-01-2011, 12:55

Ағаларға тілектер

Категория: Туыстарға » Аға-апайларға

Несібе үзіп әр күннің үлесінен,

Шыға білдің әр істің үдесінен.

................... ............. ұлы деген,

Жұртымызға әйгілі бір есім ең!

 

Мінезіне бос еткен сабыр - ойды,

Бұл өмірде жігітсіз абыройлы.

Тойлап жатыр тойыңды ағайынның,

Бұл көрініс босатар тағы бойды.

***********

Бала шақтан кеудеңде таласты үміт,

Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық.

Өз күшіңмен келесің асыл аға,

Бақытыңды сәтімен қаластырып.

 

Той тойлаған жақсы ғой жанұямен,

Құда жекжат, нағашы, қариямен.

Жүзге дейін талмастан, қажымастан,

Жүзе бергін ұлы Өмір-дариямен!...

********

Қазақтың кең даласы жүректі,

Барша жанға аппақ, таза тілекті.

Бір атаның би ағасы бұл ағам,

Жер бетіне қаншама әсем гүл екті.

 

Қайырымды қолын созған сан досқа,

Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа.

Бұл ағама арналатын сөз басқа,

Бұл ағама айтылатын ән басқа!

 

Сізге біткен ой құнарлы, тіл нұрлы,

Өнегесін жас ұрпаққа білдірді.

Жібергендер қолтығынан Сіз демеп,

Алатауға ту қадап та үлгерді.

 

Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,

Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.

Тасқан жанның тас қамалын талқандап,

Мұңды жанның маңдайынан сипадың.

********

Информация к новости
3-01-2011, 12:53

75 жасқа тілектер

Категория: Туған күнге тілектер » Қарттық (73-тен кейін)

70-75 жасқа арналған тілектер топтамасы

Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы ..... жеті асудың бел ортасы - 75 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей 

Информация к новости
3-01-2011, 12:37

Ақ келін

Категория: Ән - көңілдің ажары » Той әндері

Сөзін жазған Н.Бердалы

Әнін жазған Г.Әлімбекова

Бір-ақ күнде қуантып қос ананы,

Сыңсу айтып қыз көңіл босағаны.

Әлпештеген әкеңнің аппақ  қызы ең,

Ақ келін боп аттадың 

Ақ келін аттадың босағаны.

 

Қайырмасы:

Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен,

Үлбірейсің, үміттен жаралып па ең?

Басқа тойлар бастауы – бүгінгі той,

Бүгінгі той – қоштасу,

Бүгінгі той – қоштасу балалықпен.

*****************

 

Информация к новости
3-01-2011, 12:33

Қызыма

Категория: Ән - көңілдің ажары » Той әндері

Т.Иманбеков

Еркетай едің елігім, қызым,

Елік те іздер серігін, қызым.

Ақ босағаңды аттарсың, қалқам,

Анаңның қимас жырымен, қызым.

 

Қайырмасы:

Сүрінбе қызым, құлама қызым,

Күлімде мәңгі, жылама, қызым.

Әкеңдей қамқор болар-ау деумен,

Тапсырдым сені құдама, қызым.

********************

 

^