сықақшы Ермахан Шайыхұлының әзіл тілегі
Армысыздар ақ жаулықты аналар!
Бармысыздар ақтамақты арулар!
Қайдасыздар, қымбатты да сымбатты қыз-қырқындар!
Категория: 8 наурыз, Әзіл тілектер
сықақшы Ермахан Шайыхұлының әзіл тілегі
Армысыздар ақ жаулықты аналар!
Бармысыздар ақтамақты арулар!
Қайдасыздар, қымбатты да сымбатты қыз-қырқындар!
Категория: SMS хаттар, Әзіл тілектер, Ән - көңілдің ажары, Соңғы қосылған дүниелер
Сезiм әуендерi
Естiледi дара даусы тұлпардың,
Көкжиектен сенiммен қол бұлғар күн.
Өшпес мұра болып қалды-ау әндерi,
Алпысыншы-жетпiсiншi жылдардың.
Сезiледi сол жылдардың
...............
Агент-әуен.Әзiл
(Ш.Қалдәяқовтың "Сыр сұлуы" әнімен)
Mail-дан почта ашылушы еді,
Есімде пароль сөздері.
Бір ару соған асығушы еді,
...................
***
(М.Шахановтың "Гүлдәурен" әнімен)
Агенттің арнасында,
Шалқып мөлдір сезімменен.
Сол бір айдың ортасында,
Танысып ем өзіңменен.
Қ-сы: Көңіл,шіркін,құлады да,
Сездім махаббатымды.
Агенттің блогына,
Жаздым талай атыңды.
..............................
***
авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Категория: Той-думан » Әзіл тілектер
Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады:
Құрметті...........! Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп, шалбардың қырын сымдай, көйлекті тегіс жымдай жатсам, атын атамай-ақ қояйын, біреу келіп, «мына хатты тойда оқып берші», - деп қиылып тұрып алды. Уәде берген соң, оқымасқа амал жоқ:
Қымбатты ..........! Жанымнан жақын көрген жүрегімнің жартысы өзің едің! Енді міне сен де мені қиып, басқа жанмен отау құрып жатырсың. Қалайша ғана ұмыттың, естен кетпес талай айлы түндерді екеуміз бірге өткізіп едік қой. Сонда сен мені, мен сені қимай, арман құшағына терең бойлап, талай арайлы таңдарды қарсы алған едік. Жұбымыз жазылмаған кездерімізді еске алсам, қаяулы көңілім қарс айырылады. ....., өзің айтшы, қалай мені басқаға айырбастап кеттің? Өзіңмен қоштасу атты тойыңа келе алмасам да, хатымды жолдап отырмын. Тым құрығанда анда-санда еске алып отырарсың. Тағы не жазайын, мен сенің жүрегіңде мәңгі орын теуіп қалмасымды біле тұрсам да, бірге өткізген жалынды жастығымыз, уылжыған бал түндеріміз бен шуақты күндеріміз сенің есіңде мәңгіге жаңғырып қалатындығына кәміл сенуші өзіңнің сүйікті /біраз үнсіздік/ бойдақ кездерің!
******
Шойын тойдың шымшыма тосты
Өзенде тасбақа жүзіп келе жатса керек. Үстіне болса жылан жайғасып алған екен. «Шағып алсам – тастап кетеді-ау», - деп ойлайды жылан. «Тастап кетсем, шағып алар», - деп ойлайды тасбақа.
Ендеше, осы тасбақа мен жылан сияқты бір-бірін ешқашан тастап кете алмайтын ерлі-зайыптылар үшін!
******
Жегенің торт болсын,
Ішкенің натуральный сок болсын.
Мінгенің джип болсын,
Ұтқаның миллиард болсын,
Таққаның бриллиант болсын.
Балаларың олигарх болсын!
**********
Әйелі күйеуіне:
- Мен ұрса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің? – деп сұраса, күйеуі:
- Қымбаттым, кім бірінші тоқтайды екен – сен бе, әлде сағат па деп қараймын, - деп әзілдей жауап беріпті.
Осындай әзілі мен шыны ылғи да қатар жүретін, жүрегі кең азаматтарымыз үшін!
*****