Аяз ата
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
Қайырмасы:
Ал балалар, тұрмайық
Би билейік, ойнайық
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық.
*************
Қыс қызығы
Аппақ көше бар бала,
Аппақ ойлар, қыраттар.
Ақ шатырлы қырқалар
Ақ жамылып тұр бақтар.
Қайырмасы:
Шаңғы, шана сайла
Конькиіңді байла
Думандатып ойна
Қыс қызығын тойла.
************
Зырлайды шанамыз
Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.
***********
Аппақ, аппақ, жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Қайырмасы:
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
***********