Информация к новости
- Просмотров: 28488
- Автор: janar
- Дата: 22-01-2011, 18:23
22-01-2011, 18:23
Категория: Бата-тілектер » Алғыс, ризашылық
- Бастай бақ, шаштай дәулет берсін!
- Тарыдай тасып, бидайдай бөк!
- Қаздай қалқы, қудай жүз!
- Қаймағы бұзылмасын!
- Қабыл болсын!
- Тілегіңді берсін!
- Шаңырағың биік болсын!
- Өзегің талмасын!
- Өмірің ұзақ болсын!
- Несібелі бол!
- Той тойға ұлассын!
- Жаныңа жамандық бермесін!
- Қоныс жайлы болсын!
- Көңіліңді кір шалмасын!
- Күлкіден айырмасын!
- Адалынан берсін!
- Көш-көлікті болсын!
- Ауызбіршілік болсын!
- Торқалы той болсын!
- Алла абырой берсін!
- Талабың өссін!
- Сапарың сәтті болсын!
- Ел-жұрт аман болсын!
- Құдай сәтін салсын!
- Ақ мол болсын!
- Мұратыңа жет!
- Ғұмырлы-бақытты бол!
- Қыдыр ата жолдасың болсын!
- Аспаның ашық болсын!
- Ниетің қабыл болсын!
- Көсегең көгерсін!
- Нұр жаусын!
- Бақытты бол!
- Иманды бол!
- Мың болғыр
- Құтты болсын!
- Қайырлы қадам болсын!
- Жұлдызың жансын!
- Талабыңа нұр жаусын!
- Өнерің өрге жүзгей!
- Бауы берік болсын!
- Мың жаса!
- Ұзағынан сүйіндірсін!
- Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін!
- Айың оңыңнан, күнің солыңнан тусын!
- От басы, ошақ қасы аман болсын!
- Дастарқаныңа береке берсін!
- Алладан рақым болсын!
- Көйлегің көк, көңілің тоқ болсын!
- Қоныс құтты болсын!
- Мерейің үстем болсын!
- Құдай күлкіден айырмасын!
- Үбірлі-шүбірлі бол!
- Қыдыр ата жолдасың болсын!