» » » Жомарт Молдахметұлы Қазақтың келіні - ұлттың ұйтқысы
Информация к новости
  • Просмотров: 4777
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:47
8-09-2011, 13:47

Жомарт Молдахметұлы Қазақтың келіні - ұлттың ұйтқысы

Категория: Салт-дәстүрлер » Салт-дәстүрлер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Қазақтың келіні - ұлттың ұйытқысы Печать


Келінді ұрпақ жалғастырушысы ғана емес, оны әулеттің ырысы, құт-берекесі, ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білген атамыз қазақ тура осылай деген! Дәл тауып айтқан! Одан әрі «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», «Абысын көп болса, ас көп» деген де біздің қазақ. Көпті көрген көнекөз қариялар неліктен бұлай деген?.. Әрине, бұл - келінге берілген тамаша баға және салауатты һәм парасатты тәрбие бастауы.
Міне, мәселенің басты мәні де, маңызы да осында! «Малдың аласы - сыртында, адамның аласы - ішінде» демекші, өмір болған соң келіннің сан алуан түрінің (мінезіне қарай) кездесетіні - дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Жалпы, қазақтың келіні, ол кім? Келіннің отбасындағы (қоғамдағы) рөлі қандай? Жаңа заман келіні сен, қандайсың? Келін тәрбиесімен кім айналысуы қажет? Міне, бүгін біз осындай сұрақтарға жауап іздей отырып, қазақ халқының келіндері туралы ой-пікірімізді ортаға салмақпыз.
Жалпы, қасиетті «Құран кә­рімде» Алла тағала қыз баланы бой­жетіп, балиғатқа толғаннан кейін тұрмысқа шығып, өмірге ұрпақ әкелумен қатар бір әулеттің үрім-бұтағын көбейту үшін жа­рат­қандығы туралы айтылады. Демек, келін боп босаға аттау бұл - үлкен қуаныш, зор мәртебе! Мұ­нымен қоса, жас келінге жүк­те­лер міндет те аз емес. Шын­дығын айтсақ, келінге қайын ата мен қайын ененің көңілінен шы­ғып, олардың «қас-қабағын бағу­дың» өзін былай қойғанда, сол әулеттегі абысындарымен тіл табысып, ең алдымен, ағайындар­дың арасындағы тату-тәтті жара­сымдылыққа ұйытқы болу, тіпті бір әулеттің қана емес, ұлт ұр­пағын тәрбиелеу міндеті де жүк­телген. Міне, сондықтан да ата-ба­бала­ры­мыз ежелден келінді ұрпақ жал­ғастырушы жан ретінде баға­лап қана қоймай, оны сол әулеттің ырысы, құт-берекесі, ұлт бола­шағының ұйытқысы ретінде қа­был­даған. Бұл орынды да. Шын мәнінде, бүгінгі келін - ертеңгі ана, ұрпақ жалғастырушысы. Ал енді халық мақалында айтыл­ғандай, келіннің «келсап» бол­май, елгезек жақсы адам болып қа­лып­тасуы көп жағдайда қайын ененің тәлім-тәрбиесіне байла­нысты. Өйткені жас келін үшін қайын ене тәлімі - маңызы зор тәрбие мек­тебі. Ең бастысы, қайын ене өзінің өзегін жарып шыққан ұлы­ның жарын өз ба­ласындай бауы­рына баса білуі тиіс. Жақсысын асырып, жама­нын жасырып, келіннің абырой-беделін асқақ­та­та білуі шарт. Де­сек те, қазіргі күні дәл осы мә­­се­леде кейбір қайын енелердің ұтылып жүр­генін, мұның соңы жас отау шаңы­рағының шайқа­луына әкеп соғып жүргенін әсте жасыруға болмас. 
Егер халқымыздың арғы-бергі тарихына зер салсақ, халқымызда бір өзі бір ауылды басқара білген адуынды да парасатты бәйбіше, ауылдағы қайсыбір тентек қай­ныларын бір ауыз сөзбен илан­дырып, тезге сала білген көркіне ақылы сай келіндер аз болмаған. Мысалы, ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қыпшақ руының қызы Тәттібике апамыз шымыр руына келін болып түскен кезінде ел ішіндегі дауға түсіп, билік айтып, ел-жұрттың ынты­мағы мен тыныштығын сақтай білген бидің бірі болыпты. Ал ХІХ ғасырда дүркіреген бір әулетке ке­лін боп түскен Құдайбайдың қызы Бидаш есімді әйелдің ақыл­дылығы мен кемеңгерлігі нәти­жесінде ел арасында «Бидаш би» атанып кеткені туралы деректер жазба әдебиетінде бар. Ал бір аңыз-әңгімеде әйгілі Төле би ба­бамыздың келіні Данагүлді алғаш көргенде, бұрымы тізесіне түскен бойжеткеннің сонадай жерден тоқтап, үлкендерге жол бергені, осы ілтипаттың өзінен ғана дана бидің дана қызын ешкім айтпай-ақ танығаны айтылады. Осылай­ша, келіні Данагүлдің ақыл-пара­сатын таныған Төле би қырық қарақшының қолына түсіп қал­ғанда ұлына емес, келіні Дана­гүлге хат жазып, көмек сұрайды. Сонда Данагүл астарлы сөзбен жазылған хаттың мәнісін ұғып, қайын атасы - Төле биді құтқа­рып алады. Бұл, әрине, Төле би­дей қайын атаның келінді бағалай білгендігінің бір көрінісі! 
Құдайға шүкір, одан кейінгі жылдарда да халқымыз парасат-пайымы жарасқан келіндерге кен­де болған емес. Мысалы, хал­қымыздың күміс көмей әншісі Кенен Әзірбаев ұлы Көркемжан үй­леніп, жеке шаңырақ көтер­ген­де келіні Динаға арнап, «Келін­жан» әнін шығарды. Бұл әнінде қарт әнші өзінің осынау бақытты сәтті ұзақ уақыт күткенін айта келіп, ендігі жерде «әулеттің ұйытқы­сы да, ақылшысы да өзің бол, Динажан, өзіңе арнап мал-мүлік жинап едім, қабыл ал» деген тә­різді аталық лебізін тебірене жеткізеді. Бүгінде «Келінжан» ән­ін сол Кенен ауылының тумалары әнші Саят Медеуов пен Айгүл Иманбаева секілді өнер иелері тамылжыта орындап жүр. Сон­дай-ақ қазақ­тың хас батыры Бауыржан Мо­мышұлының келіні - Зейнеп Ахметова, барша алаш жұртының асыл азаматы Иман­ғали Тас­ма­ғам­бетовтің анасы - Ділдә Тас­мағамбет келіні де бү­гінгі күні келіндердің көш ба­­сын­­да келе жа­тыр. Тіпті билік басында жүр­ген ханым­дары­мыздың арасында да өзінің «келін» деген қасиетті атауына кір келтірмей жүрген Мәжіліс де­путаты Зағипа Бәлие­ваның, өзі­нің өмірлік жарының ата-анасын айрықша құрметтей білген көр­некті режиссер һәм актер, марқұм Райымбек Сейт­метовтің келіні, танымал актриса Данагүл Темір­сұлтановалардың, т.б. есімдерін ілтипатпен атасақ артықтық ет­пес. Бұл, әрине, бір әулет үшін ға­на емес, барша қазақ жұр­т­шы­лығы үшін үлкен абырой, зор мәртебе! 
Бір ерекшелігі, кешегінің ке­ліндері аталары мен қайна­ғаларына жарастықпен иіліп сә­лем сала білген. Бұған қоса, хал­­қымыздың салт-дәстүрлеріне сәйкес келін атаулы қайна­ға­ларының есімін тіпті де атамаған. Қажет болған жағдайда оларға «Төре аға», «Мырза аға» секілді жанама есімдерді бере білген. Сондай-ақ бұрынғының келін­де­рі қайын інілеріне де жарасымды аттарды таңдап, қоя білген. Бір өкініштісі, қазіргі күні кешеден бүгінге жеткен осындай салауатты әрі тәрбиелік мәні зор салт-дәс­түрлеріміз жаңаның қалтары­сын­да қалып барады. Осы тұста Ал­ма­тыда болған бір оқиғаны айтқан жөн болар. Нұржау және Роза есімді курстасымның Әділет есімді ұлдары сонау Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласын­да тұратын Жанар есімді қызбен отау құрды. Дүркіреп той етті. Тойдың ертесінде ағайын-тума, дос-жаран «келін шайға» шақы­рылды. Сонда босаға аттаған жас келін Жанар өзінің туған анасы Түйме құдағидың сонау Жаңа­өзеннен арнайы тігіп беріп жі­берген қазақы бүрмелі көйлегі мен камзолын (суретте) киіп оты­рып, келген қонақтарға қай­мақ қосылған қызыл күрең шайды ілти­патпен ұсынды. ...Шоғы сөн­бей, ызыңы естілген жез самау­рын, бүрмелі көйлек, қарақаттай көз­дері мөлдіреген пәк сезімді келін. Қандай керемет десеңізші!..Сурет­теп жеткізу тіпті қиын. Ең бастысы - қандай жарасымды! Мұ­ны айтып отырғаным, соңғы уақытта біздің жаңа қазақтарымыз мейрамханаларда думандатып той өткізіп, тек ішіп-жегенге мәз. Мі­не, солардың тәрбиелік мәні зор кешеден бүгінге жеткен ұлттық салт-дәстүрлерімізге тіпті де мойын бұрмайтыны қынжылта­ды. Ол ол ма, қайсыбір жерлерде «әйтеуір қазақтың салты ғой» деп үйлену тойларында келіннің бе­тін ашамыз. Жөн! Бірақ «келін­нің бетін ашып, сәлем сал­дыр­ғанның жөні осы екен» деп жасы үлкен аталар мен қайнағаларды айт­пағанның өзінде, үйленіп жат­қан жігіттен жасы әлдеқайда кіші бала-шағалардың атын атап, түсін түстеп айтып, жаңа түскен келінді иілдіріп, сан мәрте сәлем салды­рамыз. О заманда, бұ заман келін­нің жұбайынан жасы әлде­қайда кіші қайын інілеріне сәлем сал­ғанын кім көрген?.. Біле біл­сек, атамыз қазақтың арғы-бергі тари­хын­да жасы кішіге келін әсте сә­лем салмаған. Ал бұл - бүгінгі заманның қалтақағар той жүр­­­­гізушілерінің көбірек ақша табу мақсатында ойлап тапқан бір амалы. Тағы бір жайт, қазақы салт бойынша келін сәлем салғанда, оны екі абысыны қолтықтап, демеп тұрады. Сонда қара­саңыз­дар, бүгінгінің «тәжірибелі» келін­­дері елдің алдына ұялмай-ақ шалбармен немесе шолақ шал­бармен шығатын болды. Бұл не сонда? «Тәжірибелі» абысын­дардың жаңа ғана келін болып түсіп жатқан «су жаңа» абысын­дарына көрсетіп жатқан үлгі-өнегесі ме? Қалай десек те, ерсілеу көрініс, жабайы әре­кет... Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жаңа түскен келінге ескінің естісін үйретіп, жаңаның жаманынан жирендірейік, аға­йын! Сонда ғана келініміз «кел­сап» болмай, ақыл­ды да пара­сатты, жұрттың көңілі­нен шы­­­ға­­­тын келін болатыны даусыз!

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Карлыгаш

12 марта 2012 08:03

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
осы макаланы окып бир жасап калгандай болдым! Казах халкынын аскан даналыгымен парасаттылыгына тан каламын! laughing

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^