Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 3392
  • Автор: janar
  • Дата: 20-08-2013, 19:14
  • 0
20-08-2013, 19:14

Азаттықтың Ата заңы /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Конституция күні, Соңғы қосылған дүниелер

Азаттықтың Ата Заңы

Бір шақта азаттық деп алаңдадың,
Жаңғырды сол тарихың санаңда мың.
Тізесі барды бүктіріп,елдік құрып,
Басы барды еңкейткен қағандарым!
Болашағын айшықтап таңнан ұғар,
Бүгінгі ұрпақтың да 
Информация к новости
  • Просмотров: 6443
  • Автор: janar
  • Дата: 18-08-2013, 14:30
  • 0
18-08-2013, 14:30

Махаббат күніне арналған өлеңдер

Категория: Ғашығыма, Соңғы қосылған дүниелер

Келді бүгін бар сырын қозғағалы
  (Махаббат күніне орай өтінішпен жазылған жырлар)

Жігіт сөзі:
Жан сырымды көзімнен жалықпай ұқ,
Бөтен мінез ешқашан танытпайық.
Сынарына сыр ашқан қос аққудай,
Махаббаттың көгінде қалықтайық.
Бір өзіңді ойлаудан тасынғаным,
Тәубе дейік жолыққан ғасырға мың.
Қанатыңмен жебеген,ақ періштем,
Сенсің енді таң жұлдыз,асыл бағым!
Тек сен жайлы жайлы жүректен тарасын ән,
Қымбат дер ем өзіңді бар асылдан.
Көрдім сені,ұнатып сүйдім сені,
Таңдап алып көп қыздың арасынан.
Сені көрдім-басқаны елемедім,
Жүрегімді жауладың неге менің?!
Сен бола алсаң айнымас Қыз-Жібегім,
Мен болайын мәңгілік Төлегенің!
Бергеннен соң тәңірім ердің жүгін,
Қыздар жақтан сезімнің тердім гүлін.
Бір өзіңді көрдім де,содан бері,
Махаббаттың барына сендім бүгін.
Жан екенсің жырдағы Баяндайын,
Енді,жаным,несіне алаңдайын.
Баян болып сен менің бағымды ашсаң,
Қозың болып қалайша жаралмайын.
Таптым сені аралап қыздар бағын,
Теңемеймін өзіңді қыздарға мың.
Сені ойлайын,сәт сайын,сағат сайын,
Көшесінде жүргенде Қызылорданың.
Махаббаттың бағында егіз жанбыз,
Шуақ шашқан,гүл атқан кезің,бал қыз.
Біз бір қайың жарасып қатар өскен,
Жүрек жалғыз,сен жалғыз,сезім жалғыз!

Қыз сөзі:
Үмітімді дегенде үзді ме мұң?
Әкелер деп қорқып ем күзгі лебін.
Серілердің сырынан күдер үзіп,
Жүргенімде сен ұқтың қыз-жүрегін.
Ермеп едім ешкімнің ырқына әлі,
Енді көңіл өзің деп ұмтылады.
Менің нәзік жүрегім сырға толы,
Тек сені ойлап,сені ойлап бұлқынады.
Қуат жатар жігіттің сөзінде бір,
Ұнатасың-бар сырың көзіңде тұр.
Алып-ұшып барады қыз-көңілім,
Қыз-жүрегім өртенді сезімге бір.
***
Армандар боп жүректен озған әні,
Келді бүгін бар сырын қозғағалы.
Ерке-елік бойжеткен,ұғын да оны,
Кеудесінен итерме бозбаланы.
Айтылмасын тағдырдың ызғар әні,
Сүйеді ару,сондықтан қызғанады.
Сенім артты ол бүгін махаббатқа,
Жетелетіп арманы қыз баланы.
Бейтаныстар болса егер-танысыңдар,
Күтіп тұрған тағдырдан тағы сын бар.
Сыңар жүрек жандарға мүмкіндік мол,
Ғашық жандар,осы күн табысыңдар!
Сезім жыры болмаса ән келмейді,
Ыстық көңіл жарасып,жан тербейді.
Бар болса егер өмірде ғашық жандар,
Ізгіліктің рухы мәңгі өлмейді!

              Қыз сыры
    (өтінішпен жазылған)

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні-
Жолықтым саған.
Көңіліңнің толқыны сайтан сезімге ерген күні,
Мынау ұлы далаға бір жаңа леп келген түні,
Менің нәзік жүрегім махаббат дүниесіне сенген күні-
Біз түсінік таппадык.
Қыз-намысым абырой биігінен көрінгені үшін,
Қыз-жүрегім махаббат тазалығына берілгені үшін,
Ар-намысым жеңіл ләззаттан жерінгені үшін-
Кінәладың мені.
Сенің жігіттік биігіңе сенгенім үшін,
Сене тұрып,соңыңнан ергенім үшін,
Сені бар жігіттен артық көргенім үшін-
Мен кінәлі емеспін.
Бір сені ессіз көбелектей сүйгенім үшін,
Жүректе ойнаған сезім атты күйлерім үшін,
Сенің алдыңда қыз-тәкаппарлығымды игенім үшін-
Кінәла мені.
Сен жайлы құрбыға айтқан мақтаным үшін,
Түн қойнында сені ғана ойлап жатқаным үшін,
Бір сен деп көз ілмеген ақ таңым үшін-
Кінәла мені.
Саған деген тазалықтан өзге айдында жүзбегенім үшін,
Көкіректегі "менімді" жоғалтып,"БІЗ" дегенім үшін,
Өмір толқынынан тек сені іздегенім үшін-
Кінәла мені.
Өзгелер үшін Махаббат деп аталатынымыз үшін,
Өзге жұптарға тигізер шапағатымыз үшін,
Көз жасы киелі махаббатымыз үшін-
Түсін мені!

Өлеңдердің авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Информация к новости
  • Просмотров: 3571
  • Автор: janar
  • Дата: 16-08-2013, 22:30
  • 0
16-08-2013, 22:30

Мұғалім қыз

Категория: Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

Мұғалім қыз
         (әңгіме)

Ғабиден Қожахмет Қазалы ауданында туып-өскен.
Қызылорда мемлекеттік университетінде "қазақ филологиясы" және "заңгер-оқытушы" мамандықтары бойынша білім алды.

"Мұғалім дегеннің өзі бір зейнетінен бейнеті көп,соры қалың мамандық қой".Осы сөзді дәп басқа емес,мұғалімнің өзі айтар еді.Мұғалім әлгі сөзді жанында отырған,яки дәрігер,яки инженерге қаратып айтар.Су жаңа техниканың әлдебір сырт ете қалған жерін уайымдап отырған инженер де,болмаса ертеңгі жасайтын күрделі операциясының жайын ойлап отырған дәрігер де бұл сөзге аса мән бере қоймас. "Құдайым-ау,мен кімге айтып отырмын,-дейді мұғалім екі алақанын жайып,-мен сіздерге мұғалім дегеннің өзі бір бейнеті көп те,зейнеті аз соры қалың мамандық деп отыр емеспін бе?" Инженер де,дәрігер де дәл осы сәтте ұйқысынан оянғандай болар,әдеттегі адамның сұхбаттасын қошуақ көңілмен мақұлдай салатын қалпына басып: "Иә,солай",-деп қалар.Сол сол-ақ екен,
Информация к новости
  • Просмотров: 2209
  • Автор: janar
  • Дата: 16-08-2013, 22:27
  • 0
16-08-2013, 22:27

Бастық пен әйел/әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Бастық пен әйел
          (әзіл)

Әйел. Қараң қалғыр,осы бастық көрмесем деп едім,бастық көргім келмейді! Алдына барсаң,бір шаруаң бітпейді.Біз сияқты адамдарды бастық қайтсін,сөйлесе ме бізбен? Бастық көрсем,жүйкем жұқарады менің. (Жасөспірім қос қызына қарап.) Сыртқы есік ашылғандай болды ма,біреу келді-ау деймін осы?
   (Бастық кіреді.)
Бастық. Жеңгей,даусыңыз жарқын-жарқын шығып жатыр ғой,балаларға ұрсып жатырсыз ба?
Әйел (лезде өзгере қалып). Құдайым-ау,бастық қайным келіпті ғой.
Информация к новости
  • Просмотров: 3048
  • Автор: janar
  • Дата: 14-08-2013, 23:46
  • 0
14-08-2013, 23:46

Дос қыз /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Дос қыз
     (әзіл әңгіме)

Экономика факультетінің үшінші курс студенті Дәурен Дәукенұлы өзін қыздардың досы әрі жанашыры ретінде санаушы еді.
Бірде жас мырза Дәурен Дәукенұлына қасы-көзі қиылған бір бойжеткеннің "досым болшы" деп жабыса кеткені.
-Достық-ұлы күш,-деді Дәурен Дәукенұлы,-достық-махаббаттан да киелі сезім,ол-адамдарды әрдайым да асқаралы биіктерге жетелей бермек.
Мына сөздерден кейін,бойжеткеннің әдемі көздеріндегі шыпта кірпіктерінде мөлдіреген қос тамшы ілініп тұрды.
-Қандай тамаша!-деді ол.-Ер балалардан досың болғаны сондай керемет қой! Сен бұған лайықсын!

Информация к новости
  • Просмотров: 2511
  • Автор: janar
  • Дата: 14-08-2013, 00:18
  • 0
14-08-2013, 00:18

Ер бала /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Ер бала
    (әзiл әңгiме)

Ер балалар,әдетте,бастауыш сыныпта жақсы оқушы еді.Кекілдері жалбырап,сыныптас қыздарына да сүп-сүйкімді-ақ болатын.Олар да басы артық қаламсап немесе дәптерін беріп,көмектесуге әзір тұратын еді.Ал қалай бастауыш сыныпты бітірді-ер балалар енді "қыздар,сабақ өздеріңе аманат" дегендей,бір шетке ойнақтап шыға келеді және қыздарға да сүйкімсіз пенде ретінде көрініп,неше түрлі қылықтар шығарады.Қыздардың "өй,біздің сыныптың балдарын қоя салшы,оларға айтқанмен сөз өтпейді,бәрібір" дейтіні осы кез.
-Туу,неге ғана осылармен бірге оқыдық екен,-дейді бір қыз.
-

Информация к новости
  • Просмотров: 2755
  • Автор: janar
  • Дата: 14-08-2013, 00:17
  • 0
14-08-2013, 00:17

Ең мықты отағасы /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Ең мықты отағасы
             (әзіл әңгіме)

Сәтбек саясатқа жақын жігіт еді.Саясатқа жақындықтан осы Сәтбектің тапқан пайдасы бар ма? Қайта әйел,бала-шағасын қып-қызыл саясаткер етіп жіберген жоқ па?
Бәрі де қалай басталып еді өзі? Бір күні Сәтбектің әйелі отырып: "Ең мықты отағасы-Айтбек қой,шіркін!"-деп қалғаны.Сол-ақ екен,Сәтбек әйеліне ежірейе қарап:
-Не айтып отырсың? Айтып отырған Айтбегің не?-деді.
-

Информация к новости
  • Просмотров: 3299
  • Автор: janar
  • Дата: 7-08-2013, 18:45
  • 0
7-08-2013, 18:45

Науқас пен дәрігер (әзіл әңгіме) /қосқан Ғабиден Қожахмет/

Категория: Той-думан » Әзіл-қалжың

Науқас пен дәрігер
             (әзіл әңгіме)

Дәрігерге бір адам келді де,былай деді:
-Кешіріңіз,дәрігер мырза,аздап сырқаттанып тұрған сияқтымын.
Дәрігер әлгі адамды қарап шықты да:
-Дерт бауырда,-деді.-

Информация к новости
  • Просмотров: 3559
  • Автор: janar
  • Дата: 6-08-2013, 16:39
  • 0
6-08-2013, 16:39

Әйел - математик, әйел - құрылысшы /қосқан Ғабиден Қожахмет/

Категория: Құрылысшыларға , 8 наурыз, Соңғы қосылған дүниелер

Әйел - математик, әйел - құрылысшы(әзіл)

Әйел - математик.Әйелге шешуі күрделі есепті ілгерідегі қара шалдар тастап кеткен: "ұзын арқан, кең тұсау".
 - Ау, ата, айта кетіңіз, арқан ұзын болғанда да - оның бір өлшемі болатын шығар, ал тұсаудың кеңдігі қанша болмақ?
 - Оны өздерің есептеп шығарыңдар, өздерің ойланыңдар,  - дейді қара шал қуланып.

^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes