Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
28-04-2011, 16:24

"Ай да, күн де жақсы ғой" әні

Категория: Той әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Сөзі мен әнін жазған Қайрат Дүйсен                                                                          

Суға сіңген заттайын,
Тұңғиыққа батпайын.
Сүйген адам әрдайым,
Түсінеді жат жайын.

Қайырмасы:
Жырларыңды жаттайын,
Ал сырыңды сақтайын.
Жаным сені сүйемін,
Бұған куә ақ қайың (2 рет).


Түсіністік, сыйластық,
Арада бар қимастық.
Өткен күндер – өтті ғой,
Кімде болмас бұл жастық.

Қайырмасы

Аман болып қайда да,
Жүре берші жайна да.
Түн қойныңда болмаймын,
Сүйсінуге айға да.

Қайырмасы

 

қосқан  Ботагөз Сәдібек

Метки к статье: Ай да, күн де жақсы ғой, махаббат туралы, Н. Өнербаев орындауындағы ән

Информация к новости
28-04-2011, 15:49

"Ақ тілек" әні

Категория: Қазақстан композиторларының әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Сөзін жазған: З. Сақиев
Әнін жазған: С. Бәйтереков

 Көктем қандай шырайлы, шұғылалы,
Мың құлпырып қызғалдақ құлпырады.
Бақытты жан екеуміз бар әлемде,
Ешкім сырын білмейді мұның әлі.

Қайырмасы:
Таң қаламын келбетіңе қараймын да,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені –
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында.

Жан жүрегім елжіреп сағынғанда,
Бір сен едің аңсаған таңым алда.
Көзім талды жаутаңдап жұлдыздарға,
Көп қарадым көк мұнар сағымдарға.

Қайырмасы.


Асыл жардың аяулы ақ тілегі –
Аялаған арманның тәтті лебі.
Жалғыз сенің айнымас махаббатың,
Тебірентті, толқытты қатты мені.

Қайырмасы.

Информация к новости
28-04-2011, 15:38

"Тәттім-ау" әні

Категория: Ән - көңілдің ажары » Кейінгі жылдар әндері

қосқан Ботагөз Сәдібек

Үлпілдеп соғып жүрегім
Өзіңді ойлап жүдедім,
Бақытым сенсің бағалы,
Өзіңді іздеп жүр едім.

Қайырмасы:
Тәттім-ау, тәттім-ау.
Өзіңді әрең таптым-ау (2 рет).

Информация к новости
28-04-2011, 15:25

"Сұлу қыз" әні

Категория: Той әндері, Соңғы қосылған дүниелер

қосқан Ботагөз Сәдібек

Таңертеңмен бір сұлу қыз
суға келеді (3 рет),
Ат жетектеп бір жас жігіт
еріп келеді (3 рет).

Қайырмасы:
Тоқтаңыз, сұлу қыз, су іздеген,

Информация к новости
28-04-2011, 14:20

"Сиқырлы таяқ" ұлттық ойыны

Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер

қосқан Ботагөз Сайфуллинқызы Сәдібек


«СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ» - қазақтың ұлттық ойыны.

Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.

Информация к новости
28-04-2011, 14:10

"Қыз қала" ұлттық ойыны

Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер

қосқан Ботагөз Сәдібек


«ҚЫЗ ҚАЛА» - қазақтың ұлттық ойыны.
Атастырылған «күйеу» мен «қалыңдықты» жақындастыру мақсатында ойналады. Жастар қол ұстаса шеңбер жасап, ішіне «қалыңдықты» сыртына «күйеу жолдасты» қалдырады да, қыз қашып, жігіт қуады. Шеңбер жасаушылар не қызға, не жігітке «жанашырлық» көрсетіп, не шеңберден өткізіп, не ұстап қалу арқылы ойынды қыздыра түседі. Егер «күйеу жолдас» «қалыңдықты» ұстаса, оны «күйеуге» апарып береді.

Информация к новости
28-04-2011, 13:45

"Кімді қалайсың?" ойыны

Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер

қосқан Ботагөз Сәдібек


"Кімді қалайсың?" - қазақтың ұлттық ойыны.

Алдымен ойын бастаушы мен "жазалыға" үкім шығарушы хан тағайындалады. Қыз-жігіттерді жұптастырып отырғызады да, көршілері бір-бірінен "Кімді қалайсың?" деп сұрайды. Сонда ол ұнатқан кісінің рет санын дәл тауып, оны қасына алады, не жаңылысса "жаза" тартады. Жаза түрі ән, би, көркем сөз оқу т.б. болуы мүмкін. Бұл ойынды той-жиында қызықты етіп өткізген дұрыс. Кей жерлерде бұл ойын "қассың ба, доссың ба?" деп те аталады.

Информация к новости
28-04-2011, 13:29

Қазақтың ұлттық ойындары

Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер

қосқан Ботагөз Сайфуллинқызы Сәдібек


«Инем тап» - ұлттық ойын.
Үй ішінде жастар ойнайды. Жүргізуші сайланады. Ол ойын ережесін қатысушыларға түсіндіріп, дұрыс өтуін қадағалайды. Жүргізуші екі ойыншыны таңдап, біреуін тысқа шығарады да, екіншісінің бойына немесе киіміне ине жасырады. Жүргізуші сырттағыны шақырып, инені іздеттіреді. Ине іздеуші кез келген музыка аспабымен жәрдем беріп отырады. Егер іздеуші ине жасырған ойыншыдан алыстап кетсе, музыка бәсеңдеп, егер жақындаса, үдеп отырады. Іздеуші инені тапса, онда оны жасырған ойыншы айып ретінде ән салады, не би билейді немесе әңгіме т.б. айтып береді. Ал ине табылмаса, іздеуші «айыбын» өтейді.

Информация к новости
28-04-2011, 12:57

Ер азаматтарға арналған өлеңдер

Категория: Ер-азаматтарды құттықтау, Соңғы қосылған дүниелер

Өмір деген сынақ пенен бақыттан
Жаратылған зымыраған уақыттан
Ерің болса тіреп жүрген жаныңда
Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан

Ер адам боп жаралады өмірде
Нағыз «ер» боп қала бермес бәрі де,
«Қазақ ері» батыр, әрі батыл да,
Абыройлы жігіт деген аты да.

Әйел адам екі саты төмен боп,
Ер адамды сыйлап жүрсе өнеді.
Отағам деп қадірлесе өмірде
Мерейі мен абыройы өседі.
************
Әке көрген оқ жонар деді бабамыз,
Аман болсын аялаған панамыз,
Қабағыңа қарадық, әке ренжітпей,
Біз ұшсақ та, жаның да жүрсін анамыз.
**************

Аялап аға жүрер қарындас деп,
Жаным деп, айналайын, қарлығаш деп.
Інің жүрер әпкетай жылама деп,
Сырласар өзіңменен жаныңа кеп.

Өскенде гүлдей жайнап, бағың жанар,
Адал ер - бақыт құстай қолға қонар,
Жаныңда қадірлі нағыз ерің болса,
Көңілің інжу-маржан сөзге толар.

Жігіттер, жүректерің таза болсын,
Жолдарың биік-шыңға ашық болсын.
Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің,
Өмірің толысқан бір бақыт болсын.

Ботагөз Сайфуллинқызы




Метки к статье: ер-азаматтарға арналған өлеңдер, жігіттерге арнау, 7 Мамыр күніне арналған өлең, тілектер

Информация к новости
28-04-2011, 12:34

7 Мамыр ҚР Қарулы Күштері күніне арналған тілек

Категория: Отан қорғаушылар күні, Соңғы қосылған дүниелер

Құрметті, жігіттер, әріптестер!

7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер.

Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын.

Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей
сүйікті болыңыздар.

Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін.

Ботагөз Сәдібек

Метки к статье: Отан қорғаушылар күніне, 7 Мамырға тілек, Қарулы күштер күніне тілек, ер-азаматтарға арналған тілек

^