"Той десе, қу бас домалайды" демекші, той күні бала-шаға, жастар, қыз-келіншектер және үлкен кісілер тойға жиналған. Той дастарқаны басында қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар таратылған кейін, той басқарушы ұйымдастырған әндер айтылған. Түрлі ойындар ұйымдастырылған: балуандар күресі, ат бәйге, қыз қуу, көкпар, жамбы атыс, арқан тартыс. Жастары таң атқанша ойын-сауық құрған. Жеңімпаздары жүлделерге иеленген.
Кешқұрым ақ отау алдында жиналып, жат жерге кетіп бара жатқан бойжеткен құрбы-құрдастарымен қоштасып, "Жар-жар" жырын айтқан.
Жар-жардың айтыс түрі
Қоштасу
Қыз ұзату тойы
Жасау беру
Қыз киімін беру