» » » Еркектің анасы /Ғабиден Қожахмет
Информация к новости
  • Просмотров: 3803
  • Автор: janar
  • Дата: 6-06-2014, 04:08
  • 0
6-06-2014, 04:08

Еркектің анасы /Ғабиден Қожахмет

Категория: Той-думан » Әзіл-қалжың

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Еркектің анасы(әзіл)

 – Аға, анаңыз жайлы айтыңызшы,  – деген журналист қыздың сұрағынан кейін, еркек солқылдап жылап қоя берді:
 – Анашым-ай!. .  Анашым-ай!. .  Аяулы анам-ай!. .
Мынадай күтпеген жылаудан кейін, тіпті журналист қыздың өзі сасқалақтап қалды:
 – Аға, сізге не болды?! Қойыңыз!. .  Үйді басыңызға көтергеніңіз не?. .
 – Қоя алмаймын, қалқам, қоя алмаймын. Анашымды есіме салып жібердің. Енді қоя алмаспын, қарағым.
 – Анаңыздың жасаған жақсылықтары есіңізге түсіп кетті ме?
 – Анашым кәмпит беруші еді. Анамның берген кәмпиттері есіме түсіп кетті. . .
 – Ойбай, аға! – деді журналист қыз таңданғаннан алақанын көкірек тұсына қойып.  – Сіз деген ұл-қыз өсіріп, олардан немере, жиен сүйіп отырған аға емессіз бе?! Талай қызметтерді де атқарғансыз. Айтып отырған кәмпитіңіз не? Апайдың қолынан кәмпит жемей жүрсіз бе? Оның үстіне бағана біз осы шаңыраққа кіріп келе жатырған кезде, бізге деп жасаулы тұрған дастарханнан кішкентай бір жиеніңіз бір кәмпитті қақшып алып, сізге апарып беріп жатқанын көзім шалып қалған.
 – Бұлардың бәрінің жабылып берген кәмпиттері анашымның берген кәмпитіндей болады ма? Анашымның берген кәмпитінің дәмі тіл үйіруші еді. Қанша жыл қызмет істеп, талай дастарханнан дәм татсам да, анашым берген кәмпиттей кәмпит жеп көргенім жоқ,  – деп еркек одан әрі ботадай боздады.
 – Туу, аға – ай!. .  – деді журналист қыз шарасыз дауыспен.  – Аяғында мені де жылаттыңыз – ау. Тимур, сүлгіні алып беріп жіберші. Тасташы камераны!
 – Алып бере алмаймын,  – деді жігіт солқ-солқ етіп.  – Анашыма қоңырау соққалы жатырмын.
 – Сен де бір солқылдай қалған екенсің,  – деп қыз беторамалын алып, жасқа шыланған жанарын сүртті.
Осы кезде бөлменің есігінен жанында етегінен ұстаған үш-төрт жиен, немерелері бар, келісті келген бәйбіше қарады. Қарады да:
 – Жылап жатыр ма? – деді.
 – Жылап жатыр, апай,  – деді журналист қыз әйелге мұң шаққандай болып.
 – Не сұрақ қойып едің, қалқам?
 –  Анаңыз жайлы айтыңызшы,  деп едім, ботадай боздап қоя бергені. . .
 – Қап, қарағым-ай, ол сұрақты бекер қойған екенсің,  – деді әйел.  – Енді бұл кісі көпке дейін өз-өзіне келе алмайды. Өзімен өзін қалдыру керек. Жүр, қалқам, шай дайын тұр. Қанша асығыс болсаң да, дәмнен аттап кетпе. . .
 – Апай,  – деді журналист қыз дастархан үстінде де жүрек тұсын ұстап.  – Өз – өзіме келе алар емеспін. "Анаңыз жайлы айтыңызшы" деп едім, солқылдап қоя бергені. . .
 – Сөйтеді. Солқылдап қоя береді. Ағаңды толқыныс, тебіреніске түсіріп жібергенсің ғой. Басқа бір көңілдірек сұрақ қоймадың ба, қалқам.
 – Қандай көңілдірек сұрақ?. .  – деді қыз таңданып.
 – Мысалы, қыздар жайлы. . . ,  – деді әйел.
 – Қыздар жайлы?. .  Сонда көңілдене ме?. .
 – Ой, ол кезде құлын – тайдай шапқылап, алдыңа түсіп кетеді: "Осы сол Танзиланы айналдырып жүрген уақытым ба еді, әлде Ғазизаны ма еді? Сол екі қыз қарайлас кездесті ғой деймін. Иә, уақыттары қарайлас болатын. Нәзира оның алдында ғой. Нәзира – ол кезде ескірген хикая. Өйткені ана Танзила сол Нәзираның туыстас сіңілдерінің бірі болып шықты ғой. Содан сұрап алғанмын: "Әпкелеріңді құтты жеріне қондырып жібердіңдер ме? Әйтеуір, бәрі дұрыс болып кетті ме?" – деп. "Е, дұрыс болып кетсе болар. Қызға бақыт тілегеннен басқа қолымыздан не келеді?. . " Дәмира – ол берідегі оқиға ғой. Дәмира бері де. Ол өзі бір "Айым да сен, Дәмира, күнім де сен" деп Балуан Шолақша қайырылып түсетін уақыттар ғой" – деп жортақтап кеткенде, ағаңды ұстай алмай қаларсың.
 – Ойбай, апай, көбейіп кетті ғой,  – деді журналист қыз.
 – Көбейіп кетеді,  – деді әйел,  – көбейіп кетеді, шырағым.
 – Сонда сіз мұның қай жағында жүрсіз? – деді қыз – Әлде сізбен аяқталады ма?
 – Қайдағы?. .  – деді әйел қолын сілтеп.  – Біз орта тұсында қалып қоямыз.
 – Апай, осының бәрін өзіңіз біліп отырсаңыз, онда аға сізге үлкен құрметпен қарайтын шығар?
 – Нені?. .  – деді әйел тағы да қолын сілтеп. "Анамдай бола қоймадың. Анам ана істі олай атқарушы еді. Анам мына істі бұлай атқарушы еді. Сен анамдай жасай алмай жатырсың" деп, әлі күнгі кіржіңдеп отырады. Бұлар аналары жайлы айтқан кезде, егіліп, еміреніп, толқып, тебіреніп кетеді де, ал қыздар жайлы айтқан кезде, жүздеріне қан жүгіріп, қунақ тартып, сергіп сала береді. Әйел дегеннің өзі бір рахметі аз халық қой. Соны біліп тұрып шығамыз тұрмысқа. Соған дайын болып шығуың керек, қалқам. Әйел қонақ келгенде, неге қуанады дейсің. Кісіге көз қылып айтса да, сол кезде бір мәртебең көтеріліп қалады. Онда да айналып келгенде қонақ осылардікі. Абырой да осылардікі. Соны біліп, ашық кабақпен қарсы алып, жылы қабақпен шығарып салсын деп айтады ма, кім білсін. . .
 – Тимур, сен кімге қоңырау шала қойдың лездің арасында,  –  деді қыз.  – Жаңа ғана "анашыма қоңырау шалам" деп, солқылдап жатыр едің ғой?
 – Тыныш! – деді жігіт көздері күлімдеп.  – Қыздарға!. .  Қыздарға!. .

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^