» » » Наурыз туралы өлеңдер
Информация к новости
  • Просмотров: 4504
  • Автор: janar
  • Дата: 14-03-2014, 16:20
  • 0
14-03-2014, 16:20

Наурыз туралы өлеңдер

Категория: сценарийлер » Наурыз сценарийі

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Наурыз-мейрам

Болмасын тек Арудың қабағы мұң,
Жалыны байқалсыншы жанарының.
Мынау Дала сілкінер шағы туды,
Наурыз келіп қалыпты-Жаңа жылың!
Сезіледі тіршілік жұрт қамынан,
Дәстүрін,баба жолын жұрт таныған.
Егін бітік,еліңде ақ мол болсын!
Қазақ та ұлт қой әр кез құт дарыған.
Құттықтасын әркім де тұрғыласын,
Көреміз қашаннан-ақ жырды басым.
Әр үйде ақ дастарқан жайылсын да,
Қазандары қайнатсын сүрдің асын.
Наурыз көже ішілсін мерекеде,
Ұлық тұтқан ұлт соны ел екен де.
Салт-дәстүрі сақталса арда елдің,
Сонда кірер ынтымақ,берекең де.
Оянғандай жақсылық,сенім-үміт,
Қарсы ала ма Наурызын елі күліп.
Сыйластығын білдіріп сұлуларға
"Селт еткізер" жасасын сері жігіт.
Ғашықтарға бөгет жоқ жану бар да,
Жетелесін арманы аруды алға.
Сергек болсын серінің сезімі деп,
"Ұйқыашар" дәм ұсынсын арулар да.
Құлпырғандай көктеммен дала бүгін,
Алып бір келгендей-ақ жаңалығын.
Құтты болсын Наурызың есік қаққан,
Құтты болсын,алаш ел,Жаңа Жылың!
Болсын әр кез асылдан жиғаның ой,
Ұлыс күнде ұрпаққа сыйладың ой.
Алтыбақан тептірген ғашықтарға
Наурыз деген-Махаббат мейрамы ғой!

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Наурыз-тілек

22 марта 2016 04:11

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Наурыз-тілек


Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін,
Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін!
Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен,
Сол Наурызбен айналаға нұрға толы бақ келсін!
Табиғаттың гүл еркесі көктем жетті дегейсің,
Сол көктеммен көңілдердің пейілі ақ боп кеңейсін!
Сол пейілмен астасқандай Наурыз кірсе есіктен,
Ұлыс күнмен тіршіліктің несібесі көбейсін!
Табиғаттың гүл еркесі Көктем келіп жар салсын,
Сол қыз-Көктем адамдарға бақыт жайлы ән салсын!
Сол әнменен ілесе егер Наурыз енсе есіктен,
Жаңа күнін үлкен-кіші шаттықпенен қарсы алсын!
Көктем келіп күллі Дала әсемдікке боялсын,
Сол әсемдік атырапқа өрнегін шын жая алсын!
Сол бояумен түрленгендей Наурыз жетсе есіктен,
Күллі әлем жасарғандай осы күнмен оянсын!
Наурыз тойдың әні талай жүректерді сендірсін,
Сол әнменен Ару жайнап, шаттықпенен ел күлсін!
Сол әуенмен тербелсін де ғашықтардың жүрегі,
Жастық жігер әнін естіп табиғат та серпілсін!
Десін елі Наурыз жайлы осы бізге ерек күн,
Десін халық Наурыз жайлы бұл Жаңа күн бөлек тым.
Ұлы күннің ырысты үні пәк күлкіге үн қосып,
Нұрландырсын бесіктегі сәби жүзін бөбектің!
Көктем-қыздың інжуімен бар табиғат жасансын,
Елжіресін, жаны күліп, жанарына жас алсын.
Қарт тарихы бастау болған Қазақ Елі тағы бір
Жаңа жылдың Жаңа күні Наурызымен жасарсын!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
janar

19 марта 2014 15:57

Информация к комментарию
  • Группа: Администраторы
  • ICQ:
  • Регистрация: 23.10.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 83
  • Комментариев: 54
НАУРЫЗ

Наурыз келді күлкісін, тойын да алып,
Масайратып нұрымен бойыңды алып.
Сілкініп көк те шықты қар астынан,
Гүлденіп жасаруға дайындалып.

Күн менен түн теңесіп, тұрақталып,
Наурыз келді жылылық, шуақты алып.
Шаттанатын мезет бұл қуаттанып,
Шабыттанып, кеудеден жыр ақтарып.

Наурыз келді аяңмен асып қырдан,
Кет деп қысты, аязды асықтырған.
Жарқырады төңірек күн нұрымен,
Зіл де кетті еңсені басып тұрған.

Күннің көзі сәулесін шашып нұрдан,
Жақсылыққа,шаттыққа асықтырған.
Жігіт кезін біздердің еске салар,
Аруларға ай маңдай ғашық қылған...

Сәні бөлек Наурызда атқан таңның,
Ойын түртіп оятар жатқан жанның.
Ұлыс күні ұсынған ақ ниетпен,
Артық қой қасиеті татқан дәмнің.


Б.Жағыпарұлы
<
Нұрғали ҚАРАБЕКТЕГІ

15 марта 2014 18:44

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Н А У Р Ы З КЕЛДІ

Аяз-қарттың көрпесін жұлып тастап,
Ақырынған ақпанды сырып тастап.
Кіріп кеді КӨКТЕМ-ҚЫЗ күлімсіреп,
Жер-Анаға салынған құлыпты ашпақ.

Дала, бақтың гүлдеді тал-терегі,
Немересін жетелеп шал келеді,
Әлімсақтан қазақтың дәстүрімен,
Иіледі жас келін сәукелелі.

Қыз-бозбала төскейді бетке алады,
Қалжыңдасып, мәз-майрам боп барады.
Қысы бойғы сақтаған сырын жігіт,
Бойжеткенге айтуға оқталады.

Қырат-белде қозы-лақ маңырайды,
Шопан-Ата көңілі жадырайды.
Бәйбішесі пейілді, ірімшік пен
Қояды әкеп алдына сары майды.

Туған жерге құс қайтып оралады,
Желбірейді арудың орамалы.
Әскердегі жігіті биыл келмек,
Қалыңдықтың сол жаққа көп алаңы.

Жылғаларға су толып, сылдырайды,
Төбе-дөңнен құлын-тай құлдырайды.
Жұпар желі наурыздың әзілдесіп,
Келіншектің жаулығын жұлқылайды.

Күннен ұялып бұлтқа Ай қашады,
Нөсер құйып, жылға мен сай тасады.
Кірбің шалған қабақтар жадырасып,
Қайта келіп құшақтар айқасады.

Егіншілер жер бетін тырмалайды,
Жүрегінен ақынның жыр борайды.
Кеше келген дүниеге Наурызбайлар,
Жөргегінде бұлқынып, «іңгәлайды».

Қуаныштан көңілдер тасып жатыр,
Есік ашық, қонақтар басып жатыр.
Наурыз көже, бесік той, тұсау кесер...
Шашуларын әжелер шашып жатыр.

Көктен нұрын Ару Күн таратады,
Дел-сал дүние!..
Шаттықпен таң атады.
Тіршілікке сыйлаған өмір нәрін,
Бұл – Наурыздың ырысқы, шарапаты.

Нұрғали ҚАРАБЕКОВ,
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы
<
Нұрғали ҚАРАБЕКТЕГІ

15 марта 2014 18:36

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
НАУРЫЗДА

Наурызда жаңарады бар әлем,
Керемет бұл жаратылыс не деген!
Жердің жүзі тазарады көнеден,
Шын тілеген – арылады бәледен.
Керемет бұл – не деген!..
Мың бұралып, кербезденіп, таранып,
Арулар да құлпырады жаңарып.
Бір тірі жан үйде қалмас қамалып,
Әр күнінде бар әрқилы жаңалық.
Табиғаттың кереметі білгенге,
Жанданады, бүр жарады гүлдер де.
Таң бозарып, түн түндігін түргенде,
Барлық әлем сұлулыққа енгенде,
Махаббатқа батар көңіл шерменде.
Науырыздың самал-желі өпкенде,
Сон-о-о-у көктен Күн шуағын төккенде.
Қаз-үйректер тізбектеліп жеткенде,
Жатсаң аунап, рахат-ау бөктерде!
Бүкшеңдейді кимешекті әжелер,
Қайнап жатыр қазан-қазан көжелер.
Түрлі ойын, жарысады бәрі де,
Алдымызда біз жетпеген межелер.
Бауырсақтың исі мұрын жарады,
Әсем әуен бар алапқа тарады.
Әзілдері жарасады бәрінің,
Ғашық жандар қолтықтасып барады,
Ашылғасын жаңа өмір парағы.
Келін түсу, қыз ұзату, бесік той,
Бөбектердің тұсауын да кесіп қой.
Көкпар, бәйге болатыны белгілі,
Жаратылған атың болса қосып қой.
Анау жерде қызып жатыр күресің,
Мықты болсаң теңгені де ілесің.
Өзің болсаң осы думан ішінде,
Науырыздың мағынасын білесің.
Жұрттың бәрі бүгін сондай көңілді,
Ақындардан жыр маржаны төгілді.
Басталған той қазір осы алаңда,
Жыл бойына жалғасардай көрінді.

Науырызда жаңарады бар әлем,
Керемет бұл жаратылыс не деген!
Жердің жүзі тазарады көнеден,
Шын тілеген – арылады бәледен.
...керемет бұл – не деген!

Нұрғали ҚАРАБЕКТЕГІ,
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^