Информация к новости
  • Просмотров: 2551
  • Автор: janar
  • Дата: 13-01-2014, 18:47
  • 0
13-01-2014, 18:47

Қайырым мен қанағат мейрамы

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мейрамына орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.
Ол жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қолұшын беру сияқ­ты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға қомақты үлес қосады. Ата-бабаларымыз осы асыл үрдістерді ға­сыр­лар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді.
Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Дін өз руханилық негіздерін нығайтатын, өзгеге өнеге болатын ізгі ниет пен игі әрекеттен көрініс табады. Діннің бас­ты мұраты – қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман жамағаты мемлекетіміздегі бірлік пен ынтымақтың бекем бола түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда. Еліміздегі түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.
Халқымыз өз рухани болмысын сақтап, ерік-жігерін арттыра отырып, одан әрі өркендеу жолына қадам баса береді деп кәміл сенемін. Алла тағала барлық дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
Құрбан айт мүбәрак болсын!
Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^