» » Ел үшін туған ер ұлы /Ғабиден Қожахмет
Информация к новости
  • Просмотров: 3474
  • Автор: janar
  • Дата: 13-11-2013, 15:14
  • 0
13-11-2013, 15:14

Ел үшін туған ер ұлы /Ғабиден Қожахмет

Категория: Өлең - сөздің патшасы, Тәрбие сағаттарына материалдар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Ел үшін туған ер ұлы

Өткеннен бізге ой тартқан,
Көрінер тарих көзге ерек.
Елдігімді талай шайқалтқан,
Дұшпанда кеткен аз ба кек?!
Бейбіт ел бір кез үдеріп,
Жау тиіп жақын іргеден.
Заманы бұлттай түнеріп.
Сырда да өтті дүрбелең.
Әлегін дұшпан салдырып,
Тыныштық елден бұзылды.
Ұлыңды қапыда қалдырып,
Қалыңсыз құшты қызыңды.
Пейілін анық аңдатып,
Ерлерге намыс өртетті.
Жанқожа болып сол уақыт,
Ерліктің оты жарқ етті.
Ұл туып ұлттың бағына,
Есең бір қайтар күн келді.
Әруақты батыр жауына,
Айбалта болып сілтенді.
Халқы үшін туып баталы ұл,
Ақ сауыт киді болаттан.
Майданда төгіп қаһарын,
Кек тамып тұрды жарақтан.
Тыныштық бастан ұшқан күн,
Батырлық солай көктемек.
Менменсіп келген дұшпанның,
Тағдырын шешті жекпе-жек.
Осылай қорғап елді ұлы,
Қайтарды ардың өтеуін.
Айшықтап тұрды ерлігі,
Даланың ұлы екенін.
Жауына қаһарлы көрінген,
Иманы кәміл нар тұлға.
Өтіпті ақыры өмірден,
Құбылаға қараған қалпында.
Ұмытпай жүрді елі де,
Аңыз қып батыр ерлігін.
Бостандық лебі келді де,
Құрметтеп жатыр ел бүгін.
Бас иген солай салтына,
Беріліп ердің бағасы.
"Батырым!" деді қарты да,
"Бабамсың!" деді баласы.
Азаттық жолын ән қылып,
Қорғаған елді ер білек.
Санамда қалды мәңгілік,
Ерліктің туы желбіреп!

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
серікбай маханұлы

22 декабря 2013 16:54

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
ГҮЛ СЕЗІМДІ -- ГҮЛЗАДА .
Сөзі , әні .
Орташа екпінмен . Серікбай Маханұлынікі .


Атың қандай гүл сезімді Гүлзада ,
Атқан таңдай жарқырайсың арманда .
Қара шашың төгіледі жарасып
Қиғаш қасың келбетіңе тұнғанда .

Қайырмасы :
Көркіңе сай жайраңдайды мінезің ,
Ән арнайын ақ пейілді қыз едің .
Өмір толқын арнасына бет бұрдың
Шаттықпенен бақытыңды түзедің .

Еңбегіңді өтеледің өмірге ,
Дақ салдырмай ешбір жанға көңілге .
Желбіредің тау шыңында Шынар боп
Ел ішінде ие болып сенімге .

Қайырмасы :
Сөз кезегі келіп тұр ғой ақылға ,
Сыйлы болып жүре білдің жақынға .
Жасап жатқан мерей тойың құт болып
Әндеріне шабыт бердің ақынға .

Қайырмасы :
<
серікбай маханұлы

22 декабря 2013 16:47

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
ЖАҢА ЖЫЛ , ҚАЛҚАШЫМ .
Сөзі , әні .
Көңілді . Серікбай Маханұлынікі .

Ақша қар , Аяз ата - Жаңа жылым ,
Малынып ақ ұлпаға арай таңым .
Жайқалып көріктенді шыршаларым
Ән салып , кел билейік қалқажаным .

Қайырмасы ;
Салют боп , ұшқында шоқтарым ,
Жаңа жыл бақытым қалқашым .
Лауласын аспанда от – жалын
Жайқалсын гүл – дәурен шақтарым .

Жаңарған дүние тұр аппақ қардан ,
Жаңа жыл күйін шертіп ақтарылған .
Қалқашым қарап көрші табиғатқа
Ғажайып мезгілімен ауыстырған .

Қайырмасы ;

Тамырын ұстап тұрып білегіңнің ,
Дүрсілін естіп тұрмын жүрегіңнің .
Қалқашым Жаңа жылда бақыт сыйла
Арманы орындалсын тілегімнің ?!

Қайырмасы ;

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^