» » » Елу жасқа арналған құттықтау
Информация к новости
  • Просмотров: 19799
  • Автор: janar
  • Дата: 28-12-2011, 03:51
  • 0
28-12-2011, 03:51

Елу жасқа арналған құттықтау

Категория: Туған күнге тілектер » Парасат (49-61)

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

 Ұзақ жылдар бойы аралас-құралас болып жүрген адам туралы, ол адам жақын, сырлас досың болса, ол жөнінде ой білдіру, толғау айту әрі оңай, әрі қиын. Оның себептері де жоқ емес. 

Жеңіл боп көрінетіні сен оны жақсы білесің, оның бар болмысы сенің көз алдыңда және өзіңмен бірге өтіп жатыр. Ол туралы басқаларға қарағанда көп білесің. Ал қиындау болатыны, сен өте жақсы білетіндіктен оның қай қырын, қай жағын тілге тиек етіп көрсетуге қиналасың. Сенен басқа оны жақсы білетін адамдар аз, мүмкін жоқ та шығар. Сол себепті досың біреулер үшін сағымдай алыс боп көрінетін, ал біреулер үшін жас жігіттің жасы боп көрінетін ғасырдың жарты белесін еңсеріп, елу жасқа толғалы отырғанда ол туралы ауыз толтырып әңгіме айтуды менің міндетім деп есептейсің. Егерде досың қарапайым адам болып, күнделікті күйбең тіршілікпен, отбасына қатысты шаруалармен айналысып жүрсе, онда ол туралы әңгімені жай дастарқан басында-ақ оп-оңай айтуға болар еді. Ал досың қоғамдық, әкімшілік қызметтермен араласып, көпшіліктің көз алдында жүрген тұлға болса, онда ол туралы айтар әңгіме де басқаша сарында болады. Әңгіменің барысы досыңның адамдық, тұлғалық болмыстары мен ерекше қасиеттерін көпшілікке таныстыру, жастарға үлгі болатындай бағытта болмақ. Соған байланысты жастық шаққа ойша саяхат жасап, онымен алғашқы кездескен, танысқан сәттерді, бірге өткізген студенттік қызыққа толы жылдарды, бір бөлмеде тұрған қиын да қызықты кездерді, университетте бірге бастаған оқытушылық қызметтің алғашқы баспалдақтарынан қазіргі күнге дейінгі өмір белестерін көз алдыңнан жүгіртіп өткересің. Мені ойша жастық шаққа саяхат жасатып, бүгінгі ой-толғауымның кейіпкері болып отырған досым – ..... ғасырдың жартысына келіп отыр..../әрі қарай бір-екі  естелік айтылады/
***

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,

Бастауы берекенің табылғанға.

Биікте болсын әркез жұлдызың деп,

Тілейміз біздің бауыр ..... жанға!

 

Ауылға құт-береке орнағансын,

Ақтерек ардақтайды бел баласын.

Туыңды туған жерге тігіп едің,

Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.

 

Қалдырып артта қалай қиындығың,

Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.

Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел

Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.

 

Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,

Есдәулет ақын рухы кеңескенде.

Елін жебеп жүргендей елестейді

Қараш батыр сонау бір белестерде.

 

Арналсын ...жанға ақ-адал күн,

Ер жасы елуіңде бағаландың.

Көркейіп Ақтерегің күннен-күнге,

Рухы қолдай берсін бабалардың.

 

Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,

Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.

Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,

Таптың сен жұмысын да, ырысын да.

 

...жан, сүйіндірді нар талабың,

Халқыңның ақ алғысын арқаладың.

Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,

Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.

***

Жан аға, құтты болсын 50 жасың,

Әр уақытта домалап өрге тасың.

Үшеуімізді жақын тарттың бауырыңа,

Әрдайым аман болсын алтын басың.

 

Тілек еттім алғы күннің ажарын,

Сарқылмасын өмір-өзен базарың.

Абыройың арта түсіп үнемі,

Хақ-Тәңірі көрсетпесін азабын.

 

Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,

Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.

Беделің де артсын ылғи ортада,

Еңбегіңмен алда өсіп өне бер.

 

Құтты болсын 50 жасың белесің,

Барлық жаннан мақтау алып келесің.

Аман болып жасыңа жас қосылсын,

 

Алла жазса, талай тойды көресің.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Гүлнар

31 июля 2015 01:19

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Өз тілектерін жария еткен отандастарымызға рахмет! Тілектер көбірек болса екен, ішінен таңдап алатын. Досымның 50 жастығына тілек іздедім, бір-ақ тілек таптым, оған да құдайға шүкір. Көбейе түссе екен.
<
janar

24 января 2014 19:35

Информация к комментарию
  • Группа: Администраторы
  • ICQ:
  • Регистрация: 23.10.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 83
  • Комментариев: 54
Ардақты келін, аяулы жеңгеміз 50 жасқа толып отыр.
Шәкірттері биікке самғап, үмітін ақтады. Ұл-қыздары ер жетіп, қуанышына айналды. Осының бәрі өз білімінің, еңбегінің нәтижесі. 50 жасқа толуымен құттықтап, бала-шағасының қызығын көруін тілейміз.
Қуаныңыз, шаттаныңыз, тасыңыз,
Әдемі өрлеп, әр белестен асыңыз.
Ұрпақтардың қызығына бөленіп,
50 емес, 100-ге жетсін жасыңыз.
Шарықтасын арманыңыз, ойыңыз,
Жырға тұнсын, нұрға тұнсын бойыңыз.
Түтініңіз түзу шығып үнемі,
Жақсылықты жалғастырсын тойыңыз.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^