Жиі оқылатын сөздер
- Әзілдер
- "Заман" тобы орындайтын "Өмір-өзен" әні
- жастар, студенттер, қыз бен жігіт, жас жұбайлар жайлы к ...
- Мұғалімдер мен оқушылар, студенттер мен оқытушылар, оқу ...
- кемпір-шалдар жайлы күлдіргі әңгімелер
- Дәрігерлер туралы күлдіргі әңгімелер
- Көлік, МАИ қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер
- Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер
- маскүнемдер, арақ-шарап туралы күлдіргі әңгімелер
- Арнау дуэтінің Махаббат жыры әні
Соңғы қосылған дүниелер
- Ел, туған жер отан туралы әндер
- Отан, туған жер туралы әндер
- Отан, туған жер туралы әндер
- Дәрен Сейітжанов орындайтын "Таңғы қала" әні
- "Заман" тобы орындайтын "Өмір-өзен" әні
- Оқырман Алиев Файсұлтан қосқан тілек
- Оқырман Бектемірова Салтанат қосқан өлең
- Оқырман Бектемірова Салтанат қосқан өлеңдер.
- Бектемірова Салтанат қосқан тілектер, өлеңдер
- Әріптесімізді құттықтаймыз
Барам, апа, көктемде
Барам, апа, көктемде
Ақ көңілден ақ шұға,
Алау атып жаулығың.
Апа, қалың жақсы ма,
Мықты ма денсаулығың?
Он оралып ойыңа,
Былтыр ұшқан жыл құсың.
Қара жолдың бойына
Қарай-қарай жүрмісің?
Барам, апа, көктемде,
Жаңбыр сеуіп өткенде.
Алтай алқа таққанда,
Бұлақ сылдыр қаққанда.
Тағат таппай елеңдеп,
өткендей боп жыл құсың.
Хаты қашан келер деп
Алаң болып жүрмісің?
Он оралып ойыңа,
Былтыр ұшқан жыл құсың.
Қара жолдың бойына
Қарай-қарай жүрмісің?
Барам, апа, көктемде,
Жаңбыр сеуіп өткенде.
Алтай алқа таққанда,
Бұлақ сылдыр қаққанда.
/әннің авторларын білсеңіз, хабарласыңыз/
Есте сақта
Бәрі де артта қалды ма,
Жаным-ау, бағың жанды ма?
Сағыныш болып күн сайын
Келесің көздің алдына.
Екі жаққа екеуміз
Кетерміз енді не етерміз.
Бақытқа, бәлкім, жетерміз,
Өкініп, мүмкін, өтерміз.
Айналған бұлдыр елеске
Біздің махаббат емес пе?
Сезімнің сұлу сырларын
Сақта мәңгі сен есте!
Есте сақта бір жүрген бақтарды,
Есте сақта сол ғажап шақтарды,
Есте сақта екеуміз көз ілмей,
Армандап қарсы алатын ақ таңды.
Есте сақта мен жазған хаттарды,
Есте сақта мен салған тәтті әнді,
Енді сені сол ғана тербейді,
Өзгесі оралып келмейді.
Оралмасаң да, жан жарым,
Сен жүрегіңе алма мұң.
Кешегі келмес күндерді
Есіңде сақтап қал, жаным.
Орала алмайсың білем мен,
Бақытың өзге біреумен.
Сонда да өмір сүрем мен
Өзіңе бақыт тілеумен.
Айналған бұлдыр елеске
Біздің махаббат емес пе?
Сезімнің сұлу сырларын
Сақта мәңгі сен есте!
Есте сақта сол ғажап шақтарды,
Есте сақта екеуміз көз ілмей,
Армандап қарсы алатын ақ таңды.
Есте сақта мен жазған хаттарды,
Есте сақта мен салған тәтті әнді,
Енді сені сол ғана тербейді,
Өзгесі оралып келмейді.
Біздің жігіттер-жігіттер-жігіттер!
Ерболат ҚҰдайбергенов
Біздің жігіттер жігіттер жігіттер
Міне жігіттер, керемет жігіттер
Мына біз жігіттер жігіттер жігіттер
Арландай тарландай біздің жігіттер
Міне-міне-міне, міне-міне-міне, міне-міне
Біздің жігіттер жігіттер жігіттер
Міне жігіттер, керемет жігіттер
Мына біз жігіттер жігіттер жігіттер
сегіз қырлы, бір сырлы біздің жігіттер
Міне біздің жігіттер жігіттер жігіттер
Міне жігіттер, керемет жігіттер
Мына біз жігіттер жігіттер жігіттер
Арландай тарландай біздің жігіттер
Үлкен-кіші алыс-жақын туыс-бауыр ағайын
шын көңліммен мен сіздерге айтамын
қазіргінің жігіттері оу болайын
біздің жігіттерге жырдан асыл алқа тағайын
таныс әлде бейтаныс па бәрібір
үлкенге де кішіге де сый-құрмет сәлем бір
өз ана тілін қастерлеген ардақтап, таныта білген бір сырлы мен сегіз қыр
қазағымның жігіттері кейде ХМ........... кейде қарапайым
жігітке тән сән жыр жазайын
байсалдылық сабырлық жігітке сән
кейде жібермес намыс бар дос-бауыр ағайын
ей арулар қадірлеңдер жігіттерді
бұл жігіттер жалғамақ үміттерді
Мұз боп қалған жүректі жібітеді
Құлазып қалған көңілді сергітеді
Туған туыс жақыннан алыс кетіп
Сапқа тұрып Сарбаз боп әскерде өтеп борышын өтеп адалдық намысымен
қуаныш пен сағыныштың желі есіп
Сабыр сақта зұлымдыққа мойымай
Жармасса да жау жағаға жазылмай
отан үшін жаны құрбан жігіттер
жау алдында қабырғасы майыспай
Міне біздің жігіттер жігіттер жігіттер
Міне жігіттер, керемет жігіттер
Мына біз жігіттер жігіттер жігіттер
Арландай тарландай біздің жігіттер
Міне-міне-міне, міне-міне-міне, міне-міне
Міне Біздің жігіттер жігіттер жігіттер
Міне жігіттер, керемет жігіттер
Мына біз жігіттер жігіттер жігіттер
сегіз қырлы, бір сырлы біздің жігіттер
Міне біздің жігіттер жігіттер жігіттер
Міне жігіттер, керемет жігіттер
Мына біз жігіттер жігіттер жігіттер
Арландай тарландай біздің жігіттер
Міне-міне-міне, міне-міне-міне, міне-міне
Ақ босаға /қазақтың келіндері-ай/
АҚ БОСАҒА
(С. Желдербаева, М. Рүстемов)
Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,
Ақ босаға, мерейлі бас босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
Қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.
Қариялар батасын береді екен,
Бата деген ақ тілеу керек екен.
Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек,
Ұрпақтарға жалғасып кетеді екен.
Қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Бір шаңырақ келінсіз көтерілмей,
Бір кереге келінсіз керілмеді.
Татулықпен тамсытқан ауылымды,
Ардақ тұтқан аға, іні, бауырымды.
Ізеті мол қазақтың келіндері,
Бағалаттың баршаға қадіріңді.
Қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Сол келіндер арқасы босағадан,
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.
Ауылым - әнім
Ауылым - әнім
Сөзі Б. Тәжібаевтікі, әні Е. Хасанғалиевтікі
Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім,
Көз алдымда тұрармысың!
Ғашық едім қыр гүліне,
Қызық-тойым сенде өтеді.
Сенде өткерген бір күніме,
Дүниеде не жетеді!
Сүйем таныс жолдарыңды,
Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды,
Жанға ләззат әперетін.
Сүйем айна көлдеріңді,
Мөлдіреумен қарайтұғын.
Сүйем белес-белдеріңді,
Таң сәулесі тарайтұғын.
Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!
Ауылымнан аттанарда,
Алтын аймақ ән салады.
Жол тынымсыз тартқан алға,
Жүрегімді нұр шалады...
Атамекен
Атамекен
Өлеңі: Қ. Мырзалиев
Әні: Е. Хасанғалиев
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы
*******
Асыл арман
Асыл арман
Сөзі Б. Тәжібаевтікі, әні Е. Хасанғалиевтікі
Арманым ақ сәулелі күнімбісің,
Әлде бір алаулаған гүлімбісің.
Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,
Арманым айтарым көп саған менің.
Қ а й ы р м а с ы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің,
Мен сенің құдіретіңе, мен сенің
құдіретіңе түсінбедім.
Арманым құздан құлар бұлақпысың,
Әлде бір күлімдеген шырақпысың.
Әлде бір албыраған ай ма екенсің,
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?
Қ а й ы р м а с ы:
Арманым жүрегімнің жыры ма едің,
Жас ару жанарының нұры ма едің.
Әлде бір сазы ма едің домбырамның,
Қиялды асқар шыңға қондыратын.
Қ а й ы р м а с ы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Бұл өмірде, бұл өмірде,
Мен жайқалған алау гүлмін,
Арманым күнде сені, арманым күнде сені
іздеп жүрмін.
Шалқымалы
Жабырқап жүрген жанымды
Жап-жарық етті бір арай.
Әуенім жаңа,
Әуенім жаңа табылды
Әніме менің,
Әніме менің,
Әніме менің құралай.
Жүрегім солай салды әнге,
әнімді өзің кел жалға-ай.
Сағыныш болсаң,
Сағыныш болсаң, арман не,
Сағынатұғын,
Сағынатұғын,
Сағынатұғын жан барда.
Кәусар күй кештім мен бүгін,
Тұнады сырға Күн мен Ай.
Көрінбей жүріп,
Көрінбей жүріп сен неге
Көріне кеттің,
Көріне кеттің,
Көріне кеттің, бұл қалай?
Ілесіп аппақ арманға,
Ақ ерке әнім сыңсиды.
Дәл мендей сені
Дәл мендей сені жалғанда
Жаным-ау, сірә,
Жаным-ау, сірә,
Жаным-ау, сірә, кім сүйген.
"Ақ бидай" немесе "Жасай бер қазақ"
«Әнім сенсің, тың дала», «Ақ бидай», «Жасай бер, қазақ!»
Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі:
Ақ бидай – әнім, ақ бидай – дәнім,
Ақпейіл – халқым, ақпейіл – әр үй.
Еңбегі – шежіре, ерлігі – дастан,
Қазағым осы, дәулеті тасқан!
Дәм-тұзға толы дастарқан дала,
Күн сайын думан, күн сайын – жаңа ән.
Күмбірле күйдей көңілдің хошы,
Мерейі асқан қазағым – осы!
Қонағы келсе – құшағы ашық,
Дүшпанға – қатал, досына – ғашық.
Теңіздей терең, тасындай заңғар,
Қазағым, достар, – осындай жандар.
Әлемге айдай асырған даңқын,
Ұл-қызы әсем, жүздері жарқын.
Еңсесі биік, елдігі ғажап,
Жасыма, жайна, жасай бер, қазақ!
Ал мына сөздер екінші шумақта болғанға ұқсайды:
«Қазақтың нағыз шырқаған шағы», –
Деді ғой Леонид Ильичтің өзі!
Қыз ұзату әні
әні Тұрсынбаев Жоламандікі
өлеңі М. Әлімбаевтікі
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
Жан-жүйең қалай ғана сыздамасын.
Құдалар, алақанға салып бердік,
Жүректің жұлып алып бір парасын.
Көңіл де, көз де тояр күйеу бала,
Болғайсың үш жұртыңа сүйеу-пана.
Жарыңның жұлдызы боп, бақытты бол,
Мұндай қыз бұл дүниеде біреу ғана.
Тірліктің шеберіміз көркемдейтін,
Орай жоқ кеш дейтін де, ерте дейтін.
Үлкендер, сау болыңдар, еркелетер,
Кішілер, сау болыңдар, еркелейтін.
|
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
мына электронды мекенжайға хабарласыңыз.
Құтты болсын, 2010
All rights reserved