Ер-азаматтарға арналған өлеңдер
- 28-05-2013, 21:47
- 12410
Ер-азаматтарды құттықтау, Соңғы қосылған дүниелер
Қызылордадан Ғабиденнің өлеңдері
Еркектің өзі-бір әлем(әзіл)
Болмады да тағдыр жолы өтімді,
Талай ару әлденеге өкінді.
Жігіт деген экспресс заулаған,
Ал арулар аялдама секілді.
Жігіт-жампоз,сол ғой оның әлемі,
Бекеттерге ат шалдырып келеді.
Заулар дейсің қанша жерге бұл пойыз?
Тоқтайтұғын соңғы бекет-әйелі.
Бойжеткеннен арман толы күйді ұқтым,
Жансын оты жанында әсем сүйріктің.
Мүмкін соңғы аялдамасы сен шығар?
Келе жатқан тағы да бір жүйріктің.
***
Ойым қалып ортасында көкпардың,
Сұрақ беріп сыр тартуға оқталдым.