Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 2434
  • Автор: janar
  • Дата: 6-02-2011, 15:47
6-02-2011, 15:47

Жүніс Қоқышұлынан

Категория: Той-думан » Күлдіргі әңгімелер

- Кейбір келіншектер неден қорқады?

- Оларыңыз байсыздықтан да, жайсыздықтан да, баласыздықтан да қорықпайды. Айнаға қарағанда бетіндегі айқыш-ұйқыш әжімнен қатты шошынады.

 *******

- Жеңге шашыңызға – шаш, тырнағыңызға – тырнақ, кіндігіңізге – шығыршақ, кірпігіңізге – кірпік жалғапсыз. Оны дұрыс дейік. Қолыңыздың тырнағындағы жұлдыздың, аяғыңыздың тырнағындағы айдың суретінен не түсінеміз?

- Басым – күн, қолым – жұлдыз, аяғым – ай.

   Бұл жеңгең әлі жап-жас баяғыдай!

 ******

- Құрдас, басым жұмыс істемей тұр.

- Қашаннан бері?

- Таң атқалы бері былай, нетіп сұмдық бір нәрсе тілеп...

- Менің білуімше, сіздің басыңыз ішімдікке салынған жылдардан бастап жұмыс істеп жүрген жоқ.

 *****

         - Сіз шығарған «әнде» сезім шошынып, ұшынып, шыңғырып, иттей ұлып тұратыны қалай?

         - Мен ол әнді ауылым туралы жаздым. Ауыл болған соң, ертелі-кеш азан-қазан болады. Айғыр кісінейді, бұқа өкіреді, сиыр мөңірейді, ит ұлиды. Мастар әлдекімдерді балағаттайды. Жеңгелеріміз бос шелегін даңғырлатып суға барады.

 *****

         - Құрдас, сізді бұрын атқан оғы жерге түспеген аңшы болды деседі?....

         - Сен біздің ауылдың маңынан арыстан, жолбарыс, піл, керік, мүйізтұмсық көрдің бе?

         - Жоқ.

         - Соның бәрін мен дер кезінде атып алғанмын.

 *******

         - Құрдас, сенен кейде адамның иісі сезілмейді.

         - Оның иісі қандай болады?

         - Адамгершіліктің, қайырымдылықтың лебі бұрқырап есіп тұрады. Сізде басқаша...

 *****

         - Біреулер «махаббат» деген басынан аяғына дейін өліп-өшкен сағыныштан тұрады дейді.

         - Сағыныштан тұрғаны жақсы-ақ. Бірақ өлгені де өшкені де жаман екен.

 *****

         - Алақаның қышыса, ақша ұстайсың, - деген рас па?

         - Бір алақаныңыз ба?

         - Иә.

         - Сол да сөз боп па? Ұйымдасқан жемқорлардың екі алақаны өне бойы қышып тұрады. Сонда да олар үнін шығармайды.

 ******

Информация к новости
  • Просмотров: 2547
  • Автор: janar
  • Дата: 5-02-2011, 23:58
5-02-2011, 23:58

Берік Садырдан

Категория: Той-думан » Күлдіргі әңгімелер

- Әке, сіздер коммунизмнің белсенді құрылысшылары болыпсыздар ғой?

- Болдық, сосын құрылыс материалдары жетпегенсін – қойдық...

*****

- Мына басыңдағы ісік пе?

- Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім.

- Иә, дәрігер не дейді?

- Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын елі, - дейді.

****

- Үйсіз қала, сусыз өзен-көл, Талшыбықсыз ну орман қайда болады?

Географиялық картада.

****

- Кімнің алдында елдің бәрі бас киімін шешуге мәжбүр болады?

- Шаштараздың алдында.

*****

- Балықтың қай түрі ең бағалы болып саналады?

- «Алтын балық».

*****

- Байқамай қасығың мен шанышқыңды жұтып қойдың. Не істеген абзал?

- Тамағыңды қолмен жеуге тура келеді.

****

         Үйіне кіріп келген күйеуіне әйелі:

         - Балаң күннен-күнге өзіңнен аумай бара жатыр, - дейді.

         - Балам, бері кел! Бүгін тағы не бүлдірдің?

******

         Армян радиосынан сұрайды:

         - Суға батып бара жатқан шенеунікке жіптің қай ұшын берген дұрыс?

         - Екеуін де...

******

        Таңертең жұмысқа келдім. Сырт киімімді шешіп, ілгішке ілдім. Компьютерді қостым. Бірақ интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

 ********

         Футболист күнделігінен:

«10 тамыз. Кеше топ бастаушылармен 2:2 есебімен тең ойнадық. Мен 4 доп соқтым.

******

Информация к новости
  • Просмотров: 2612
  • Автор: janar
  • Дата: 5-02-2011, 23:30
5-02-2011, 23:30

"Айқын" газетінің беттерінен

Категория: Той-думан » Күлдіргі әңгімелер

Сол кездегі Қызылқұм аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Әубәкір Жаппаровқа бір құрдасы келіп, түсінде Брежневпен, Қонаевпен бірге бір дастархан басында отырып, солармен дәмдес болғанын айтыпты. Сонда Әбекең:

- Әй, түс дегенді де шамаға қарап көру керек қой, оларда нең бар, сен түсіңде бізді көрсең де жетпей ме? – депті.

*******

  Мектеп директоры Төкеңнің үйіне бірге өсіп, бір сыныпта оқыған, совхоз директоры болып қызмет істейтін бала күнгі досы қонаққа келіпті. Кейбір баланың әдеті ғой бор жейтін. Сондай әдет Төкеңнің баласында бар екен. Бор жеп отырған баланы көрген досы:

         - Өй мынау бор жеп отыр ғой,- депті таңырқап. Сонда Төкең;

         - Е несі бар? Совхоз директорының баласы қой жесе,  мектеп директорының баласы бор жемегенде, не жейді? Әркім қолындағы барын жейді де, - деген екен.

*****

Күйеуі әйеліне:

- Мен сені күлдірейін бе? – дейді үйіне кіріп келе жатып.

- Айлық алдың ба, не?

*******

Көпшілмін

          Жұмысқа тұруға келген Мырзаш деген жігіттен аудандық білім бөлімінің бастығы Тайманов:

         - Ішімдіктің қайсысын ішесің? – деп сұрақ қойыпты. Сонда ол:

         - Үшеуінде. Жетімсіздеу үйге барсам, вино береді, іше салам. Кей кісілер арақ құяды, оны да тартып жіберем. Ал өзіңіз секілді кісілер коньяк ұсынса, олардың да меселін қайтармаймын. Жалпы, мен көпшіл адаммын - депті.

 *******

Бір қария тоқсан жасқа жетіп, соның құрметіне балалары той жасайды. Бәрі де ізгі ниетпен:

         - Жүзге жетіңіз, жүзге жетіңіз, - дей беріпті. Мұны қаламаған шал:

         - Содан басқа сан білмейсіңдер ме? – деп өкпе айтыпты.

****

Бір студент емтиханға дайындалып жатқан абитуриенттен:

- Темекі тартасың ба? – деп сұрайды.

- Жоқ.

- Онда арақ ішетін шығарсың?

- Ішпеймін.

- Онда несіне оқуға келдің?

*****

Бір совхоз жұмысшылар комитетінің төрағасы Әбекеңе шағым айта келіп:

- Мен тура футболдың добы болдым, біресе ана совхозға, біресе мына совхозға ауыстыра бересіздер. Бұған қашан тоқтау болады? – деп ренжіген көрінеді. Сонда Әбекең:

- Доп болып ішімізде домалап жүре бергеніңе риза болмайсың ба, бір күні бөтен біреу келіп, қаттырақ теуіп жіберсе, мүлдем аутқа шығып кетесің ғой! – депті.

******

Информация к новости
  • Просмотров: 8853
  • Автор: janar
  • Дата: 5-02-2011, 23:10
5-02-2011, 23:10

мағынасы майысқан мақалдар

Категория: Той-думан » Әзіл-қалжың

Бүгінде маймылдан жаралған адамдардың көлігі бар,

топырақтан жаралған адамдардың түгі де жоқ.

*****

Жолың болмаса, қапаланба, үйрене бер,

ендігі жолың болмағанға жаттығып қаласың.

*****

«Ұтыссыз» лотореядан ұтыссыз кетесің.

*****

Әркімнің ой-қабілеті айлығының мөлшеріндей.

******

Жұмысы үшін ауыратындарды ауруханадан ізде.

******

Аяқ – еркектерге жүруге, әйелдерге жүгіруге керек.

******

«Аузы қисық болса да, байдың ұлына ти».

*******

Әйел -ердің терезесі және бет пердесі.

 ******

Төрлеу үшін «терлеу» керек.

 *******

Ана тіліңді үйрететін алғашқы ұстазың – құлақ.

 *******

Маймылдың миы ойнауға жеткенмен, ойлауға жоқ.

*******

Кемпірдің де түбі – қыз.

******

Өзгелерді өмір бойы үміттендіру үшін де талант керек.

 *******

Қатені көбірек жіберген сайын,

 азы қалады.

*******

Сенімің мығым болу үшін қолыңда шегемен қатар,

 балға да болу керек.

 

Бір ойлағанда бәрі қиын сияқты,

ал шындығына келгенде, біз ойлағаннан да қиынырақ.

 

Камаздан жүк қалмас,

Бастықтан түк қалмас.

 

Байы бар, байы бардың,

Оптом сатар майы бар.

 

Күйеуі арақ ішсе,

Әйелі тұз жалайды.

 

Енеге туған күн,

Келінге де туады.

 

Бастық бір сүйінсе,

Орынбасары қырық сүйінеді.

 

Сыйлыққа алған «правоны»,

МАИ-дан несіне аяйын.

 

Әйел тоймай,

Күйеу байымайды.

 

Бастықтың бағы,

Қызметкердің жағы үлкен.

 

Ұрығың қисық болса,

Ұлыңа өкпелеме.

 

Жүзің жарқын болғанша,

Тісің алтын болсын.

 

Басшы ұрысқақ,

Хатшы тырысқақ.

 

Екі бастықтың құйрығы,

Бір креслоға сыймайды.

 

Мордам ужас болса да,

Фигурам прелесть.

 

Тонналап сатсаң құтыласың,

Грамдап сатсаң тұтыласың.

 

МАИ-дан құтылсаң,

Алдыңнан кеден шығады.

 

Таңғы нәсіп табыстан,

Түскі асым таныстан.

 

Жоғарыда краны жоқтың,

Артында тірегі де болмайды.

 

МАИ-ды жамандаған жаяу қалар.

 

Бастықтың «жаманы» жоқ,

Дегенмен жел сөзден аманы жоқ.

 

Депутат дауыс жинарда шынығады,

Мәжіліс отырысында тынығады.

 

Жаңа қазақтың қатыны шала қазақ.

 

Жаңа қазаққа сын «ауыр» тиеді,

Жаман қазаққа мін «тәуір» тиеді.

 

Барды байлық өлтірер,

Жоқты айлық өлтірер.

 

Өле жегенше,

Ағайынмен бөле же.

 

Әйелдің бажылдасқаны – ақылдасқаны.

 

Мастың қызуы қайтқанша,

Той тарқайды.

 

Әйел ашуын өсектен алады.

 

Мафияның басы болмасам да,

Теңселген масы болайын.

 

Ержеткеннің түсіне,

Бойжеткен кіреді.

 

Ұлым саған айтам,

Күйеу бала сен тыңда.

 

Танысыңа сенбе,

Табысыңа сен.

 

Күйеу - қорқақ,

Әйел – батыр.

 

Абитуриентті оқуға кім түсірсе,

Сол ыстық.

 

Табысы бардың ұзаққа шабысы бар,

Танысы бардың билікке шансы бар.

 

Жақсы қатын тамақ берер сорпасымен,

Жаман қатын қабақ берер мордасымен.

 

Әйелдің шашы қысқа,

Қулығы мен құрығы – ұзын.

 

Қызға барсаң, қызып бар,

Қызып барсаң, қызық бар.

 

Бір полиция екі парақорға татиды.

 

Әйелге айлығыңды берсең де,

Шайлығыңды берме.

 

Әйел аузы сөйлесе,

Еркек аузы жоқ болады.

 

Атасы бардың жорғасы бар,

Әжесі бардың дорбасы бар,

Ағасы бардың Вольвасы бар,

Тоқалы бардың сор басы бар.

 

Қонақ есіктен,

Ұры тесіктен кіреді.

 

МАИ инспекторының азығы – жолда.

 

Ұры мен сатушы бұйырмағанын жейді.

 

Күйеуінің ішкісі келгенде,

Әйелінің құсқысы келеді.

 

Коррупция шекіспей, бекіспейді.

 

Ресейдің волгасы озғанша,

Шетелдің вольвасы озсын.

 

Ақша – араққа,

Тиын – тамаққа.

 

Кәйіп қызығын ішкен білер.

 

Өлген кезінде бәрі жақсы,

Жаман адам қайдан шығады.

 

Әйелімнің кеткеніне емес,

Құтылғаныма жылаймын.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 4549
  • Автор: janar
  • Дата: 25-01-2011, 18:47
25-01-2011, 18:47

почта

Категория: Той-думан » Ойын-сайыстар

               Почта

Бұл ойында ромбик тәрізді қағазға нөмірлер жазып, келген жұртқа үлестіреді. Бір адам хат тасушы болады. Адамдар бір-біріне нөмір арқылы хат жазысады. Ойынның мақсаты – көпшілікті зеріктірмеу, бір-бірімен таныстыру. Бұл ойын тойдың басынын аяғына дейін жүреді.

              

Информация к новости
  • Просмотров: 3339
  • Автор: janar
  • Дата: 23-01-2011, 20:57
23-01-2011, 20:57

Орынбасар Әлжік Қызылорда қаласы

Категория: Той-думан » Күлдіргі әңгімелер

Жылы сөз

- Әйелеке, маған жылы сөз айтшы?

- Дубленка.

 

Шаймен ішпеу

      Елде Шәймен деген адам көп ішеді екен.бірде қонақта отырған кезде әлдекім:

           - Етте біраз сілтедік қой, енді шаймен ішпейік дейді.

           Бұл сөзді естіген әрі қызып қалған Шәймен еліріп:

           - Әй, Шәймен неге ішпейсіңдер? – деп шатақ шығарыпты.

 

Жылу жайлы

- Осы біреулердің түсі суық, біреулердің түсі жылы болады. Неге олай?

- Ол жылуға байланысты.

- Неге?

- Үйі суық адамның түсі суық, үйі жылы адамның түсі жылы болады, шырақ.

 

Жерік болу

- Жерікпін.

- Неге?

- Не болса да табасың ба?

- Сөз жоқ, айт.

- Долларға.

 

«41- ге келем»

- Жасың 40-қа келді, осылай жата бересің бе, не істейсің?

- 41-ге келем.

 

Ректордың баяндамасы

«Біздің оқу орны биыл 2 мыңға жуық надандар, тойст мамандар дайындайды».

 

Алқаштың Жаратқанға жауабы

- Аяғыңды алайын ба?

- Мейлі.

- Қолыңды алайын ба?

- Мейлі.

- Көзіңді алайын ба?

- Мейлі.

- Тісіңді алайын ба?

- Жо...жоқ. Тісімді алмаңыз.

- Неге?

- Бөтелкені немен ашам?

 

Ретін табу

- Ретін тауып, бір көшені өзімнің атыма алып алсам деп жүрмін.

- Ол үшін алдымен ретін тауып, өліп алу керек қой.

 

Хаттың сыры

- Папасы, студент балаңнан хат келді, оқиын ба?

- Қажеті жоқ, қанша ақша сұрайды, соны айт.

 

Өрт сөндірушінің арманы

- Шіркін-ай, бізге өрт болардан бір сағат ерте хабарласа ғой.

 

Ілу

Жігіт:

- Бүркіт боп іліп кетейін бе?

Қыз:

- Бүркіт айтпай-ақ іліп кетеді.

 

Таңды таңға ұратын

- Баяғы жырауларды айтамын да,жырын бүгін бастаса тоқтамастан таңды таңға ұрып екі күн жырлайтын. Қазір қайда ондай жастар?

- Неге, қазір де бар ондай жастар. Тек қолына домбыра емес, арақ пен карта ұстат, сонда қалай таңды таңға ұратынын көресің.

 

Ажалдың «ажалы»

- Қарқам-ау, салдыр-салақ, олпы-солпы болып кетіпсің-ғой, бір кездегі сүйкімді кейпің, мүсін-тұлғаң қайда?

- Күйеуге тидім.

 

Қарызбайдың жауабы

- Дүние рахат не?

- Қарыз алу.

- Дүниеде азап не?

- Қарыз беру.

Сұйық тамақ

- Мен күйеуіме күнде тек қою тамақ істеп беремін.

- Сонда ол сұйық тамақ ішпей ме?

- Ол «сұйығын» үнемі сырттан ішіп келеді.

 

Түрту

   Ертеректе бір уәкіл колхозға келіп, шаруашылықты аралау үшін өгіз жеккен арбаға мінеді. Арбакеш жол бойы өгізді «арам қатқыр» деп түртумен болады. Сонда уәкіл: «Әй, арбакеш, неге өгізді түрте бересің»,- деп жақтырмайды.

   Сонда арбакеш:

   - Түртпесе іс біте ме. мына сені ғой райком түртті. Сен басқарманы түрттің, басқарма бригадты, бригад мені түртті. Ал мен байғұс осы өгізді түртпегенде кімді түртпектеймін, - деген екен.

 

Біреудің баласы

   Біреудің үйінде отырған қонақтың көзінше «әй, шошқаның баласы, бері кел» деп баласын шақырады.

   Сонда мәдениетті әрі қу қонағы: «Мен бұл баланы Сіздікі ме деп отырсам, басқа біреудікі екен ғой», - деген екен.

Информация к новости
  • Просмотров: 9207
  • Автор: janar
  • Дата: 22-01-2011, 16:13
22-01-2011, 16:13

той ойындары

Категория: Той-думан » Ойын-сайыстар

Санамақ

Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады.  Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.


Тасымақ

Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған Бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.

Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек, команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.


Отырмақ

Бұл ойында екі орындықтың арасында бір орындық сыятындай етіп қойып, үстерін жапқышпен жауып, ол орынның бар екенін сездірмеу керек. Екі орындыққа екі қыз отырады да, ортасы бос тұрады. Ойын басқарушы бір жігіттің көзін таңып, басқа бөлмеден алып келіп, отырған екі қыздың қолдарын ұстатады да, екеуінің ортасына отырып, қай таңдағаныңның бетінен сүй дейді. Көзі байлауды жігіт екі қыздың ортасына отыра бергенде, екеуі тұрып кетіп, бос жамылғының үстіне отырған жігіт құлап түседі. Жұрт күлкіге батады.

Ойынның шарты: ойын басталмас бұрын 3- 4 жігітті басқа бір бөлмеге алып кету керек, өйткені ойынның тәртібін білген адам ойынға шықпауы мүмкін.


Белбеу тастау

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15 - 20  метрдей екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізуші бірінші топ ойыншыларының біреуіне қолындағы орамалды береді. Ол жүгіріп жүріп, екінші топтағы бір қыздың (баланың) артына орамалын қалдырады да, өз орнына қарай жүгіреді.

Орамалды тауып алған ойыншы қуып жетіп ұрса, онда қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал қуып жете алмаса, қарсы топқа кетеді. Келесі кезек екінші ойыншысына беріледі. Осылайша балық ойыншылар орамалды бір-бір реттен тастап шыққанынша, ойын жалғаса береді.

 

     Аттамақ

Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады. Біріншісі төмен, оны аттап өту керек, екіншісі биік, оны еңкейіп, үшіншісінен тағы да аттап өтуі керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп жаттықтырып, содан соң көзін байлап, бір айналдырып қоя беру керек. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті алады да, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

Ескерту: ойынды ұзаққа созу үшін  үш төрт адамды басқа бөлмеге апарып қою керек.

 

Епті жігіт

   Ортадағы үстел үстіне құмыра қойып, бетіне стақан төңкеріп қою керек.  Талапкер ортаға шығады. Шарт: ойыншы екі қолын артына ұстап, төңкерулі стақанды иегіне қысып, құмыраны тісімен тістеп ішіндегі сұйықты ішуі керек. Ойын басқарушы хадарлағанда кім епті болса, сол мына құмырадағы шарапты ішеді деп ескертіп қояды, ал шын мәнінде құмыра бос болады. Сөйтіп, жігіт алданып, көпшілік күлкіге батады.

 

Жаяу тартыс

   Ойынша қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, ек басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген межеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Ал ұтылған ойыншының орнына басқа ойыншы келеді. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншы жариялайды.

 

Қындық – сандық

   Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі бірдей алға  еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.

 

Тұтқын алу

   Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып  қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал-ай, бұлал-ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімін ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен – алал-ай мен бұлал-айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайшы бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды. 


Информация к новости
  • Просмотров: 6588
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 17:18
  • 0
16-12-2010, 17:18

Қалың қамыс

Категория: Той-думан » Жұмбақтар

Қалың қамыс, қалың қамыс,

Астында қия қамыс,

Пысылдауық, пысылдауық,

Астында сақылдауық.


Информация к новости
  • Просмотров: 12949
  • Автор: janar
  • Дата: 6-12-2010, 16:57
6-12-2010, 16:57

әзіл тілек

Категория: Той-думан » Әзіл тілектер

Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады:

Құрметті...........!  Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп, шалбардың қырын сымдай, көйлекті тегіс жымдай жатсам, атын атамай-ақ қояйын, біреу келіп, «мына хатты тойда оқып берші», - деп қиылып тұрып алды. Уәде берген соң, оқымасқа амал жоқ:

Қымбатты ..........! Жанымнан жақын көрген жүрегімнің жартысы өзің едің! Енді міне сен де мені қиып, басқа жанмен отау құрып жатырсың. Қалайша ғана ұмыттың, естен кетпес талай айлы түндерді екеуміз бірге өткізіп едік қой. Сонда сен мені, мен сені қимай, арман құшағына терең бойлап, талай арайлы таңдарды қарсы алған едік. Жұбымыз жазылмаған кездерімізді еске алсам, қаяулы көңілім қарс айырылады. ....., өзің айтшы, қалай мені басқаға айырбастап кеттің? Өзіңмен қоштасу атты тойыңа келе алмасам да, хатымды жолдап отырмын. Тым құрығанда анда-санда еске алып отырарсың. Тағы не жазайын, мен сенің жүрегіңде мәңгі орын теуіп қалмасымды біле тұрсам да, бірге өткізген жалынды жастығымыз, уылжыған бал түндеріміз бен шуақты күндеріміз сенің есіңде мәңгіге жаңғырып қалатындығына кәміл сенуші өзіңнің сүйікті /біраз үнсіздік/ бойдақ кездерің!

******

 Шойын тойдың шымшыма тосты

       Өзенде тасбақа жүзіп келе жатса керек. Үстіне болса жылан жайғасып алған екен. «Шағып алсам – тастап кетеді-ау», - деп ойлайды жылан. «Тастап кетсем, шағып алар», - деп ойлайды тасбақа.

       Ендеше, осы тасбақа мен жылан сияқты бір-бірін ешқашан тастап кете алмайтын ерлі-зайыптылар үшін!

******

Жегенің торт болсын,

Ішкенің натуральный сок болсын.

Мінгенің джип болсын,

Ұтқаның миллиард болсын,

Таққаның бриллиант болсын.

Балаларың олигарх болсын!

 **********

Әйелі күйеуіне:

   - Мен ұрса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің? – деп сұраса, күйеуі:

   - Қымбаттым, кім бірінші тоқтайды екен – сен бе, әлде сағат па деп қараймын, - деп әзілдей жауап беріпті.

   Осындай әзілі мен шыны ылғи да қатар жүретін, жүрегі кең азаматтарымыз үшін!

*****


Назад Вперед
^