Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 2489
  • Автор: janar
  • Дата: 14-08-2013, 00:18
  • 0
14-08-2013, 00:18

Ер бала /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Ер бала
    (әзiл әңгiме)

Ер балалар,әдетте,бастауыш сыныпта жақсы оқушы еді.Кекілдері жалбырап,сыныптас қыздарына да сүп-сүйкімді-ақ болатын.Олар да басы артық қаламсап немесе дәптерін беріп,көмектесуге әзір тұратын еді.Ал қалай бастауыш сыныпты бітірді-ер балалар енді "қыздар,сабақ өздеріңе аманат" дегендей,бір шетке ойнақтап шыға келеді және қыздарға да сүйкімсіз пенде ретінде көрініп,неше түрлі қылықтар шығарады.Қыздардың "өй,біздің сыныптың балдарын қоя салшы,оларға айтқанмен сөз өтпейді,бәрібір" дейтіні осы кез.
-Туу,неге ғана осылармен бірге оқыдық екен,-дейді бір қыз.
-

Информация к новости
  • Просмотров: 2721
  • Автор: janar
  • Дата: 14-08-2013, 00:17
  • 0
14-08-2013, 00:17

Ең мықты отағасы /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Ең мықты отағасы
             (әзіл әңгіме)

Сәтбек саясатқа жақын жігіт еді.Саясатқа жақындықтан осы Сәтбектің тапқан пайдасы бар ма? Қайта әйел,бала-шағасын қып-қызыл саясаткер етіп жіберген жоқ па?
Бәрі де қалай басталып еді өзі? Бір күні Сәтбектің әйелі отырып: "Ең мықты отағасы-Айтбек қой,шіркін!"-деп қалғаны.Сол-ақ екен,Сәтбек әйеліне ежірейе қарап:
-Не айтып отырсың? Айтып отырған Айтбегің не?-деді.
-

Информация к новости
  • Просмотров: 3252
  • Автор: janar
  • Дата: 7-08-2013, 18:45
  • 0
7-08-2013, 18:45

Науқас пен дәрігер (әзіл әңгіме) /қосқан Ғабиден Қожахмет/

Категория: Той-думан » Әзіл-қалжың

Науқас пен дәрігер
             (әзіл әңгіме)

Дәрігерге бір адам келді де,былай деді:
-Кешіріңіз,дәрігер мырза,аздап сырқаттанып тұрған сияқтымын.
Дәрігер әлгі адамды қарап шықты да:
-Дерт бауырда,-деді.-

Информация к новости
  • Просмотров: 3227
  • Автор: janar
  • Дата: 31-07-2013, 17:05
  • 0
31-07-2013, 17:05

М-агент жайлы ертегі / қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан/

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

М-Агент жайлы ертегі
       (әзіл әңгіме)

М-Агент-шексіз бауырмалдылық пен сыйластықтың,кіршіксіз махаббат пен ұлы достықтың ортасы еді.Мұнда,әсіресе,адамдардың бір-біріне деген риясыз сенімі кім-кімді болса да таң қалдырмай қоймайтын.Егер әлдекімнің досы ауырып қалса,ол оған үйіріле кетіп былай дейді:
-Құдайым-ау,сіз сырқаттанып қалғансыз ба,мүмкін сізге дәрі-дәрмек керек шығар?
 -Қойыңыз,-дейді досы,-қазір сағаттың қанша екенін білесіз бе,М-Агенттің сағаты Астана уақытымен түнгі сағат екіні көрсетіп тұр емес пе?
-Мына сөзіңіз аппақ көңіліме қара сияның құйттай тамшысын шашқандай әсер етті-ау,сіз шынымен де ұлы достық үшін әлдебір уақыт пен мезгілдің к

Информация к новости
  • Просмотров: 2527
  • Автор: janar
  • Дата: 23-07-2013, 15:31
  • 0
23-07-2013, 15:31

Аюбай аға,алты ұл немесе "ұялам" (қазақи қалжың)/қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Аюбай аға,алты ұл немесе "ұялам" (қазақи қалжың)

-Осы күні жезөкше қыз деген қыз шығыпты,-деді Аюбай аға темекісін шырт еткізіп тұтатып жатып,-кірпік қақпай қарайды тіпті,қымсынып тұрған жоқ.Осыны айтқанда Аюбай ағаның көздерінде сұп-суық жарқыл білінді,сонан-соң темекісін сорғыштап,есіне әлдене түскендей үнсіз отырып қалды,сәлден кейін әңгімесін жалғастырды:
-Баяғыда кеш батса,

Информация к новости
  • Просмотров: 3651
  • Автор: janar
  • Дата: 19-07-2013, 13:21
  • 0
19-07-2013, 13:21

күйеу бала /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Ернар Елбекті көрсе,үнемі кішілік қалып танытып,амандаса кетуші еді.Бүгін де сол әдетпен "Ассалаумағалейкум,Елбек аға!"-деп үйіріле қалды.Ернардың өзі кемпір-шалдың баласы еді,оқуын бітіріп,жақында әке-шешесіне келін түсіріп берген.Елбек Ернардың сәлемін "Уағалейкумассалам"-деп алып жатып,інішектің түрінде кірбің барын байқады да:"Ау,көңіл-күйің жоқ қой"-деді.Ернар тісі ауырған адамша кіржиіп:"Қайынжұртым"-дегені."Қайынжұртыңа не болды?"
Ернар әңгімесін бастап кетті:"Өткенде 

Информация к новости
  • Просмотров: 2296
  • Автор: janar
  • Дата: 17-07-2013, 16:39
  • 0
17-07-2013, 16:39

Дүрмек-дипломат /әзіл-шыны аралас/ қосқан ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Дүрмек-дипломат

 Осы Дүрмектің мінезі қызық,сағат кешкі онда-ақ үйге келіп тұрған інісіне әңкілдей жөнелетіні бар:"Қайда жүрсің,қайда жүрсің осы уақытқа дейін,сағаттың неше болғанын білесің бе өзің?" Інісі мұндайда наразы кейіппен қарап:"Келе жатырмыз ғой енді"-дейді."Уайымдап отырамыз қайда жүр деп".Осы кезде ас бөлмеден күлімсіреген күйі Дүрмектің әйелі шығады да:"Туу,Дүреке-ай,баланың есін шығарып жібердің ғой"-деп,Дүрмекті ішкі бөлмеге қарай қақпақылдайды.Дүрмектің өзі де жүк көлігі сияқты ірі неме ғой,әйелі күліп жүріп,шкаф жылжытқандай Дүрмектің жауырынынан итереді.Құдая тоба,Дүрмек осы кезде табанының астында құйтақандай-құйтақандай доңғалақтары бар секілді жылжи жөнелер еді,бірақ сонда да мойнын артына б

Информация к новости
  • Просмотров: 3886
  • Автор: janar
  • Дата: 15-07-2013, 21:47
  • 0
15-07-2013, 21:47

Отбасы және жауынгер /әзіл/ қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Үйлену тойы , Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Отбасы және "жауынгер"(әзіл)

-Кеше күйеу баланың туған күніне бардық,-деді таныс келіншек әңгіме үстінде,-өңкей қайын апалар жиналыппыз.Жақсылап сыйлық апардық."Күйеу-дұшпан"-деген бар ғой.Сіңліміздің миын мүжіп жүрер әйтпесе.
-Не дедің?
-Күйеу-дұшпан,-деймін.
-Сонда сендер күйеу балаларыңды дұшпан санайды екенсіңдер ғой.Онда сіңлің "дұшпанға" қарсы "ұрыс жүргізуші" "жауынгер-қыз" шығар.Келіншек сылқылдай күлді.Бұл әзіл-шыны аралас әңгіме осы қысқа диалогтан кейін туындап кетіп еді.
***
Әлдебір қарулы күштер 

Информация к новости
  • Просмотров: 4758
  • Автор: janar
  • Дата: 20-06-2013, 16:51
  • 0
20-06-2013, 16:51

Сезім әуендері /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызыордадан

Категория: SMS хаттар, Әзіл тілектер, Ән - көңілдің ажары, Соңғы қосылған дүниелер

Сезiм әуендерi

Естiледi дара даусы тұлпардың,
Көкжиектен сенiммен қол бұлғар күн.
Өшпес мұра болып қалды-ау әндерi,
Алпысыншы-жетпiсiншi жылдардың.
Сезiледi сол жылдардың 
...............

   Агент-әуен.Әзiл

(Ш.Қалдәяқовтың "Сыр сұлуы" әнімен)
Mail-дан почта ашылушы еді,
Есімде пароль сөздері.
Бір ару соған асығушы еді,
...................
***
(М.Шахановтың "Гүлдәурен" әнімен)
Агенттің арнасында,
Шалқып мөлдір сезімменен.
Сол бір айдың ортасында,
Танысып ем өзіңменен.
Қ-сы: Көңіл,шіркін,құлады да,
Сездім махаббатымды.
Агенттің блогына,
Жаздым талай атыңды.
..............................
***

авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Метки к статье: агент туралы әзіл өлеңдер

Информация к новости
  • Просмотров: 5552
  • Автор: janar
  • Дата: 26-11-2011, 10:50
26-11-2011, 10:50

Енелерге қарсы күрес курсына шақырамыз "Айқын" газеті беттерінен

Категория: Той-думан » Әзіл-қалжың

Енелерге қарсы күрес курсына шақырамыз

 

      Ұрыс-керіске икемі бар, дау-жанжалға жаны құмар, төбелес кезінде екі білегін сыбанып, өсек айтатын ернін шүйіріп, тікен тілін безеп, екі көзі шатынап шыға келетін «дарынды» да щалымды, болашағынан мол үміт күттіретін келіндерді «Енелерге қарсы күрес» курсына оқуға шақырамыз. Келіндердің дініне, тіліне, отау құрған жылына, жолына, жасына шек қойылмайды.           

        Курсқа талапкерлер тегін қабылданады. Олар стипендиямен, жатақханамен және енелерді ұрып-соғу, сабау, сондай-ақ қарсыластармен қақтығыста бронежелет секілді қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар енемен бірге тұрған жылдарына «за вредность» төленеді.

             Сабақ кезінде Олар «Шымшу», «Бет жұлу», «Тырнау», «Қайын жұрт тарихы», «Ене тебу», «Таэкван-до», «Қаныата-до», «Өсек айту негіздері», «Күйеумен еркін күрес» тақылеттес дәрістер мен спорт түрлерін меңгереді.

              Қызығы мен қиындығы қатар тұратын бұл мамандықты ойдағыдай меңгеріп, өзі түгілі, өзгенің де енесін жұлып-жеуге қабілетті болған соң, олар шетелге, яғни Америкаға, Батыс Еуропаға, Ресейге тәжірибе алмасуға жіберіледі.

             Курсты Шатақ ғылымының докторы, профессор, «Енелерді қан қақсату» ғылым-академиясының құрметті академигі, Жезтырнақ сыйлығының лауреаты Долыкүл Бетпақова жүргізеді.

             Біздің заманымызға сай құрылған демеушілері «Абысындар алқасы», «Жас келіндер» АҚ, «Ене кене» фирмасы, «Мыстан» ЖШС  «Бізбике" бикештер кеңесі.

              Отбасына егемен алып, дербес өмір сүргіңіз келсе, бізге келіңіз. Біз сіздерге қашан да қол ұшын, білек күшін бере аламыз. «Жалмауыз кемпір» атындағы Мазақ академиясы.

******

^