Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 6497
  • Автор: janar
  • Дата: 23-02-2012, 01:07
  • 0
23-02-2012, 01:07

Сайттың белсенді оқырманы Аманкүлдің қосқаны

Категория: Мақал-мәтелдер, Тіл туралы, Соңғы қосылған дүниелер

Сөз бен тілге байланысты мақал-мәтелдер

 

Жинастырған Әсет Болғанбайұлы,

филология ғылымының докторы,

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

сыйлығының иегері

Информация к новости
  • Просмотров: 3159
  • Автор: janar
  • Дата: 17-02-2012, 03:12
17-02-2012, 03:12

Аманкүл терген түйіндер

Категория: Түйіндер, Соңғы қосылған дүниелер

Еріншектің ертеңі ғұмыры бітпес,

Ал ғұмыры ертең-ақ бітер.

***             ***             ***

Қорқақ қорқа-қорқа батыр болар,

Не болмаса қатын болар.

***             ***             ***

Ақыл да, ақын да, батыр да бұқарадан шығады.

Елбасы да, шенбасы да бұқарадан ығады.

***             ***             ***

Білімді ел - Отан болар,

Білімсіз ел қотан болар.

***             ***             ***

Уәде берілсе неғұрлым ерте,

Ғұмыры да болады соғұрлым келте.

***             ***             ***

Көңілің толмаса заманға,

Кінә қойма адамға.

Адам билік етпейді,

Уақыт деген тажалға.

***             ***             ***

Бұрын өлгендер бір уыс топырақты қанағат қылса, қазіргі өлгендер бір Камаз топыраққа да қанағат етпейді.

***   ***             ***

Тәннің кірін жуып тазартасың

Жанның кірін қайтіп тазартасың.

***             ***             ***

Келеді кейде ойлар қайдағы жоқ,

Кететін кейде аса пайдалы боп.

***             ***             ***

Жақсы ойдан не пайда,

Жарамаса әжетке.

Жаратам деп жеті ойла,

Жақсы ойды қажетке.

***             ***             ***

Көп ойдан жоқ ешбір пайда,

Екі ойың болса біреуін таңда.

***             ***             ***

 

 

Көп сөздің көпшілік түсінбес парқын,

Аз сөздің әрқашан қымбат қой нарқы.

****           ****           ****

Көп сөзден гөрі салмағы жеңіл,

Бір ауыр сөздің бағасы алтын.

Көп жерде сол бір бағалы сөзді,

Болады екен айтпаған артық.

****           ****           ****

Ой көп болса бірін-бірі түртеді,

Ой аз болса бір-бірінен үркеді.

****           ****           ****

Мақтаншақ болсаң жарылып кетесің,

Сабырлы болсаң мақсатқа жетесің.

Әсемпаз болсаң әуреге жолығасың,

Өнерпаз болсаң сәулеге жолығасың.

****           ****           ****

Күдікті секіреді,

Сенімді кекіреді.

****           ****           ****

Жорыққа шықсаң жолдасың сенімді болсын,

Торға түссең де қорықпайсың.

Өзіңде жоқ болса да еліңде бар болсын,

Ешқашанда торықпайсың.

****           ****           ****

Мақсатың біреу болса,

Төрт жерден тіреу болсын.

Дені сау сомдай білегің,

Ақылға толы жүрегің.

Күш-қайрат пен жігерің,

Осылар болар тірегің!

****           ****           ****

Уақытым аз дегендер,

Көрінcе де кемеңгер.

Өзінің емес өзгенің,

Уақытын жегендер.

****           ****           ****

Мақсатың биік шығар тауың,

Қиялың ең қауіпті жауың.

Мақсатың қатты еліктіреді,

Түбінде бақытқа кезіктіреді.

Қиялың қатты желіктіреді,

Түбінде пәлеге кезіктіреді.

****           ****           ****

Бидай ексең дұрыстап,

Қурай шығып кетпейді.

Бала өсірсең дұрыстап,

Алдыңнан қия өтпейді.

****           ****           ****

Бағаңды білсең арзанға келіспе,

Бағаңды білмесең босқа керіспе.

****           ****           ****

Қателеспейтін адамдардың түгел сияқты есебі,

Бәрібір олар болып жүр ғой басқалардың есегі.

****           ****           ****

Жақсы маман да аяғын қате басады,

Бірақ ісінен ләззат ала-алмай сасады.

****           ****           ****

Кішкентайдан асырап едім бөлтірік,

Өскеннен соң өзімді қапты сол шірік.

Өзіме қарай шабатынын білгенде,

Күшік кезінде тастайтын едім өлтіріп.

****           ****           ****

Дүние жеткізбейді сағым құсап,

Әуре етер ер жігітті бағын тұсап.

Алдамшы дүниені қуған адам,

Кетеді ең соңында жарым құсап.

Шын достық ескірмейтін жалын құшақ,

Достармен жүрген кезің жалынды шақ.

Туған жер, ата-анаң бар асылың,

Қадірле осыларды барыңды сап.

****           ****           ****

Арақ аздырады, өз көріңді өзіңе қаздырады,

Темекі тоздырады, кеудеңде құртты қоздырады.

Байлық мас қылады, адамдармен қас қылады,

Өнер мен Білім,

Тілің мен Дінің барлығынан оздырады.

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 6020
  • Автор: janar
  • Дата: 17-02-2012, 03:09
17-02-2012, 03:09

Аманкүл жіберген мақал-мәтелдер

Категория: Өмір-орта туралы, Соңғы қосылған дүниелер

Тумаң туысқандай болмайды,
Тұрман құйысқандай болмайды

 

Жеткіншектен айырылған,
Жер таянбай тұрмайды

 

Көрмесе жат, көріспесе ұят

Информация к новости
  • Просмотров: 11719
  • Автор: aliya
  • Дата: 15-02-2012, 01:58
  • 0
15-02-2012, 01:58

Свадебная песня Еркем ай /сайт оқырманы aliya қосқан/

Категория: Той әндері, Соңғы қосылған дүниелер

Все мы знаем свадебный обычай Құйрық бауыр асату и прекрасную песню Еркем еркем еркем ай
Еркелеген еркем ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсем бе екен ай

Метки к статье: құйрық бауыр асату, үйлену той

Информация к новости
  • Просмотров: 17386
  • Автор: janar
  • Дата: 27-01-2012, 23:45
  • 0
27-01-2012, 23:45

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Категория: Тәрбие сағаттарына материалдар, Соңғы қосылған дүниелер

Тәуелсіз елдің ұланымыз

"Бастауыш сыныпта оқыту" журналына жазылған түбіртегі тіркелмей қалды

Тәрбие сағаты

М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жанабекова Гауһар Аубакировна

Тақырыбы:Тәуелсіз елдің ұланымыз

Мақсаты:Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: елбасы суреті, ҚР-ның рәміздері,Астана, Алтын адам, Хан шатыры, Бәйтерек, Медеу мұз айдыны, Желтоқсан құрбандарының және теңге суреттері.

Информация к новости
  • Просмотров: 5968
  • Автор: janar
  • Дата: 16-01-2012, 09:32
  • 0
16-01-2012, 09:32

Сайт оқырманы Қорлан қосқан тілек

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Жас жұбайлар, кездессе не күндер,

Мұқалмаңдар мұратыңа жетіңдер.

Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен,

Өмір бойы ғашық болып өтіңдер.

******************************

 

Сүйген жүрек сөнбесін, жалындасын!

Сүйген жүрек өзгені сағынбасын!

Жас жұбайлар қосағымен қоса ағарып,

Бақыттары алдарынан жарылқасын.

********************************

 

IP адрес отправителя: 92.46.159.183

Информация к новости
  • Просмотров: 7693
  • Автор: janar
  • Дата: 10-01-2012, 20:44
  • 0
10-01-2012, 20:44

Мөңке бидің айтқаны

Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер

/namys.kz сайтынан/

Құрамалы, қорғанды үйің болады,

Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатың
Бедірей деген қызың болады.

Информация к новости
  • Просмотров: 15317
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2011, 21:24
27-12-2011, 21:24

ЖАРАМАЗАН

Категория: Ораза айт / Құрбан айт, Соңғы қосылған дүниелер

ЖАРАМАЗАН
Меккеде бір ағаш бар басын иген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір ағам бар Құдай сүйген,
Қайыры ол кісінің жұртқа тиген.

Метки к статье: жарапазан, ораза айт, рамазан, жарамазан

Информация к новости
  • Просмотров: 16057
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2011, 20:54
27-12-2011, 20:54

Үйлену тойына құттықтау

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Әріптесіміз .... шаңырақ көтеріп, отау құрып жатқан мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, төмендегі жыр жолдарын арнаймыз!
Жақсыға төрден орын табылады,
Қолдайды ата-баба аруағы.
Бірге соққан аяулы қос жүректің,
Биік болсын көтерген шаңырағы.

Тепсе темір үзетін отағасы,
Гүл-гүл жайнап, құлпырып отанасы.
.... мен .... дей екі жастың
Берік болсын мәңгілік босағасы.

Метки к статье: үйлену тойына құттықтау

Информация к новости
  • Просмотров: 7901
  • Автор: janar
  • Дата: 22-12-2011, 23:10
  • 0
22-12-2011, 23:10

басшыны жаңа қызметімен құттықтау

Категория: Қызметке байланысты , Соңғы қосылған дүниелер

жаңа басшыны таныстырушының сөзі: мен А.С.-ға ............................ лауазымында атқарған жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Ол алғашқы еңбек жолын ........ жылы ...................... кәсіпорнында .................... қызметтен бастаған еді. А.С. жаңа лауазымда да өзінің кәсіпқорлығын, білімін және іскерлігін көрсетіп, 

^