Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 2058
  • Автор: janar
  • Дата: 4-11-2013, 16:16
  • 0
4-11-2013, 16:16

Заман не боп кетті /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет/

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

"Заман не боп кетті?" бағдарламасы
   (әзіл әңгіме)

Құрметті теледидар көрермендері! "Заман не боп кетті?" бағдарламасын бастаймыз.Қазір біздің студиямыздан сіздер әйел азаматшаны көріп отырсыздар.Ол жылап отыр.Біз жанына жақындап,неге жылап отырғанын сұрайық:
-Ханым,неге жылайсыз?
-Жыламай қайтейін?-деді әйел,-үйде 
Информация к новости
  • Просмотров: 3999
  • Автор: janar
  • Дата: 4-10-2013, 13:21
  • 0
4-10-2013, 13:21

Ана мектепке - 65 жыл /Ғабиден Қожахмет

Категория: Оқуға байланысты, Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

Ана-Мектеп~65 жыл

Қазалы ауданындағы № 25 қазақ орта мектебінің құрылғанына қазіргі шақта 65 жыл толып отыр.
Аталған уақыт ішінде алтын ұяны сандаған түлектер бітіріп,олар өмірдің әр саласында 
Информация к новости
  • Просмотров: 3260
  • Автор: janar
  • Дата: 4-10-2013, 01:07
  • 0
4-10-2013, 01:07

Үш өлең: Қыз-ғұмыр: Қыз жүрегі жылады. Үміт көңіл. Жауқазын дәурен. Қосқан Ғабиден Қожахмет

Категория: Өлең - сөздің патшасы, Соңғы қосылған дүниелер

ҚЫЗ-ҒҰМЫР

 Қыз жүрегi жылады

Бақыт таңы нұр боп атып күлгенде,
Сезiмiнiң жанып оты бiр демде,
Махаббатқа сенiм артып жүргенде,

      Үмiт-көңiл

Қиял,шiркiн,самғай да алар ендi,
Мұңлы ой бiртiндеп санаға ендi.
Отыз асты,сонда да тұрмыс құру,


 Жауқазын-дәурен

Санамашы оны да балаға енді,
Жылдар легі шаттығын ала келді.
Қамсыз жүрген кешегі балаңдау қыз,

Өлеңдердiң авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Информация к новости
  • Просмотров: 2250
  • Автор: janar
  • Дата: 17-09-2013, 17:44
  • 0
17-09-2013, 17:44

Әйел, күйеу және ене /әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Әйел,күйеу және ене
       (әзіл әңгіме)

-Ойымда ештеңе жоқ,қолыма кесе-шәйнегімді ұстап,"Дедімай-ау" әнін айтып,бөлмеге қаннен-қаперсіз кіріп келе жатқанмын ғой,-деп бастады Сәбира әңгімесін,-құлақ-шекеден тиген соққыдан шыр айналып кеттім.
-Кім ұрды,кім ұрды?
-Кім ұратын еді,күйеуім ұрады да.Басқа адамның "Дедімай-ауды" айтып келе жатқан адамда несі бар?
-Күйеуің немене "Дедімай-ауды" айтқан адамды ұра бере ме,жынды ма өзі?
-Жынды болғаны сол,-деді Сәбира,-жынды болмаған несі қалды? Болмаса сол "Дедімай-аудың" сөзін де білмеймін,әшейін ыңылдап келе жатқанмын.Шыр айналып кеттім.
-Шыр айналып кетпей қайтесің енді,е
Информация к новости
  • Просмотров: 2240
  • Автор: janar
  • Дата: 10-09-2013, 19:13
  • 0
10-09-2013, 19:13

Жауын астындағы махаббат/әзіл әңгіме/ қосқан Ғабиден Қожахмет

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Жауын астындағы махаббат
      (әзіл әңгіме)

-Менімен бірге жауынды күндері бір қолшатырдың астында тұрғың келе ме?-деп сұрады қыз жігіттен.
-Иә,тұрғым келеді,-деп жауап берді жігіт.
Екеуі күздің бір жауынды күні қолшатыр астында бірге тұрды.
-Ал,қалай?-деді қыз.-Керемет емес пе?!
-Керемет!-деді жігіт.
-Осындай сәтті аңасағанмын,-деді қыз,-бір қолшатыр астында бір денеге айналып...
-Мен де,-деді жігіт қызға қарап.
-Армандар жүзеге асады,-деді ару.

Информация к новости
  • Просмотров: 2722
  • Автор: janar
  • Дата: 7-09-2013, 16:45
  • 0
7-09-2013, 16:45

Сүйетініңді ұмытпа \әзіл әңгіме\ қосқан Ғабиден Қожахмет

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Сүйетініңді ұмытпа
      (әзіл әңгіме)

Жаңадан қосылған жас жұбайлардың келіншегі күйеуінен сұрады:
-Жаным,мені сүйесің бе?
Бұл сұраққа жігіт кәдімгідей-ақ таңданып қалды:
-Қалай сонда менің өзіңді сүйетінімді я сүймейтінімді сен әлі күнгі білмейсің бе? Мұның жауабын мен сенен сұрағалы жүрсем.
-Қылжақтамашы,-деді келіншек,-мен шын сұрап тұрмын.
-Ал мен де шын айтып тұрмын,-деді жігіт.-Мен сені 
Информация к новости
  • Просмотров: 1552
  • Автор: janar
  • Дата: 7-09-2013, 16:42
  • 0
7-09-2013, 16:42

Бәрінен де сен сұлу \әзіл әңгіме\ қосқан Ғабиден Қожахмет

Категория: Әзіл-қалжың, Соңғы қосылған дүниелер

Бәрінен де сен сұлу
      (әзіл әңгіме)

"Самат досымен төбелесіп қалыпты" деген әңгіме жұртты кәдімгідей елең еткізді.
"Ойпырм-ай,екеуіне не жетпей жүр?", "Екеуі тіпті егіз қозыдай айрылмайтын еді ғой?"-десіп,естіген жұрт біраз гуілдесіп қалды.
Жұрт айтса айтқандай-ақ,екі жігіттің арасынан қыл өтпестей тату екені рас еді.Тіпті бала күнінен көрші тұрып,бір аулада бірге ойнап өскен жандар емес пе? Ол аз болса екеуі қатар,қарайлас үйленгені тағы бар.Екеуінің келіншегі де бұрыннан дос,құрбы болып келе жатырған жандар еді.Қараторы,сүйкімді келген осы екі бойжеткен бір-ақ күнде Самат пен досының сүйікті жарына айналып шыға келді.Оны аз десеңіз,екеуінің ұлдары да өмірге қарайлас келіп,екі достың әке атанып,қуаныштарын бір-бірімен бөлісіп жүргендері жұрттың көз алдында өтті емес пе? Екі жігіттің өздерін былай қойғанда,отбасыларының өзі аяқ-табақтары араласып жататынын осыған куә боп жүрген елдің қай-қайсысы да біледі.Енді екі досқа шынында не жетпей қалды?
Бәрі де Саматтың бір ауыз әңгімесінен басталған.
Информация к новости
  • Просмотров: 3177
  • Автор: janar
  • Дата: 20-08-2013, 19:14
  • 0
20-08-2013, 19:14

Азаттықтың Ата заңы /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Конституция күні, Соңғы қосылған дүниелер

Азаттықтың Ата Заңы

Бір шақта азаттық деп алаңдадың,
Жаңғырды сол тарихың санаңда мың.
Тізесі барды бүктіріп,елдік құрып,
Басы барды еңкейткен қағандарым!
Болашағын айшықтап таңнан ұғар,
Бүгінгі ұрпақтың да 
Информация к новости
  • Просмотров: 5770
  • Автор: janar
  • Дата: 18-08-2013, 14:30
  • 0
18-08-2013, 14:30

Махаббат күніне арналған өлеңдер

Категория: Ғашығыма, Соңғы қосылған дүниелер

Келді бүгін бар сырын қозғағалы
  (Махаббат күніне орай өтінішпен жазылған жырлар)

Жігіт сөзі:
Жан сырымды көзімнен жалықпай ұқ,
Бөтен мінез ешқашан танытпайық.
Сынарына сыр ашқан қос аққудай,
Махаббаттың көгінде қалықтайық.
Бір өзіңді ойлаудан тасынғаным,
Тәубе дейік жолыққан ғасырға мың.
Қанатыңмен жебеген,ақ періштем,
Сенсің енді таң жұлдыз,асыл бағым!
Тек сен жайлы жайлы жүректен тарасын ән,
Қымбат дер ем өзіңді бар асылдан.
Көрдім сені,ұнатып сүйдім сені,
Таңдап алып көп қыздың арасынан.
Сені көрдім-басқаны елемедім,
Жүрегімді жауладың неге менің?!
Сен бола алсаң айнымас Қыз-Жібегім,
Мен болайын мәңгілік Төлегенің!
Бергеннен соң тәңірім ердің жүгін,
Қыздар жақтан сезімнің тердім гүлін.
Бір өзіңді көрдім де,содан бері,
Махаббаттың барына сендім бүгін.
Жан екенсің жырдағы Баяндайын,
Енді,жаным,несіне алаңдайын.
Баян болып сен менің бағымды ашсаң,
Қозың болып қалайша жаралмайын.
Таптым сені аралап қыздар бағын,
Теңемеймін өзіңді қыздарға мың.
Сені ойлайын,сәт сайын,сағат сайын,
Көшесінде жүргенде Қызылорданың.
Махаббаттың бағында егіз жанбыз,
Шуақ шашқан,гүл атқан кезің,бал қыз.
Біз бір қайың жарасып қатар өскен,
Жүрек жалғыз,сен жалғыз,сезім жалғыз!

Қыз сөзі:
Үмітімді дегенде үзді ме мұң?
Әкелер деп қорқып ем күзгі лебін.
Серілердің сырынан күдер үзіп,
Жүргенімде сен ұқтың қыз-жүрегін.
Ермеп едім ешкімнің ырқына әлі,
Енді көңіл өзің деп ұмтылады.
Менің нәзік жүрегім сырға толы,
Тек сені ойлап,сені ойлап бұлқынады.
Қуат жатар жігіттің сөзінде бір,
Ұнатасың-бар сырың көзіңде тұр.
Алып-ұшып барады қыз-көңілім,
Қыз-жүрегім өртенді сезімге бір.
***
Армандар боп жүректен озған әні,
Келді бүгін бар сырын қозғағалы.
Ерке-елік бойжеткен,ұғын да оны,
Кеудесінен итерме бозбаланы.
Айтылмасын тағдырдың ызғар әні,
Сүйеді ару,сондықтан қызғанады.
Сенім артты ол бүгін махаббатқа,
Жетелетіп арманы қыз баланы.
Бейтаныстар болса егер-танысыңдар,
Күтіп тұрған тағдырдан тағы сын бар.
Сыңар жүрек жандарға мүмкіндік мол,
Ғашық жандар,осы күн табысыңдар!
Сезім жыры болмаса ән келмейді,
Ыстық көңіл жарасып,жан тербейді.
Бар болса егер өмірде ғашық жандар,
Ізгіліктің рухы мәңгі өлмейді!

              Қыз сыры
    (өтінішпен жазылған)

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні-
Жолықтым саған.
Көңіліңнің толқыны сайтан сезімге ерген күні,
Мынау ұлы далаға бір жаңа леп келген түні,
Менің нәзік жүрегім махаббат дүниесіне сенген күні-
Біз түсінік таппадык.
Қыз-намысым абырой биігінен көрінгені үшін,
Қыз-жүрегім махаббат тазалығына берілгені үшін,
Ар-намысым жеңіл ләззаттан жерінгені үшін-
Кінәладың мені.
Сенің жігіттік биігіңе сенгенім үшін,
Сене тұрып,соңыңнан ергенім үшін,
Сені бар жігіттен артық көргенім үшін-
Мен кінәлі емеспін.
Бір сені ессіз көбелектей сүйгенім үшін,
Жүректе ойнаған сезім атты күйлерім үшін,
Сенің алдыңда қыз-тәкаппарлығымды игенім үшін-
Кінәла мені.
Сен жайлы құрбыға айтқан мақтаным үшін,
Түн қойнында сені ғана ойлап жатқаным үшін,
Бір сен деп көз ілмеген ақ таңым үшін-
Кінәла мені.
Саған деген тазалықтан өзге айдында жүзбегенім үшін,
Көкіректегі "менімді" жоғалтып,"БІЗ" дегенім үшін,
Өмір толқынынан тек сені іздегенім үшін-
Кінәла мені.
Өзгелер үшін Махаббат деп аталатынымыз үшін,
Өзге жұптарға тигізер шапағатымыз үшін,
Көз жасы киелі махаббатымыз үшін-
Түсін мені!

Өлеңдердің авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Информация к новости
  • Просмотров: 3379
  • Автор: janar
  • Дата: 16-08-2013, 22:30
  • 0
16-08-2013, 22:30

Мұғалім қыз

Категория: Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

Мұғалім қыз
         (әңгіме)

Ғабиден Қожахмет Қазалы ауданында туып-өскен.
Қызылорда мемлекеттік университетінде "қазақ филологиясы" және "заңгер-оқытушы" мамандықтары бойынша білім алды.

"Мұғалім дегеннің өзі бір зейнетінен бейнеті көп,соры қалың мамандық қой".Осы сөзді дәп басқа емес,мұғалімнің өзі айтар еді.Мұғалім әлгі сөзді жанында отырған,яки дәрігер,яки инженерге қаратып айтар.Су жаңа техниканың әлдебір сырт ете қалған жерін уайымдап отырған инженер де,болмаса ертеңгі жасайтын күрделі операциясының жайын ойлап отырған дәрігер де бұл сөзге аса мән бере қоймас. "Құдайым-ау,мен кімге айтып отырмын,-дейді мұғалім екі алақанын жайып,-мен сіздерге мұғалім дегеннің өзі бір бейнеті көп те,зейнеті аз соры қалың мамандық деп отыр емеспін бе?" Инженер де,дәрігер де дәл осы сәтте ұйқысынан оянғандай болар,әдеттегі адамның сұхбаттасын қошуақ көңілмен мақұлдай салатын қалпына басып: "Иә,солай",-деп қалар.Сол сол-ақ екен,
^