Главная > Белгілі адамдардың баталары > Сейіт Кенжеахметұлы
Сейіт Кенжеахметұлы12-12-2010, 10:06. Разместил: janar |
Торғай облысының Аманкелдi ауданында тұратын Айнагүл мен Сақтапберген Кенжеахметовтердiң отбасында жас сәби туып, оған ырым қылып Сейiт деп жазушы атын қойыпты. Сол бала 1994 жылы алғаш мектепте барғанда ата-анасы Сейіт Кенжеахметұлын тойға шақырыпты. Сонда жас Сейiтке былай деп бата беріпті:
Айналайын, аттасым, Талантың судай қаптасын, Атағың Абайдай болсын, Абыройың Абылайдай болсын, Жүректi болсаң Қабанбай жебесiн, iлектi болсаң Бөгенбай жебесiн. Наурызбайдай батыр бол, Бауыржандай батыл бол, Жалғыз болсаң алланы есiңе ал, Жарлы болсаң пайғамбарды есiңе ал, Азамат бол, арлы бол, Қатарыңның алды бол, Бiлiмiңмен әлдi бол! Халқың болсын тiрегiң, Берiк болсын бiлегiң, Қабыл болсын тiлегiң, Жүз жыл соқсын жүрегiң. Дос-жараның сүйiнсiн. Дұшпаның iштей күйiнсiн, Басыңа бақыт құйылсын! Әумин! ***************** Вернуться назад |