zizAengine > Отау көтерген мерей тойларға, Соңғы қосылған дүниелер > Алтын той иелеріне Тамада кітабынан
Алтын той иелеріне Тамада кітабынан16-02-2011, 11:29. Разместил: janar |
Жақсының көкірегі-жақұт қойма, Көпшілік келді бүгін алтын тойға. Жұптасқан Тату-тәтті жарты ғасыр, Өнеге ап, Сыйластықтың салтын ойла.
Әлі де Жібек пен Төлегендей, Көңілді көрікті ойға бөлегендей. Қоныпты ұл-ұяға, Қыз-қияға, Жар болып, Алла өзі жебегендей.
Дәулет пен қонақтапты бақ төріңе, Куәміз шалқып – тасқан сәттеріңе. Алтын той, Сапар шегіп өткен шаққа, Жолықтырған секілді жас кезіңе.
Өсірдің әдепті қыз, саналы ұлды, Тек шаттық көнсін шырай ажарыңды. Елу жыл бір-бірімен шәй деспеген, Сыйластық сіздердегі болады үлгі. Вернуться назад |