zizAengine > Күлдіргі әңгімелер > Берік Садырдан
Берік Садырдан5-02-2011, 23:58. Разместил: janar |
- Әке, сіздер коммунизмнің белсенді құрылысшылары болыпсыздар ғой? - Болдық, сосын құрылыс материалдары жетпегенсін – қойдық... ***** - Мына басыңдағы ісік пе? - Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім. - Иә, дәрігер не дейді? - Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын елі, - дейді. **** - Үйсіз қала, сусыз өзен-көл, Талшыбықсыз ну орман қайда болады? Географиялық картада. **** - Кімнің алдында елдің бәрі бас киімін шешуге мәжбүр болады? - Шаштараздың алдында. ***** - Балықтың қай түрі ең бағалы болып саналады? - «Алтын балық». ***** - Байқамай қасығың мен шанышқыңды жұтып қойдың. Не істеген абзал? - Тамағыңды қолмен жеуге тура келеді. **** Үйіне кіріп келген күйеуіне әйелі: - Балаң күннен-күнге өзіңнен аумай бара жатыр, - дейді. - Балам, бері кел! Бүгін тағы не бүлдірдің? ****** Армян радиосынан сұрайды: - Суға батып бара жатқан шенеунікке жіптің қай ұшын берген дұрыс? - Екеуін де... ****** Таңертең жұмысқа келдім. Сырт киімімді шешіп, ілгішке ілдім. Компьютерді қостым. Бірақ интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді. ******** Футболист күнделігінен: «10 тамыз. Кеше топ бастаушылармен 2:2 есебімен тең ойнадық. Мен 4 доп соқтым. ****** Вернуться назад |