Главная > --- > ЖАНҒАЛИ ЖИЕНБЕТ, ҚАЙЫРЛЫ КҮН!
ЖАНҒАЛИ ЖИЕНБЕТ, ҚАЙЫРЛЫ КҮН!26-07-2012, 06:59. Разместил: janar |
замзам суымен 'бисмилла' деп ауыз ашатын, уйеме табак етке кол салатын, курт косылган кою сорпаны сораптайтын, сонынан бір самаурын шайды сулу байбішеннін колынан ішетін,карын тойган сон 'тоба кылдым' деп бір демалып алатын, періште дауысты балалар киіз уйдін жабыгынан жарапазан айтатын, сол кезде сулу байбішене 'ай, балалардан аянып кайтесін' деп мырзасынып иек кага салатын, ол 'лаппай' деп шетіне жеті мын тенге туйілген ак орамалды курт пен кампитін араластыра лактыра салатын кеш болсын!
Жанғали Жиенбет
******* алатаудын баурайына алты канат ак уйді тігіп тастайтын, каракул койдын кузем жунінен бастырылган туркістаннын бай текеметіне корпе тосемей жантая салатын, 40 кыздын ішінен тандап алган байбішеннін байек болып жайган дастарханына емес, ыкылас-пейіліне конілін маркаятын, колынан ішкен ауызашар суын зам-замга балайтын, еттен кейін кунан койдын токпан жілігін куміс б?кімен еріне мужитін, лондонга барып ойкастаган казах жігіттерін тв-дан коріп 'беу!' деп масаттана акыра салатын әдемі кеш болсын! ***********
жангали жиенбет (21:41) :
ораза айттың құрметіне жайылған дастарханның үстіндегі май-қаймақ, бауырсақ-тоқаш, суытылған етке көздің қырын да салмай жайықтың қара уылдырығын куміс қасықпен жейтін, күндіз айттап келген қонақтарыңның әдемі тілек-ниеттерінің әсерімен рахаттанып үнді шәйін ішетін, шәйға катон-қарағайдың балын ағаш қасықпен аямай қотара салатын, "айттан-айтқа аман жете берейік"- деп сұлу бәйбішеңе көрсетпей қымбат коньяктың бір кесесін тартып жіберетін, "осыған да тәубе"- деп асықпай қалақ домбыраны тыңқылдатып "ағажай-алтайға" қоңырлата басатын, оған ешнәрсені аңғармаған сұлу бәйбішең де сыңғырлаған сопрано дауысымен қосыла кететін керемет думанды кеш болсын!
Вернуться назад |