Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 9638
  • Автор: janar
  • Дата: 13-05-2011, 14:02
13-05-2011, 14:02

Үйлену тойында өткізілетін салт-дәстүрлер

Категория: Салт-дәстүрлер » Үйлену салт-дәстүрлері

Авторы: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

 Үйлену тойының мәдениеті Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі

Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты. Ол – үйлену арқылы харам болған нәрсені халал етіп, халал болған нәрсені харам етіп берген Аллаһтың нығметін паш ету тойы. Сондай-ақ, бұл үйлену - әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне халал болғанын, керісінше енесі күйеу баласына, атасы келініне харам болғанын (жұбайлық қарым-қатынаста) білдіреді.


Қыз ұзату Үйленетін жігіттің ата-анасы болашақ келінінің ата-анасының алдынан өтіп, құда түсіп, оған лайықты сый-сияпатын жасап, салт-дәстүрлерді орындаған соң қалыңдығын алып кетуге күйеу жігіт келеді. Сол кезде екі жасқа арналып ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынандай дәстүрлі рәсімдер жүзеге асырылады:

1. Құдай жолы;
2. Кереге керер;
3. Шаңырақ көтерер;
4. Уық шаншар;
5. Туырлық жабар;
6. Түндік жабар;
7. Үзік жабар;
8. Бау-шу байлар;
9. Отау байғазысы;
10. Мойын ұсынар.

Информация к новости
  • Просмотров: 18985
  • Автор: janar
  • Дата: 6-05-2011, 15:16
6-05-2011, 15:16

Келін түсіргенде орындалатын салт-дәстүрлер

Категория: Салт-дәстүрлер » Үйлену салт-дәстүрлері

                    Келін түсіруге байланысты орындалатын салт-дәстүр ежелден келе жатыр. Қазақ халқының салт-дәстүрінің бәрі мағыналы түрде орындалады. Ауылға келін кіре бере, жасаулы көштің алдынан әйелдер шығып, шашу шашқан. Көш бастап келген әйелді "Мұрындық ана" деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары жүкті дереу түсіріп, отауды тігуге кіріскен. Шаңырақты көтеру балалы-шағалы, үрім бұтағы өскен, елге беделді, салиқалы адамға жүктелген. Бұл жерде жаңа түскен келінге

***********

Тойға алдын-ала дайындалу

              

Беташар

 

Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігі

 

Есік ашар мен төркіндеу

             

Информация к новости
  • Просмотров: 28082
  • Автор: janar
  • Дата: 29-04-2011, 15:37
29-04-2011, 15:37

Қыз ұзату, Жар-жардың айтыс түрі, Қоштасу, Қыз ұзату тойы, Жасау беру, Қыз киімін беру

Категория: Салт-дәстүрлер » Үйлену салт-дәстүрлері

           "Той десе, қу бас домалайды" демекші, той күні бала-шаға, жастар, қыз-келіншектер және үлкен кісілер тойға жиналған. Той дастарқаны басында қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар таратылған кейін, той басқарушы ұйымдастырған әндер айтылған. Түрлі ойындар ұйымдастырылған: балуандар күресі, ат бәйге, қыз қуу, көкпар, жамбы атыс, арқан тартыс. Жастары таң атқанша ойын-сауық құрған. Жеңімпаздары жүлделерге иеленген.

           Кешқұрым ақ отау алдында жиналып, жат жерге кетіп бара жатқан бойжеткен құрбы-құрдастарымен қоштасып, "Жар-жар" жырын айтқан.

 

Жар-жардың айтыс түрі

 

Қоштасу

 

Қыз ұзату тойы

 

Жасау беру

 

Қыз киімін беру

 


Информация к новости
  • Просмотров: 19451
  • Автор: janar
  • Дата: 27-04-2011, 16:52
27-04-2011, 16:52

Үйлену тойында орындалатын дәстүрлер (жаушы жіберу, құда түсу, қалың мал, сүт ақы, ілу т.с.с)

Категория: Салт-дәстүрлер » Үйлену салт-дәстүрлері

 

          Қазақта "Үйлену оңай, үй болу қиын" - дегендей, үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Қазақ халқы, қыз ұзатып, ұл үйлендіріп келе жатқан думаншыл-сауықшыл халықтың бірі. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін - салт-дәстүр. "Қызын қияға, ұлын ұяға қондыру" әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті.

*******

Жаушы жіберу


(қыз айттыру, қыз таңдау)

        

Құда түсу

 

(Бел құда, бесік құда, қалың мал, сырға салу,сүт ақы, ілу, құйрық-бауыр асату .......)

      

Информация к новости
  • Просмотров: 3001
  • Автор: janar
  • Дата: 26-04-2011, 13:04
26-04-2011, 13:04

Сәукеле құны фатадан қымбат

Категория: Салт-дәстүрлер, Үйлену салт-дәстүрлері

           " Сәукеле кигізу" салтына құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы олқы болмайды. Оның көрімдігі де оған лайық болу керек.

          Сәукеле-жай бас киім ғана емес, қазақ сән-салтанатының, салт-дәстүрінің мәдениет пен шеберліктің озық үлгісі. "Алтын мен апталып, күміспен күптеліп" дегендей, ол інжу-маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі, мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі-түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым - тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс.

Информация к новости
  • Просмотров: 75960
  • Автор: janar
  • Дата: 25-02-2011, 11:57
25-02-2011, 11:57

Қыз ұзату, қыз айттыру, құда түсу, бата аяқ, құда тартар, қыз ұзату тойы, ау-жар, сыңсу, қоштасу

Категория: Салт-дәстүрлер » Үйлену салт-дәстүрлері

Қыз ұзату

Қыз айттыру

Құда түсу

Бата аяқ

Құда тартар

Қыз ұзату тойы

Ау-жар

Сыңсу

Қоштасу

Информация к новости
  • Просмотров: 5088
  • Автор: janar
  • Дата: 25-02-2011, 11:47
25-02-2011, 11:47

Келін әдебі

Категория: Салт-дәстүрлер, Үйлену салт-дәстүрлері, Соңғы қосылған дүниелер

Келін әдебі                                                          

         Той өткен күннің ертеңінде-ақ, жаңа түскен жас келін бозада таңмен таласып тұрып, алдымен қазақта «үлкен үй», «қара шаңырақ» деп аталатын әке үйінің түндігінің бауына ақтық байлап ашады. Одан кейін жасы үлкен қайын ағаларының, ең соңында өз үйінің түндігін ашқан соң, отауында от жағып, түтін түтету үшін «үлкен үйден» «от алуға» барады. Қазақтың «отбасы». «отау» (от алу сөзінен шыққан) ұғымдары ежелгі отқа табынуға байланысты туындаған салтқа негізделе қалыптасқан атау екендігі анық. Осы орайда,

Назад Вперед
^