Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 4662
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:34
8-09-2011, 13:34

Зейнеп Ахметова Сүндетке отырғаның - иманды болғаның

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » тағы басқа

СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒАНЫҢ - ИМАНДЫ БОЛҒАНЫҢ... /"Айқын" газетінен/

Құрсақтой, шілдехана, бесіктой, қырқынан шығару, тұсаукесер деген сияқты бала өміріне қатысты тойлардың маңызы мен ерекшелігі жайлы өткен нөмірлерімізде айттық. Ұл баланың өміріндегі үлкен бір белес - сүндет жайлы, сүндеттой жайлы не білеміз? Бүгінде сүндеттой қалай жасалып жүр? Бұл жайлы тұрақты кейіпкеріміз Зейнеп апайымыздан білсек...

 

СҮНДЕТТОЙДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
Информация к новости
  • Просмотров: 7775
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:32
8-09-2011, 13:32

Зейнеп Ахметова Тілашар қазақта бұрыннан бар

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » тағы басқа

«ТІЛАШАР» ҚАЗАҚТА БҰРЫННАН БАР /"Айқын" газетінен/
Естеріңізде болса, біз тек қана балаға қатысты тойлардың мән-маңызы мен сол қуанышты күннің өткізілуі жөнінде бұрынғы мен бүгінгінің ұштасып, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың қайта жаңғырып жатқаны жөнінде айтып келеміз. "Той десе, қу бас домалайды" дейтін біздің халықтың өзгелерге ұқсамайтын ерекшелігі - титімдей қуанышын жұртқа айтып, көпшілікпен бірге тойлап, қызығын жария етіп, жар салатындығында. Кез келген қуанышын ағайын-туғанмен бөлісетін қазақтың тағы бір тойы - "Тілашар" туралы тұрақты кейіпкеріміз Зейнеп апай не дейді екен, сонымен...

 


БАЛАСЫНЫҢ ҚАРА ТАНУЫНА МӘН БЕРГЕН ХАЛЫҚ 

Информация к новости
  • Просмотров: 4469
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:30
8-09-2011, 13:30

Зейнеп Ахметова Мүшел есебі

Категория: Салт-дәстүрлер » Салт-дәстүрлер

Зейнеп АХМЕТОВА: Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі Печать


"Қазақ күнтізбесі дегенді қалай түсініп жүрміз, дәрігерлердің "өтпелі кезең" деп атайтын кезеңін біздің халқымыз ежелден білген бе, мүшел жастың ерекшелігі жайлы не білеміз?" деген сияқты сансыз сауалдарға жауапты әдеттегідей айдарымыздың тұрақты кейіпкері Зейнеп апайдан сұрап білдік. Сонымен...
ЖЫЛДЫҢ ЖАМАНЫ ЖОҚ 
Информация к новости
  • Просмотров: 3335
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:27
8-09-2011, 13:27

Зейнеп Ахметова Жолаушыны құрметтеген халықпыз

Категория: Салт-дәстүрлер, Әдет-ғұрыптар

Зейнеп АХМЕТОВА: АТАМ САЛТ-ДӘСТҮРДІ ЖЕТІК БІЛЕТІН... ("Айқын" газетінен) Печать


Осыған дейін қазақтың салт-дәстүрі, яғни халқымыздың өзіне ғана тән әдет-ғұрпы туралы кеңінен түсіндіріп айтып келеміз. Ұлттық ерекшелікті айқындай түсетін белгінің бірі - ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрыптары екені де белгілі.
"Мен тек атамның келінімін. Тұла бойы қайшылықтарға тұнып тұрған қайталанбас адамның биік шаңырағының кең дастарқанын ұстаған, шамам келгенше иіліп қызмет істеп, өнегелі өсиетін де, өңменімнен тесіп өтер айқайын да естіген маңдайлы келінімін. Атам деген - тірі тарих, шексіз шежіре еді... Ол - өз өмірінде сый-құрметке, қошеметке бөленген адам. Бірақ халқымыздың жақсы салттарын сақтап, әдеп пен ізет көрсетуім тіпті ұнап-ақ тұратынын білетін едім..." - дейді Зейнеп апай атасы жайлы жазылған "Шуақты күндер" атты кітабында. Ал бүгінгі "жолашар" мен "тоқымқағар" дәстүріне қатысты әңгімені Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атамыз келіні Зейнеп апайға айтып берген екен. Бұл - жауына - сес, еліне ес болған біртуар ерен тұлғаның туған халқының болмысы, оның құндылықтары жайлы айтқан көп ұлағаттарының бір кішкентай үзігі ғана.
Жолаушыны ҚҰрметтеген халыҚпыз 
"Жолашар", "жолаяқ" дегеннің не екенін мәңгүрт болып кеткендер болмаса, былайғы қазақтың білмейтіні кемде-кем болар. Ол - сапарға аттанып бара жатқан жолаушыға ақ жол тілейтін дәстүр. Ал мұның негізгі мән-мағынасын бүгінде 100 жылдық ғасыр тойы тойланып жатқан батыр ата маған былай түсіндіріп еді... 
Информация к новости
  • Просмотров: 4652
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:18
8-09-2011, 13:18

Ырымның естісі мен есері бар

Категория: Ырым-тыйымдар, Соңғы қосылған дүниелер

Ырымның естісі мен есері бар ("Айқын" газетінен) Печать
Бірде Алматының орталық мешіті жанында ұсақ-түйек сатып отырған басында тақиясы, қолында тәспісі бар бір қариядан өрімдей жас жігіт: «Ата, сізде көзмоншақ бар ма?» деп сұрағаны сол еді, әлгі қария «Бар айналайын, сенің сұрап тұрғаның мынау ғой» деп бір жерінде кішкентай ғана ақ «көзі» бар қарамоншақты қаз-қатар тізілген моншақтардың арасынан суырып берді де, «Бұл моншақ сені тіл-көзден сақтап жүрсін, балам» деген игі тілегін айтып қала берді.
Бір таңданарлығы, соңғы уақытта қазақ жастары ырым-тыйымшыл болып барады. Мысалы, көшеде кетіп бара жатқан көліктерге назар аударсаңыз, исі мұсылман жүргізушілердің көпшілігінің айнаның алдына кішкентай құран сүресін немесе тәспіні іліп қойғанын жиі байқауға болады. Бұл не сонда? Егер байыбына үңіліп, зерделей түссеңіз, бұл - әлгі көлік жүргізушісінің «бәле-жала менен алыс жүрсін» деп өзінің жол амандығын тілегені. Бұған қоса, бұл «көлденең көк аттының тіл-көзінен сақтап жүрсін» деген ырым. Сонда, ырым-тыйым деген не? Оның күнделікті өмірде қандай маңызы бар? Бүгін біз кейінгі толқын жастар біле жүрсін деген ниетпен қазақтың ырым-тыйымдары төңірегінде ой өрбітпекпіз.

Қаперіңізде болсын!

Жер бауырлап жатып жылау - жақсылыққа апармайды.

Информация к новости
  • Просмотров: 15301
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:11
8-09-2011, 13:11

Зейнеп АХМЕТОВА: Қазақтың тыйым сөзі - ұлттық тәрбие көзі

Категория: Ырым-тыйымдар, Соңғы қосылған дүниелер

Зейнеп АХМЕТОВА: Қазақтың тыйым сөзі - ұлттық тәрбие көзі ("Айқын" газетінен)

Халқымызда "баланы - жастан" деген сөз бар. Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйретуге тырысқанымызбен, кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда, мысалы, "жағыңды таянба", "табалдырықты баспа" деп айтуын айтқанмен, балаға оның мән-мағынасын түсіндірместен, "жаман болады" деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Осынымыз дұрыс па? Жалпы, тыйым сөздер қайдан шыққан? Оның астарына зер сала қарадық па? Бұл жайында Зейнеп апай не дейді екен...
Информация к новости
  • Просмотров: 6451
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:05
8-09-2011, 13:05

Зейнеп Ахметова қзіргі көзмоншақтар қолдан жасалған

Категория: Ырым-тыйымдар, Соңғы қосылған дүниелер

Зейнеп Ахметова: Қазіргі көзмоншақтар қолдан жасалған.../"Айқын" газетінен/
Әсілі, бала қолды-аяққа тұрмай шырылдап жылағанда, "тіл тиді ме екен..." деп жатамыз. Кішкентай баланың өңіріне "көз өтпесін" деп көзмоншақ қадап қоятынымыз бар. Жалпы, тіл-көз деген не? Көзмоншақ қайдан шыққан? Айдар мен тұлым деген не? Кекіл жайлы не білеміз? Бұл жайында Зейнеп апай былай дейді...

КӨЗМОНШАҚ ТІЛ-КӨЗДЕН САҚТАЙДЫ
Информация к новости
  • Просмотров: 5321
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 10:55
8-09-2011, 10:55

Зейнеп Ахметова Тыйым - тәлім-тәрбие көзі

Категория: Ырым-тыйымдар, Соңғы қосылған дүниелер

Тыйым - тәлім-тәрбие көзі /"Айқын" газетінен/


Нан мен тұздың қатарынан орын алатын сүт тағамдары, қазақтың ақты қатты қадірлейтіні жайлы не білеміз? "Су - тіршіліктің көзі" деп жатамыз. Десе де, "суға түкірме", "қоқыс тастама" деген сияқты тыйым сөздерге мән береміз бе? "Отты аттама" деген сөз нені білдіреді? Бүгінгі әңгімеміздің арқауы да осы жайлы болмақ...

Информация к новости
  • Просмотров: 3367
  • Автор: janar
  • Дата: 7-09-2011, 14:17
7-09-2011, 14:17

Зейнеп Ахметова Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі

Категория: Салт-дәстүрлер » Салт-дәстүрлер

Зейнеп АХМЕТОВА: Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі /"Айқын" газетінен/ Печать


Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне аса мән берген. Баланың жаман әдетті бойына сіңірмей өсуіне, адал азамат болып ержетуіне ата-ана, ағайын-туғанды былай қойып, ауыл болып атсалысқан. Қазақтың кез келген баласы обал-сауапты жасынан түсінген. Қазақ баласы кішкентайынан айналасына қолғабысын тигізіп, үлкеннің сөзін екі етпеуге дағдыланған. Үлкендеріміз баланы ұрып-соғып, ұрсып-зекіп емес, жол сілтеп, жөн көрсетіп тәрбиелеген. Үлкеннен өнеге көрмеген балада ұлағат болмайтынын ғасырлар бойы ұрпағына қалыптастырып кеткен. Бүгінгі әңгімеміз де тәрбиенің бір тармағына жататын тыйым жайлы болмақ...
Астың дәмін кіргізер тұздан айналайын...
Информация к новости
  • Просмотров: 4512
  • Автор: janar
  • Дата: 7-09-2011, 14:13
7-09-2011, 14:13

Зейнеп Ахметова Дастарханы жиылмаған халықпыз

Категория: Салт-дәстүрлер » Салт-дәстүрлер

Зейнеп АХМЕТОВА: Дастарқаны жиылмаған халықпыз /"Айқын" газетінен/


Қазақта дәм-тұзды қоятын дастарқанды қатты қадірлейді. Бұған қатысты "дастарқанды баспа" деген сияқты көптеген тыйым сөз бар. Айталық, "дастарқанды аттама", "дастарқанды қима, кеспе" деп жатамыз. Мұның себебі неде екен? Бүгінгі әңгімеміз төрінен қонағы арылмайтын қазақтың дастарқанына арналмақ...

ДАСТАРҚАННЫҢ ҚАСИЕТІ НЕДЕ?
^