Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 4699
  • Автор: janar
  • Дата: 9-09-2011, 09:24
9-09-2011, 09:24

Зейнеп Ахметова Әжелер - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі

Категория: Салт-дәстүрлер, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

Зейнеп АХМЕТОВА: Әжелер – тәлім-тәрбиенің қайнар көзі Печать

Қазақтың өзіне ғана тән салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жылдар бойы халықпен бірге жасасып келеді. Біз өткен нөмірлерімізде келінін қамқорлығына алатын енелердің берер тәлімі мен үлгі-өнегесі жайлы айтқан едік. Әңгіме барысында Зейнеп апайдан өз келінін қалай күткендігін, жалпы, өзі жиі әңгімелейтін салт-дәстүрді өзі қаншалықты ұстанатынын сұрағанбыз...
Өзім білмейтін нәрсеге жоламаймын

Қазақ халқының бала дүниеге келгеннен кейінгі атқаратын жөн-жоралғысының барлығы - жеке адамның басына тиесілі нәрсе емес, бұл ұлттың келешегіне байланысты өнеге. Бұған немқұрайды қарауға болмайды. Мұның барлығы жиналып келіп ұлттық қадір-қасиетті құрайды. Ал ол қасиетті кейінгі ұрпаққа жалғайтын - бүгінгі біз емес пе? Алайда біз не көріп жүрміз? Не білгеніміз бар? Білмегенімізді үйретер кім бар? Алдыңғы буын әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ұстана ма? Кейінгілерге қандай үлгі көрсетіп жүр? 

Информация к новости
  • Просмотров: 12054
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:52
8-09-2011, 13:52

Зейнеп Ахметова Балаға ат қою - ата-ана үшін жауапты іс

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » тағы басқа

Зейнеп АХМЕТОВА: Балаға ат қою - ата-ана үшін жауапты іс /"Айқын" газетінен/


Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі - өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады.

Информация к новости
  • Просмотров: 5913
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:50
8-09-2011, 13:50

Зейнеп Ахметова Бесік пен шаңырақ - киелі ұғым

Категория: Бесікке салу , Соңғы қосылған дүниелер

Зейнеп АХМЕТОВА: Бесік пен шаңырақ - киелі ұғым 


...Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бірімен бірі байланысып, ұштасып жатады. Осынау қасиетті үш затты қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп жіберетін болған әрі күлін де аяқасты қылмай, көміп тастаған. 

Информация к новости
  • Просмотров: 8176
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:48
8-09-2011, 13:48

Зейнеп Ахметова бесік жыры - балаға берілетін алғашқы тәрбие

Категория: Балаға қатысты салт-дәстүрлер, Соңғы қосылған дүниелер

Зейнеп АХМЕТОВА: Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие /"Айқын" газетінен/ Печать


«Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады. Газетіміздің өткен сандарында бесікке қатысты біраз мағлұматтарды - бала өміріндегі бесіктің пайдасын, маңызын жан-жақты түсіндіріп өттік. Бесікке қатысты, яғни ана мен баланың арасындағы тағы бір байланыс - бесік жыры деуге болады. Бесіктегі баласына ана әлдиін, бесік жырын айтпаған қазақ әйелі жоқ шығар. Жалпы, бесік жыры жайлы не білеміз? Баласына не себепті бесік жырын айтқан, оның маңызы неде? Айдарымыздың тұрақты кейіпкері Зейнеп апай бұл жөнінде былай дейді...
«БҮКІЛ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ ӘН САЛЫП ТҰРҒАНДАЙ...» 
Информация к новости
  • Просмотров: 4969
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:47
8-09-2011, 13:47

Жомарт Молдахметұлы Қазақтың келіні - ұлттың ұйтқысы

Категория: Салт-дәстүрлер » Салт-дәстүрлер

Қазақтың келіні - ұлттың ұйытқысы Печать


Келінді ұрпақ жалғастырушысы ғана емес, оны әулеттің ырысы, құт-берекесі, ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білген атамыз қазақ тура осылай деген! Дәл тауып айтқан! Одан әрі «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», «Абысын көп болса, ас көп» деген де біздің қазақ. Көпті көрген көнекөз қариялар неліктен бұлай деген?.. Әрине, бұл - келінге берілген тамаша баға және салауатты һәм парасатты тәрбие бастауы.
Міне, мәселенің басты мәні де, маңызы да осында! «Малдың аласы - сыртында, адамның аласы - ішінде» демекші, өмір болған соң келіннің сан алуан түрінің (мінезіне қарай) кездесетіні - дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Жалпы, қазақтың келіні, ол кім? Келіннің отбасындағы (қоғамдағы) рөлі қандай? Жаңа заман келіні сен, қандайсың? Келін тәрбиесімен кім айналысуы қажет? Міне, бүгін біз осындай сұрақтарға жауап іздей отырып, қазақ халқының келіндері туралы ой-пікірімізді ортаға салмақпыз.
Информация к новости
  • Просмотров: 6011
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:45
8-09-2011, 13:45

Зейнеп Ахметова Балаға қатысты ырымдар

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » тағы басқа

Зейнеп АХМЕТОВА: Бүгінде көңіл де сатулы... /"Айқын" газетінен/


Баланың ана құрсағына біткені, жарық дүниеге шыр етіп келгені, өсетіні - осының барлығы жаратылыстың өз ретімен келетін кезеңі. Балаға қатысты ендігі кезекте сөз еткелі отырған ырымдар жайлы не білеміз? «Бауырынан табақ алу» ырымы неге еңбектеп жүрген балаға жасалады? «Көгентүпте» не мән бар? «Танабау» жайлы білеміз бе? Ендігі әңгіме Зейнеп апайда...

КӨП ЕҢБЕКТЕГЕННІҢ ДЕ ПАЙДАСЫ БАР
Информация к новости
  • Просмотров: 5960
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:42
8-09-2011, 13:42

Зейнеп АХМЕТОВА: Қайшымен тұсау кеспеген

Категория: Балаға қатысты салт-дәстүрлер, Соңғы қосылған дүниелер

Зейнеп АХМЕТОВА: Қайшымен тұсау кеспеген

Бала өміріндегі тағы бір ерекше аталып өтілетін, үлкен той қылып өткізетін салттардың бірі - тұсаукесер. Тұсаукесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өйткені баланың бауырын жазып, қаз-қаз тұрып, бір аттап, екі аттаған кезде тұсауын кеседі. Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді, ал біздің қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Тұсау кесу үшін не себепті ала жіп дайындалған? Тұсауды немен кескен? Баланың тұсауын кімге кестірген жөн? Бұл жайлы айдарымыздың тұрақты кейіпкері Зейнеп апай былай дейді...

АЛА ЖІПТІҢ СЫРЫ 
Информация к новости
  • Просмотров: 3777
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:40
8-09-2011, 13:40

Зейнеп АХМЕТОВА: Бауырына салу - қазаққа ғана тән

Категория: Салт-дәстүрлер, Балаға қатысты салт-дәстүрлер

Зейнеп АХМЕТОВА: Бауырына салу - қазаққа ғана тән

Әдетте үйдің тұңғышы үйленіп, дүниеге сәби келгенде, атасы мен әжесі немерені бауырына салып жатады. Тіпті өздерінің баласы қылып «меншіктеп» алатын ата-әжелер жетерлік. Баланың туған ата-анасы да «атасының баласы», «әжесінің баласы» деп ата мен әжеге қарай икемдейді. Сонымен, тұңғыш бала кімдікі? Бауырына салудың пайдасы қандай? Бүгінде бұл дәстүр сақталған ба? Ата мен әже тәрбиесін көрген баланың ерекшелігі неде? Бұл жайында Зейнеп апайдың әңгімесін тыңдасақ...

БАЛА - БАЛЫМ, БАЛАМНЫҢ БАЛАСЫ - ЖАНЫМ 
Информация к новости
  • Просмотров: 4704
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:38
8-09-2011, 13:38

Зейнеп Ахметова Ашамайға мінгізу - еңбекке баулудың басы

Категория: Салт-дәстүрлер, тағы басқа

Зейнеп АХМЕТОВА: Ашамайға мінгізу - еңбекке баулудың басы /"Айқын" газетінен/


«Балаң ат жалын тартып мінді» деген сөзді жиі естиміз. «Ашамайға мінетін жасқа келіпті» деп жатамыз. Көшпенді халықтың баласы онсыз да ес білгеннен атқа мініп өседі. Ал баланы ашамайға мінгізуде не мән бар? Қыз баланы атқа мінуге кім үйреткен? Бұл жайлы айдарымыздың тұрақты кейіпкері Зейнеп апайымыз не дейді екен?.. 

АШАМАЙЛЫ АТҚА МІНДІҢ, МҰСЫЛМАНДЫҚ ТАҚҚА МІНДІҢ...
Информация к новости
  • Просмотров: 4701
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:36
8-09-2011, 13:36

Зейнеп Ахметова Құлақ тесуде де тәрбие жатыр

Категория: Салт-дәстүрлер, тағы басқа

 

Зейнеп АХМЕТОВА: Қыз тәрбиелі болса, келін өнегелі болады

Өзге ұлттың қыз балаларын қайдам, біздің қазақтың қыздарының құлағын тесіп, сырға салуы міндетті сияқты көрінеді. Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар қазақ қыздары ерекше сұлу, ерекше әдемі. Сырға таққан қыздарға ақындар өлең арнап, сазгерлер сырлы ән шығарған. Сырғалы сұлуларын әнге қосып жүрген әншілер қаншама! Ал біз осы қарапайым өмірде қыздың құлағын не үшін тесетініне үңіліп көрдік пе? Жалпы, қазақ қыздарының құлағын қай жаста тескен? Құлақ тесіп, сырға салып қоюдың не мәні бар? Айдарымыздың тұрақты кейіпкері Зейнеп апайымыздың бұл жайлы не айтары бар? Сонымен...

ҚҰЛАҚ ТЕСУДЕ ДЕ ТӘРБИЕ ЖАТЫР 
^