Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 2869
  • Автор: janar
  • Дата: 3-06-2011, 06:56
3-06-2011, 06:56

Әмеңгерлік

Категория: Үйлену салт-дәстүрлері, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

          Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі жас болса «ерден кетсе де елден кетпек жоқ», «аға өлсе іні мұра» деген қағидамен, әмеңгерлік жолмен күйеуінің  аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге  тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған. Егер әйел тиісті әмеңгеріне шықпай, басқа біреуге шығатын болса, бұрынғы күйеуінің мал-мүлкінен үлес ала алмайды, өз төркінінен келген мүлкімен ғана кете алады . Мұны қазақша «іргеден шығару» дейді. 

Информация к новости
  • Просмотров: 3399
  • Автор: janar
  • Дата: 3-06-2011, 06:51
3-06-2011, 06:51

Аяғына жығылу

Категория: Үйлену салт-дәстүрлері, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

 

            Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі «аяғына жығылу» деп аталады. Мұнда айыпты адам жанына  беделді адамдарды ертіп, кінәлі адамынан жұрт алдында кешірім сұрайды, күнәсі тым ауыр болған жағдайда аяғына жығылады. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» дегендей мұндайда кешірім етіледі. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептеледі. Аяққа жығылудың екінші бір түрі екі жастың көңіл қосу кезінде ата-ана келісімін аттау барысында қолданылады. Кейде бірін-бірі ұнатқан жігіт пен қыз ата-ананың келісіміне қарамастан (әсіресе қазіргі кезде) бас қосады, отау құрады. Мұндайда «қызды қашып кетті» дейді. Қыздың әке-шешесі ренжіп, кейде қатты ашуға басады, көрместей болады. Осы кезде жігіт жағынан жігіт әкесі бас болып «елшілер» келіп, құдаларының «аяғына жығылады», яғни кешірім өтінеді, бітім сұрайды. Оның аяғы татулыққа ұласады.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 2596
  • Автор: janar
  • Дата: 3-06-2011, 06:44
3-06-2011, 06:44

Ашамайға мінгізу

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » тағы басқа

 

          Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, балаға арналған «ашамай» деп аталатын ер жасатып, қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді.Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі-осы ашамайға мінгізу арқылы да көрінеді. Ақ тілекті аналар шашу шашады. Ересек балалар тайға мініп, жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.

Информация к новости
  • Просмотров: 4358
  • Автор: janar
  • Дата: 3-06-2011, 06:40
3-06-2011, 06:40

Ауылдың алты ауызы

Категория: Салт-дәстүрлер » Әдет-ғұрыптар

         Тойда, ойын-сауықта, қонақ кәде сұрағанда, көбінесе, алыстан келгендер «ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді,» әуелі өздеріңіз бастаңыздар» деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл «жол өздеріңізден,өнер,өлең ауылдан басталсын» деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарыңыздан басталады. «Ауылдың алты ауызы» дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылуы немесе бұрыннан таныс өлең, жыр түрінде орындалуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады.ауылдың алты ауызы өнерлі жастарды топ алдына шығаруға, олардың халыққа танымал болуына игі әсер еткен.

^