Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 24673
  • Автор: janar
  • Дата: 1-05-2011, 18:51
1-05-2011, 18:51

Жан аға (Қарындастың құттықтауы)

Категория: Аға-апайларға, Соңғы қосылған дүниелер

Бүгін біздің отбасында той-думан,

Бәрімізден жаны жайсаң - сой туған.

Аға сенің құттықтауға бас қосты,

Құрбы-құрдас, қариялар ой қуған.

 

Отыр әне, төр басында әкеміз,

Қасында оның гүл жайнайды тәтеміз.

Әке-шеше бізді аялап өсірген,

Кешіретін болса-дағы қатеміз.

 

Аға-іні, қарындастар, аналар,

Жезде, жеңге, қайынене, аталар.

............

Информация к новости
  • Просмотров: 12541
  • Автор: janar
  • Дата: 1-05-2011, 18:26
1-05-2011, 18:26

Жастарға тілек

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Ұлан, Гүлназ тойларың құтты болсын,

Тілектес достарыңмен орта толсын.

Шаңырағы биік боп ақ отаудың,

Босағасы мәңгілік биік болсын.


Информация к новости
  • Просмотров: 8171
  • Автор: janar
  • Дата: 1-05-2011, 17:57
1-05-2011, 17:57

Спортшыға құттықтау

Категория: Жеңісті шақтарға, Соңғы қосылған дүниелер

       Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық.

Сенің табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білдің.

       Жаңа жеңістер мен табыстар тілеймін!

***

Қымбатты Илья! Миллиондаған қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан тамаша жеңісіңмен құттықтаймын! Қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып сен Қазақстанды дүниежүзілік ойындарда лайықты таныта білдің. Сенің зор табысың еліміздің спорт шежіресіне мәңгілікке енетін болады. Денсаулық, бақыт және спорттық сайыстарда табыстар тілеймін. 

/Илья Ильинге Елбасы жіберген құттықтау жеделхатынан/

***

Қымбатты Майя! арлық қазақстандықтардың және өз атымнан сені Оңтүстік Кореядағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға ие болуыңмен қызу құттықтаймын. Біздің бәріміз де бұл тамаша жеңісті зор құлшыныспен қабылдадық!

Табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайратыңды көрсетіп, сен біздің елімізді осы халықаралық сайыстарда лайықты көрсете білдің.

Одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін!

/Майяға Елбасы жіберген құттықтау жеделхатынан/


Информация к новости
  • Просмотров: 4327
  • Автор: janar
  • Дата: 1-05-2011, 17:36
1-05-2011, 17:36

Тұманбай Молдағалиев Жарыма

Категория: Жарыма, Соңғы қосылған дүниелер

Бәбішем-ау, сұлу едің, ойлы едің,

Нәзік тәнге жарасатын көйлегің.

Керіс шығып кетпесін деп кездейсоқ,

Күйеуіңе байқап-байқап сөйледің.

 

Өтті жылдар, өткендері білінбей,

Өлген арман қала берді тірілмей.

Тілің шықты ақырындап сенің де,

Сегіз айлық жас баланың тіліндей.

 

Көнеміз ғой дегеніне тағдырдың,

Бақытыңды қызғанатын бар құрбың.

Тұманбайды жақсы көрген жүректі,

Қай көшенің бұрышында қалдырдың?!

 

Мүмкін гүлдер еге алмадым жолыңа,

Бақ жұлдызын бере алмадым қолыңа.

Айың туса алғаныңның арқасы,

Күнің шықса көпсінбеймін оны да.

 

Қатар тұрып кеуде тостық тасқынға,

Керек етсем, тілін таптың тастың да.

Елу жылдай бірге келе жатырмыз,

Сенің биік ақылыңның астында.

Информация к новости
  • Просмотров: 5369
  • Автор: janar
  • Дата: 1-05-2011, 17:20
1-05-2011, 17:20

Ұзатқанда

Категория: Қыз ұзату , Соңғы қосылған дүниелер

Ұлықбек Есдәулет

Менен туған жырлардың ең сұлуы,

Мен өсірген жемістің ең шырыны;

Шабытымның жаралған шұрайынан,

Тал бойынан табылмас кемшілігі;

Ет жүрегім осынау дүниеге

Еркелетіп жіберген елшілігі -

Қызым менің барады ұзатылып.

 

Ұзатылып барады Назым қызым,

Тіршіліктің ерітіп қалың мұзын.

Бүршік жарған көктемде, гүлін ашып,

Басқа бақта өткізбек жазын, күзін.

Ұзатылып барады Назым қызым.

 

Жаратылған жат жұртқа жазмыштан,

Ұясынан жаутаңдап қазым ұшқан.

Қимастық пен қуаныш тайталасып,

Күтті көңіл тылсым бір саз ұғысқан.

 

Ардағыңды алысқа қимағасын,

Ет кескендей етіңнен киналасың.

Жүрегіңнің тамырын жұлғандай-ау,

Ішке сыйып, сыртыңа сыймағасын.

 

Жыр оқыңдар, жігіттер, ән айтыңдар,

Достарымның қатарын қарайтыңдар.

Бұл өмірде онсыз да жетіп жатыр,

Ақындарды ақымақ санайтындар.

^