Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 10089
  • Автор: janar
  • Дата: 23-02-2011, 11:16
  • 0
23-02-2011, 11:16

60 жасқа толған құдаға тілек

Категория: Парасат (49-61), Құда-жекжаттарға, Соңғы қосылған дүниелер

Адам - өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан Қадырәлі құдамыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.

         Алысқа да, ағайынға да жібек мінез, ықыласты мейіріммен танылған Қазима құдағи құдай қосқан қосағының ел арасында құрметінің асып, қиын да қызықты еңбек жолының жемісті болуы үшін жүрек жылуын арнап келеді.

         Қадірлі құдамыздың мерейлі мүшел жасы құтты болып, бақ-дәулеті арта берсін!

         Құтты болсын 60 деген жасыңыз,

         Қуаныштың кемерінен тасыңыз.

         Әрқашанда мықты болып денсаулық,

         Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.

******

Информация к новости
  • Просмотров: 23354
  • Автор: janar
  • Дата: 23-02-2011, 11:12
  • 0
23-02-2011, 11:12

60 жасқа толған әкеге тілек

Категория: Парасат (49-61), Әкеме, Соңғы қосылған дүниелер

         Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,

         Бәрін болжап жүретін алдағының.

         Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,

         Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.

 

         Анамыз Айшаменен қанаттасып,

        

Информация к новости
  • Просмотров: 6388
  • Автор: janar
  • Дата: 23-02-2011, 11:06
23-02-2011, 11:06

70 толған әкеге тілек

Категория: Қарттық (73-тен кейін), Отау көтерген мерей тойларға, Соңғы қосылған дүниелер

Алтын күздің алғашқы күні Алатаудай ардақты әкеміз 70 жасқа толғалы отыр.

Сондай-ақ анамыз екеуінің өмірлерінің мәніндей  «Алтын тойлары». Гүлдей қыз өсірген, білдей ұлдар өсірген, балдай немере-жиендер сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбиелеген әке-шешемізді   қос қуаныштарымен құттықтаймыз.

Әкетай – асқар тауың,

анашың зәм-зәм бұлақтай.

Алла өзі демеу болсын,

жылатпай-дағы ,құлатпай.

«Гауһар тойға» жетіңіздер,

төрт құбылаң тең болып,

Шөлпілдетер шөбере сүйіп,

шөлміркер көңіл гүл атқай!

******

Информация к новости
  • Просмотров: 14882
  • Автор: janar
  • Дата: 23-02-2011, 10:52
  • 0
23-02-2011, 10:52

"Ананың сүюі" Ы.Алтынсарин

Категория: Анама, 8 наурыз, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар, Соңғы қосылған дүниелер

                            Кім сендерді  балалар 

                                                                 сүйетұғын,

                            Қуанышыңа қуанып, қайғыңа

                                                                  күйетұғын.

                            Түн ұйқысын төрт бөліп,

                                                                  кірпік қақпай,

                            Шешең байғұс дамылсыз

                                                                  жүретұғын.     

                            Кім сендерді, балалар

Информация к новости
  • Просмотров: 3654
  • Автор: janar
  • Дата: 23-02-2011, 10:44
23-02-2011, 10:44

Жастарға нағашының батасы Ғұмар Ахметчин

Категория: Жас жұбайларға бата, Соңғы қосылған дүниелер

«Дастарханның басында,

Не бір жақсы осында.

Мен бір бата берейін,

Дос-жарандар қасында:

Қос өрім жас – қос өркеш,

Қалижан мен Бәтима.

Бақыттың ашып қақпасын,

Ақ отауын көтеріп,

Құт босаға аттасын»,

«Еңбек етсін елмен тең,

Ерініп үйде жатпасын.

Дастарханы кең болсын,

Келгенде бұрып ат басын.

«Күлшашары» көп болсын,

Қуантар ата-анасын,

Айтып-айтпай не керек,

Сөзімнің болсын түйіні:

Зердеңе құй екі жас,

Нағашының батасын».

                                                         *****

Информация к новости
  • Просмотров: 7317
  • Автор: janar
  • Дата: 23-02-2011, 10:40
23-02-2011, 10:40

Бауыржан Момышұлының батасы

Категория: Белгілі адамдардың баталары , Соңғы қосылған дүниелер

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Бауыржан Момышұлы Бішкек қаласына әскери қызметке жіберіледі. Ол жолшыбай өзінің туған жері – Жуалы ауданында (Жамбыл облысы) 4-5 күн аялдайды. Батыр ағамыздың жанына облыстың, ауданның біраз басшы қызметкерлері еріп жүреді. Ауыл ақсақалдарымен бірге жақсы сөзге жаны құмар жастар да Баукеңнің әңгімесін тыңдайды.

         Сапарының соңғы күні Баукең жалғыз баласы соғыста қаза болған қасіретті қарияның бірінің үйінен дәм-тұз татып шықпақшы болады. Қанша үйдің дәмін татса да, астан кейінгі бата беруді ауыл ағалары атқарады. Енді елден аттанар алдындағы дәм-тұздың батасын беруді жұрт Баукеңнен өтінеді. Баукең сәл ойланады да, тебірене түсіп, былайша термелеп кетеді:

         Е, Жаратушы жасаған!

Тілегімізді қабыл ет,

Иманымызды қабыл ет,

Дозақтағы оттан сақта,

Қаңғырған оқтан сақта,

Парақор соттан сақта.

(Жұрт сотқа қарап күледі).

Кірлі сумен жуыстан сақта,

Ынтымақсыз туыстан сақта.

Қара жүрек батылдан сақта,

Дәйексіз тіл тақылдан сақта.

Адалдықты арбағаннан ақыннан сақта,

Ашу жеңген ақылдан сақта,

Қайырымсыз жақыннан сақта.

Қате ісіне қиналмас,

Көк долы қатыннан сақта.

Халықты зәбірлер бастықтан сақта.

Жақынға жала жабатын

Қанқұйлы қастықтан сақта.

Сырты сұлу, іші кір,

Қадір білмес пасықтан сақта.

Өз пікірі татымсыз,

Кісі ақылымен күн көрер,

Татымы жоқ жасықтан сақта.

Несібе кесер кесірден сақта,

Жолы лас жесірден сақта.

Кеудесін керген келіннен сақта,

Мезгілсіз келген өлімнен сақта.

Жалқау бала намыссыз,

Ожданы жоқ ұлдан сақта.

Түнере атқан таңнан сақта,

Жаңбыры жоқ шаңнан сақта.

Әкімінде шапағат жоқ,

Әділдікте шарапат жоқ,

Молдасында шариғат жоқ,

Байларында салауат жоқ,

Кедейінде қанағат жоқ,

Үлкенінде ұлағат жоқ,

Кішісінде инабат жоқ,

Азаматында ар-ұят жоқ,

Көршісінде қошемет жоқ,

Қариясында бата жоқ,

Сөздерінде пәтуа жоқ,

Құр айқай, шат-шәлекей даңнан сақта.

Е, Жартушы жасаған!

Өмір берсең – жайлығын бер,

Дәулеті мен байлығын бер.

Еңбегіміз өністі болсын,

Қамбамыз жемісті болсын.

Көсегеміз көркейіп,

Мыңғырған мал өріске толсын.

Қарияны кемел, сыпайы ғып бер,

Ағаларды райлы ғып бер,

Апаларды мейірлі ғып бер,

Жезделерді зейінді ғып бер,

Құдағиды кең пейілді ғып бер,

Қарындасты көрікті ғып бер,

Інілерді бөрікті ғып бер.

Әйелді ақ некелі ғып бер,

Баланы қаны толық шекелі ғып бер.

Жиендерді жетелі ғып бер,

Күйеулерді көшелі ғып бер,

Екі айтпайтын еселі ғып бер,

Келіндерді келісті ғып бер.

Қыздарды бақытымен

Ұрпағы көп өрісті ғып бер.

Аттарды желісті ғып бер,

Ағаштарды жемісті ғып бер,

Төскейде төл көбейсін.

Жайқалтып дала егісті ғып бер,

Дәні толық өністі ғып бер.

Ұрпақтарды намысты ғып бер,

Тұлпарды табысты ғып бер.

Жомарт болсаң, Жасаған!

Айтқанымның барлығын,

Ағайынды ақаусыз

Өнегелі өмірмен тату-тәтті,

Табысты ғып бер!

 

 

 

 

 

^