Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 3542
  • Автор: janar
  • Дата: 12-12-2010, 10:06
  • 0
12-12-2010, 10:06

Сейіт Кенжеахметұлы

Категория: Бата-тілектер » Белгілі адамдардың баталары

Торғай облысының Аманкелдi ауданында тұратын Айнагүл мен Сақтапберген Кенжеахметовтердiң отбасында жас сәби туып, оған ырым қылып Сейiт деп жазушы атын қойыпты. Сол бала 1994 жылы алғаш мектепте барғанда ата-анасы Сейіт Кенжеахметұлын тойға шақырыпты. Сонда жас Сейiтке былай деп бата беріпті:


Айналайын, аттасым,

Талантың судай қаптасын,

Атағың Абайдай болсын,

Абыройың Абылайдай болсын,

Жүректi болсаң Қабанбай жебесiн,

iлектi болсаң Бөгенбай жебесiн.

Наурызбайдай батыр бол,

Бауыржандай батыл бол,

Жалғыз болсаң алланы есiңе ал,

Жарлы болсаң пайғамбарды есiңе ал,

Азамат бол, арлы бол,

Қатарыңның алды бол,

Бiлiмiңмен әлдi бол!

Халқың болсын тiрегiң,

Берiк болсын бiлегiң,

Қабыл болсын тiлегiң,

Жүз жыл соқсын жүрегiң.

Дос-жараның сүйiнсiн.

Дұшпаның iштей күйiнсiн,

Басыңа бақыт құйылсын!

Әумин!

*****************

Информация к новости
  • Просмотров: 102330
  • Автор: janar
  • Дата: 12-12-2010, 10:02
  • 0
12-12-2010, 10:02

1 жасқа толған балаға

Категория: Туған күнге тілектер » Балдәурен (13-ке дейін)

Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,

Өмірі көркем көңілді болсын.

Ата-анасына мейірлі болсын,

Ағайын жұртқа пейілді болсын.

Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,

Әміренің әнін бергей.

Сәкеннің сәнін бергей,

Жүсіптің дидарын бергей,

Мұхамбеттің иманын бергей.

Ләйім Қыдырдың назарында,

Бақыттың базарында жүрсін!

**********************

Ананың бөбегіне тілегі /сайт оқырмандарының өтініштері бойынша жазылған/ Ғабиден Қожахмет

Болады деп келешегім-мақтаным,
Сен едің ғой күткен алдан ақ таңым,
Ұмытылар ма жүректерге үміт боп,


Информация к новости
  • Просмотров: 30216
  • Автор: janar
  • Дата: 12-12-2010, 09:59
  • 0
12-12-2010, 09:59

Төлеген Айбергенов Бір тойым бар

Категория: Өлең - сөздің патшасы

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ... бірақ...

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...

Информация к новости
  • Просмотров: 3839
  • Автор: janar
  • Дата: 12-12-2010, 09:57
  • 0
12-12-2010, 09:57

Мұхтар Шаханов

Категория: Өлең - сөздің патшасы

                                    Мұхтар Шаханов

 

Мағынасыз жылтырақты

сақтамайды ел еске,

Жалпы болып жылу болмау,

Әйел болып сұлу болмау

Табиғатты алдаумен тең емес пе?

Гүлзар әйел қауымына

сұлулықсыз бақ қайда,

Шын сұлулық тереңдікте жатпай ма?

^