» » » Баба батырлардың ұрпақтары
Информация к новости
  • Просмотров: 2613
  • Автор: janar
  • Дата: 16-07-2014, 04:54
  • 0
16-07-2014, 04:54

Баба батырлардың ұрпақтары

Категория: Той-думан » Әзіл-қалжың

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
БАБА БАТЫРЛАРДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ

Орта бойлы,қараторы келіншек есіктен қабағы шытылып сөйлей кірді:
-Туу,жаңа ғана жинаған үйді не қылғансыңдар?! Үп-үлкен болып алып,сенде ес болмағанда,жұдырықтай мынадан не сұрайсың!.. Әй,айналайын,соғыс деген баяғыда өтіп кеткен жоқ па?! Соғыс деген баяғыда өтіп кеткен жоқ па?! Қалмақ па еді,жоңғар ма еді,немене еді?.. Кіммен соғысып еді бабаларың?.. Соғыс этаж үйдің ішінде өтіп пе еді?!
Ірі сүйекті,қара сұр жігіт пен жанындағы жұдырықтай ұл ләм-мим деп тіс жарған жоқ.
-Жинаңдар!-деді келіншек ашуланып.-Шай алып келейін.
Баба батырлардың ұрпақтары әмірге үнсіз мойынсұнады.Батырларға да жан керек.Жоқ,дәлірек айтқанда,батырларға да тамақ керек.Батырлардың да қарны ашады.
Шай үстінде мұны баба батырлардың болмысы қайта табады.Жастыққа шынтақтай жатқан күйі "ыхы", "ыхы" деп жөткірінеді.Кісі кейіпке енеді.
Келіншек мырс етіп күледі.
-Ау,күлгенің қалай?-дейді бұл.-Күлгеніңе жол болсын? Баба батырлардың ұрпағына күлгенің не?..
-Кетші,ей,саған күліп отырған жоқпын,-дейді келіншек.-Балаңа қарасайшы...
-Әй,сен өйтіп жатып шай іше алмайсың,-дейді сонаң-соң ұлына.-Үстелдің астына кіріп кеттің ғой...
-Баба батырларға ұқсағаны да,-дейді бұл.-Баба батырларына ұқсап баққаны.
-Кетші,осы баба батырларын біледі дейсің бе,-дейді келіншек.-Айнымаған сенің қылуаң да.Бала көргенін істейді...
Шайдан кейін келіншек:
-Моншаға барып келейінші,-дейді.-Моншаның иесі-апаға қоңырау шалып едім,монша дайын тұр екен.Барып түсіп келе қояйын.Кір де жууым керек әлі.Туу,осы бір күн демалысыңда не істеп,не қойғаныңды білмейсің.Сендердің біреуіңді жұмысқа,біреуіңді бақшаға жіберіп тыныштық таппайынша,менде тіршілік жоқ!
-Ау,не қыл дейсің енді?-дейді бұл.-Барсаң,барып кел-дағы.Түссең,түсіп кел.Біз кішкене мызғып алайық.Жаудың бетін қайтару оңай болып па?!
-Сен мызғыма,-дейді келіншек.-Сен мызғыма.Кухняда қазанның астын жағып кеттім.Қазанға қарап қой.
-Ау,қазаның не айтып тұрған?-дейді бұл.-Қазаның қалай? Баба батырлардың ұрпақтарына...
Келіншек "кетші,әй" дегендей,қолын бір сілтейді.
-Қарап қой!-дейді сонан-соң.-Тасып кетіп жүрмесін.Сосын кәртөшке аршып қоя салшы.
-Ау,кәртөшкеңе жол болсын,-дейді бұл.-Кәртөшке аршы дегенің қалай?..
-Аршып қой,-дейді келіншек нығыздап.-Қабық жібермей аршы.Мен тездетіп барып шайынып келе қояйын.
Есік сырт етіп жабылады.Баба батырлардың бірі үлкен,бірі кішкентай ұрпақтары бір-біріне үнсіз қарасады.Қарасады да,түсініседі.Түсініседі де,күрсініседі.
Біреу-міреу көріп тұрған адамша,аяғының ұшынан басып,ас бөлмеге беттейді.Шаңқай түстегі кісінің көлеңкесі құсап,әкесінің қимылын айнытпай қайталаған күйі ұлы да соңынан ілеседі.
Ас бөлмеге кіріп,бір көзін жұмып,сығырайған қалпы жанып жатқан қазанның астына үңіледі.Көгілдір отын баяу жанып тұрады."Мұның ішінде не бар өзі?" дегендей,қазанның қақпағын ашып көреді.Сонан-соң "мұның ішіне не салғанын әйел біледі де,әйелдің ісінде шаруам қанша?" деген адамша,қазанның қақпағын іле-шала қайтадан жабады.Қолына пышақты алып тұрып,ұлына мұңая қарайды.Баба батырлардың кішкене ұрпағы көкірегін жара күрсінеді.
Кәртөшкені жұмарлап аршып болып,өз үйінен өзі қорынған жандарша,аяғының ұшынан басып,ас бөлмеден шығады.Әкесінің қимылын айнытпай қайталаған күйі ұлы да соңынан ілеседі.
Бөлмеге келіп,арқасын қабырғаға тіреп отырған қалпы әлеуметіне пәтуалы сөзін арнағалы жатқан би-шешендерше "ыхм" деп тамағын кенейді.Сонан-соң ұлына қарап отырып:
-Біз кішкене мызғып алайық,-дейді.
Батырлардың ұйқысы қандай қатты десеңші!..
Электр шамдары самаладай жарқырап жанған сәтте,бұлар үлкен асқа отырады.Осы кезде мұны баба батырлардың болмысы қайта табады.Салынған көрпеше үстіне баба батырларынша малдасын құрып отырады.Табақтағы туралған етке де "піссіміллә" деп баба батырларынша қол салады.Баба батырларша қарпытып-ақ асайды.
Әйелі сорпа құяды.Сорпадан да баба батырларынша ұрттайды.Ұрттап отырып "жарықтықтарым-ай" деп тебіреніп қалады.Сонан-соң табақтағы етке қайта қол салады.Баба батырларынша еңсеріп-ақ тастамақ болады.Бірақ сәлден кейін-ақ тоғайып қалады.Ішінен толқып,тебіреніп отырады: "Бір тайдың етін бір өзі жеген жарықтықтарым сол..."
Тамақтан кейін қолын жайып,ас қайырады.Баба батырларынша ұзақ толғамақ болады.Мұнан соң шарт жүгінген қалпы баба батырларының рухына білген аятын бағыштайды.Даусын да баба батырларша әуездетіп-ақ созады.
Астан кейін әйелі ыдыс-аяқтарды жууға алып кетеді. Бұл жастыққа шынтақтап жатқан күйі ұлына көз салады.Қарайды да ойланады: "Сен де бір күні баба батырларыңша малдасыңды құрып отырар ма екенсің?.. Сен де сөйтерсің әлі.Сөйтпеспін деймісің! Сен де табақ толы етке баба батырларыңша "піссіміллә" деп қол саларсың.Соларша еңсеріп-ақ тастағың келер.Бірақ табақ түбінде ет қалып қоятын шығар.Сен де астан кейін қолыңды жайып,баба батырларыңша бата жасарсың.Соларша ұзақ толғауға тырысарсың.Сен де шарт жүгініп алып,баба батырларыңның рухына білген аятыңды бағыштарсың.Даусыңды да соларша әуездетіп-ақ созарсың.Сен де ұлыңды жаныңа ертіп алып,келіншегіңнен ұрыс естіп,үйді аткөпір қылып жүрер ме екенсің..."

Осы кезде сырттан баба батырлардың даусы естіледі.Қылыш қылышқа тиіп шақ-шұқ етеді.Болат найзаның ұшы қалқанға тиіп барып тайқиды.Баба батырлар азаттық үшін жан алысып,жан берісіп жатады.
Жоқ! Бұл түнгі қаланың қараңғылығын маңдай шамдары тілгілеген XXI ғасырдың жеңіл көліктерінің даусы екен...
Терезеден ай сығалайды.Бүгінгі ұрпағы бар болмысымен қарыздар баба батырлардың мәңгі сөнбейтін рухы секілді осы заманның жиһаздары қатар-қатар орналасқан бөлмеге жарығын себезгілейді де тұрады.

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Сагинтай

15 августа 2016 07:45

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes